Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Саяси іскерлік цикл




 

ХХ ғ. ортасына қарай рационалды таңдау теориясы деген жалпы атаумен белгілі ауқымды ілімдер негіздері қаланды. Қоғамдық таңдау теориясының негізін салушылар Нобель сыйлығының лауреаттары американдық экономистер Дж. Бьюкенен және К.Эрроу болды. Қоғамдық таңдау теориясы экономика мен экономикалық саясаттың саяси, құқықтық, психологиялық факторлармен өзара байланысын қарастырып, осыған байланысты мемлекеттік апаратқа, оның сапасы мен іс- әрекетіне назар аударды.

Қоғамдық таңдау теориясын жақтаушылар көзқарасы тұрғысынан обьективті және субъективті себептер туындайды. Осыларға байланысты мемлекеттік шенеуніктер өздеріне қоғам жүктеген міндеттерді атқаруға қабілетсіз болып табылады.

Обьективті себептерге, мемлекеттік аппарат іс-әрекетімен тікелей байланысты емес себептерді жатқызуға болады. Бұл жайлар үкімет түрлі қоғам топтарының мүдделері жайлы келіп түскен ақпаратқа күмәндана отырып, дұрыс шешім қабылдамағанда болады. Осындай себептерге, мысалы, шығындарды және «ұсынылатын» жобаны жүзеге асырудан түскен пайданы дұрыс бөлмеу байқалатын лоббирлеуді жатқызуға болады.

Субъективті себептерге, үкіметтен тәуелді болатын себептер жатқызылады. Ол қоғам мүдделеріне қайшылық тудыратын шешімдер қабылдайды, бұл ақпараттың жеткіліксіздігінен емес, мүдделерін басшылыққа алудан туындайды. Біріншіден, бұл өздерінің жеке пайдаларын молайтуға тырысатын, экономикалық рационалды адамдар ретіндегі шенеуніктердің жеке қызығушылықтарымен байланысты. Екіншіден, бұл қайта сайланып, билік басында қалу басты мақсаттары болып табылатын, мамандар ретіндегі шенеуніктердің қызығушылықтарымен байланысты.

Қоғамдық таңдау, қоғамдық келісім сияқты, еркіндікті болжайды, бірақ шексіз емес. Бұл жерде біз таңдау еркіндігі жайлы сөз қозғап отырмыз(сатып алушы тауар таңдайды, инвестор – капитал салу обьектілерін таңдайды).Таңдау еркіндігі бұл экономикалық адамды сайлаушыға айналдыратын демократияның негізгі тақырыбы. Заң шығарушылар үшін таңдау еркіндігі бір шешімді қалаудан тұрады, шенеуніктер үшін – бұл қабылданған шешімдерді жүзеге асыру әдістері мен құралдарын таңдау.

Бьюкеннің пікірінше, саясаттың міндеті іс-әрекет ережелері мен субъектінің алатын мандатын анықтаудан тұрады. Саясат – бұл субъектілер мен мемлекеттің байланыс жасау саласы.

Саяси қатынастар жүйесіндегі экономистердің ролі қандай дегенге келсек, экономистер ең алдымен жалпы шешім қабылдау құрылымын және мемлекеттік қаржылар саласындағы шешім қабылдау құрылымын таңдауға міндетті. Таңдау теориясындағы талдаудың негізгі алғышарттары:

- әдістемелік индивидуализм;

- экономикалық адам;

- саясатты айырбас процесі ретінде түсіну.

Нарықтық қатынастар принципін саяси арнада байқауға болады. Әрбір дара тұлға саяси жүйені өзінің жеке мақсаттарының ұжымдық қорғанысы ретінде қарастырады. «Егер экономикалық нарықта тұлғалар апельсин немесе алмалармен алмасса, онда саясатта,олар, өздерінің шығындарға қатысу үлесін барлығына қажетті қызметтерге өз еріктерімен айырбастайды: жергілікті өрт сөндіру топтарының көмегінен бастап, соттық қызметтерге дейін» (Дж. Бьюкенен).

Мемлекет саясатында іштей ұжымдық іс - әрекетке тән мәжбүрлеу элементі болады. Оны мемлекет пен тұлға арасындағы саяси айырбастың еріктілігімен қалай ұштастыруға болады деген сұрақ туындайды. Жауап мынадай: тұлға, егер өзінің мақсатына жетуге көмектессе ғана ұжымдық мәжбүрлеуге шыдауға келіседі. Осылайша талқылай отырып, біз әдетте экономикалық тұлғаны қарастырамыз, бірақ «экономикалық емес» адамдар да болады. Бьюкеннің пікірінше, олар көп және экономикалық адамдардың жанында өмір сүреді, нарықтық қатынастардың қатаңдығын бәсеңдетушілік ықпалын тигізеді.

Бьюкенен өзінің тәсілдемесі басқалармен сәйкес келмейтін бағыттарды нақтылайды. Олардың ішінде мыналарды айтуға болады:

- мемлекеттің шешімімен келіспеу;

- мемлекет қоғамдық қызығушылықтарды ескере отырып, шешім қабылдайды деген ереже;

- мемлекетті нарықтық шаруашылық кемшіліктерін автоматты түрде түзететін механизмге теңестіру.

 

Өзін - өзі тексеруге және қайталауға арналған тестілік сұрақтар:

1. Төменде келтірілгендердің қайсысы дұрыс емес:

а) Экспоненттің «күшейтуші» ойы электоралды кезеңді ғана қамти отырып әрекет етеді;

б) Экспоненттің «күшейтуші» ойының экономикалық саясатқа ықпалы ұзақ мерзімді дисконттаушы факторға қарағанда өзге болып табылады;

в) дисконттаушы фактор ұлғаймалы күшпен кезеңнің басынан бастап әрекет етеді, ал «күшейтуші» фактор кемімелі күшпен әрекет етеді;

г) ой «жойылады», және сайлау болғанда барлығы қайтадан қайталанады;

д) жауаптардың барлығы дұрыс емес.

 

2. Субъектінің өзінің иерархиялық мәртебесін пайдалану арқылы пайда табуы – бұл:

а) әкімшілік рента;

б) жер рентасы;

в) таза пайда;

г) инвестициялық табыс;

д) жауаптардың барлығы дұрыс емес.

 

3. Мемлекеттік органдардың құқықтық және әкімшілік іс - әрекетіне ұйымдасқан түрде ықпал ету жолымен түрлі азаматтар тобының мүдделерін жүзеге асыру жүйесі мен тәжірибесі – бұл:

а) бюрократия;

б) демократия;

в) лоббизм;

г) жауаптардың барлығы дұрыс;

д) жауаптардың барлығы дұрыс емес.

4. Төменде келтірілгендердің қайсысы дұрыс емес:

а) саяси іскерлік цикл теориясының негізін қалаушы У. Нордхаус;

б) экономикалық ауыспалылар ретінде У. Нордхаус инфляция мен жұмыссыздық деңгейін қарастырған;

в) жалпылма дауыс беру қызметі осы сәттегі инфляция мен жұмыссыздық деңгейін бейнелейді;

г) рационалды адам – бұл әрекет етуші адам;

д) «ой» кезекті сайлауды өткізу кезеңінде күшейе түседі.

 

5. Қоғамдық таңдау теориясының негізін қалаушы:

а) Дж. Бьюкенен, К. Эрроу;

б) Р.Нурксе, Дж. Кейнс;

в) К. Маркс, Ф. Энгельс;

г) К. Эрроу, Б. Олин.

д) М. Фридмен, Дж. Бьюкенен.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных