Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ТАҚЫРЫП 2. ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКАНЫҢ МӘНІ МЕН ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ




1. Әміршіл-әкімшіл экономиканың нарықтық экономикаға ауысу мәселелері мен нәтижелері.

2. ҚР өтпелі экономикасын мемлекеттік реттеу.

3. ҚР экономикасын реформалау кезеңдері.

 

 

1. Әміршіл-әкімшіл экономиканың нарықтық экономикаға ауысу мәселелері мен нәтижелері

Өтпелі кезеңдегі мемлекеттің экономикалық функциялар мен оны әміршілік экономиканың, нарықтық экономикаға көшу процесін реттеу арқылы трансформацияланады.

Трансформация және конвергенция - бұл мемлекеттік реттеудің қалыптасу процесінің мазмұны. Егер біріншісі, өзінің мемлекеттік реттеуден, өтпелі экономикаға жат, жалпы мемлекеттік орталықтан жоспарлаудан шығуын білдірсе, екіншісі өтпелі кезеңде обьективті түрде болатын әдістердің үйлесуі болып табылады. Аталмыш трансформация неғұрлым жылдамырақ жүзеге асса, соғұрлым әкімшілік-әміршілдік экономика нарықтық экономикаға табысты түрде трансформацияланады.

Екіншіден, күші мен әсері нарық пен оның инфрақұрылымына тікелей пропорцианалды болатын нарықтық сипаттағы тұрақты әрекет ететін импульстер. Аталмыш импульстер нарықтық реформалар саясатының белсенділігін арттыратын, нарықтық реттеу мен мемлекеттік реттеудің тұрақты өзара әрекет етуіне біртіндеп интеграциялады.

Мемлекеттің әміршілдік-әкімшілік функциялары нарыққа жақындаған сайын біртіндеп азаяды, бірақ әлі көп уақыт бойы оның әсері тоқтамайды. Социалистік мемлекет мәжбүрлі түрде нарықтық реформалардың инициаторы, іске асырушысы болады, бұл өтпелі экономиканың терең қайшылығы болып табылады.

Сонымен, мемлекет функциялары көшпелі кезеңде мынадай статистикалық және динамикалық сипаттамаларға ие, олар құрылымы бойынша үш құраушы блоктың күрделі функцияларынан тұрады.

- Әкімшілік экономика жағдайларындағы мемлекет функцияларының блогы (Ғ1),

- Бұрыңғыдан бас тарту және жаңа құқықтық база мен нарықтық ортаны құрумен байланысты функциялар блогы (Ғ2),

- Нарықтық экономиканы реттеудің функциялар блогы(Ғ3).

Ғ өтпелі кезеңнің =Ғ1+Ғ2+Ғ3

Біз мемлекет функцияларының өтпелі кезеңде қысқарып қана қоймай, керісінше ұлғаятынын және күрделетінін көріп отырмыз. Мемлекет мәселелерді әміршілдік–жоспарлық шешуден біртіндеп бас тартып, мемлекеттік функцияларды трансформациялау арқылы жүзеге асырады.

Үкімет нарықтық қайта құрулардың инициаторы бола отырып, өз іс-әрекеттерімен аталмыш процесті жылдамдатып немесе бәсеңдетеді.Осы жерде төрешілдік дәрежесі, үкіметтің әкімдік дәрежесі, нарықты құруға қызығушылық дәрежесі, реформаларға қарсы тұру және билік монополизациясының дәрежесі сияқты факторларды қамтитын трансформация мультипликаторы (Мт)ретіндегі үкіметтің ролін көруге болады.

Биліктің монополизация дәрежесі+Реформаларға қарсы тұрушылықтың дәрежесі

Төрешілдік дәрежесі

Мт=Өкілеттілік+үкіметтің қызығушылық дәрежесі.

 

2. ҚР өтпелі экономикасын мемлекеттік реттеу

Мемлекеттік реттеудің қалыптасуы - көп, ұзақ мерзімді де жүйелі процесс. Қазақстан Конституциясының заң нормалары оның негізін қалайды. Кейіннен, мемлекеттік реттеу мақсаттарының ішкі жүйесі құрылады. Олар - макродеңгейде нарықтық қайта құрулардың жылдамдатылуы; ұлттық валюта мен қаржының тұрақтануы; қарқынды инфляция және ақша реформасы; салық кодексін дайындау; халықтың нарықтық санасы мен нарықтық мінез-құлқын қалыптастыру; трансформациялық құлдыраудан шығу, жандану, өрлеу және экономикалық тұрақтануға көшу.

Микродеңгейде: орта және ірі мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруді жылдамдату, олардың жекешелендіруден кейінгі тиімділігін арттыру; кәсіпкерлікті және әсіресе шағын бизнесті мемлекеттік ынталандыру; экономикадағы реформалау, жергілікті әкімшілік және жергілікті басқару органдарының белсенділігін арттыру; еңбек ұжымдарының әлеуметтік қорғанысын күшейту.

Ғаламдық деңгейде: экспорттық потенциалды кеңейту; ұлттық тауар өндірушіні қорғау; сыртқы сауда айналымы өсімінің тұрақты өсімі және сыртқы сауданың белсенді сальдосы; теңгенің еркін қалқымалылығы; ұлттық экономиканы әлемдік нарыққа толық ауқымда енгізу.

Нарыққа көшу кезеңінде нарықтық реттеуіштер, бизнесмендер өздігінен қысқа мерзімді кезеңде қажетті құрылымдар құруға қабілетсіз. Сондықтан экономикалық әдістер көмегімен тиімді өндіріс құрылымын құруды басқару қажет.

Мемлек

еттің экономикаға ықпал етуінің негізгі бағыттары.

 

 

Кесте

Бюджеттік саясат Салық саясаты; өзге бюджеттік түсімдер саясаты; мемлекеттік шығындар саясаты; әлеуметтік қамтамасыз ету саясаты.
Ақша- несие саясаты Ақша массасының басымдылығы мен айналысын реттеу; несиені тиімді бөлу; қаржылық нарық құрылымын қалыптастыру және дамыту.
Баға саясаты Бағалар динамикасын реттеу.
Әлеуметтік саясат Нашар тұратын халық топтарын әлеуметтік қорғау, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту саясаты, қоршаған ортаны қорғау.
Кірістер саясаты Кірістерді, халықтың еңбекақысын реттеу.  
Сыртқы экономикалық саясат Валюталық реттеу; шетел инвестицияларын тарту саясаты; сыртқы зайымдарды пайдалану саясаты; кедендік саясат.
Жекешелендіру саясаты Мемлекеттік меншікті қайта құру.
Кәсіпкерлікті дамыту Нарықтық инфрақұрылымды дамыту; кәсіпкерлік қызметті ынталандыру.
Монополияға қарсы саясат Өндірісті демонополизациялау.
Құрылымдық инвестициялық саясат Ғылыми-техникалық саясат, құрылымдық саясат, инвестициялық саясат, амортизациялық саясат.
Аймақтық саясат Аймақтардың дамуын теңестіру саясаты; ЕАЗ құру саясаты; экологиялық зардап шеккен аймақтарды қолдау саясаты.
Жоспарлау мен жобалау саясаты Республиканың әлеуметтік- экономикалық дамуының индикативтік, стратегиялық жоспарлау саясаты.

 

Трансформациялық экономиканы мемлекеттік реттеудегі құлдырау мәселелері:

Біріншіден, осы реттеудің шығындары үкіметтің шығындары үкіметтің шешім қабылдаудағы қателіктерімен байланысты. Бұл, ең алдымен анықтаудың өте қиындығы: себебі орындау тәртібінің нашарлығы, жеткіліксіздігі мен оның дұрыс жеткізілмеуі.

Екіншіден, реттеу шығындары – салық жүйесінің қызмет етуімен байланысты. Салықтар мемлекеттік машинаны қозғалысқа келтіретін өзіндік «жанармай» ролін атқарады. Жеткіліксіз, әсіресе, аса зор салық салу, ең алдымен бағалық белгі арқылы нарық жұмысының жағымсыз зардаптарына әкеледі: тауарлар тапшылығы, өндірістік тауар қорларының шамадан тыс жинақталуы; инфляция, көлеңкелі экономиканың дамуы және нашарлығы.

Үшіншіден, кейде мемлекеттік реттеу мақсаттарына қайшы келетін биліктерді, құралдарды көптеген тұлғалар пайдасына қарсы аз тұлғалар шеңберінің мүдделері үшін пайдалануға әкеледі.

Бұл жерде әміршілдік- экономиканың нарықтық экономикаға трансформацияланудағы шығындарын айтуға болады. Осы мәселелердің пайда болуының болжанбауы мен жасырындығы оларды өте күрделі мәселеге айналдырады. Олардың ішінде жалпылағанда мыналарды алуға болады:

1.Салық салу жүйелерінің шығындары;

2.Экономикалық дағдарыстың тереңдеуі;

3. Әлеуметтік тұрақсыздықтың күшеюі;

4. Аномия мәселесі және «болжанбаған зардаптар» әсерінің күшеюі.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных