Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ақша - несие саясатының мақсаттары мен құралдары




 

Ұлттық (Орталық) банк ақша-несие саясатын жүзеге асыруда монополиялық жағдайға ие болады.

Ол эмиссиялық банкноттардан басқа, елдің алтын – валюталық резервтерін, коммерциялық банктердің резервтерін сақтап, банкаралық есеп-айырысу орталығы ретінде қатысып, коммерциялық банктерге несие береді және үкіметтің қаржылық агенті болып табылады, халықаралық капитал нарығында сатушы және сатып алушы болып қатысады.

Сәйкесінше, мақсатты бағытталушылыққа байланысты ақша-несие саясатының (АНС-ның) келесі түрлері туындайды:

1. Ақша-несие саясаты құралдарының көмегімен ақша массасын белгілі деңгейде ұстап тұруға бағытталған қатаң АНС;

2. Белгілі деңгейде пайыз ставкасын ұстап тұруға бағытталған иілмелі ақша-несие саясаты;

3. Инфляция индексін белгілі деңгейде ұстап тұруға бағытталған инфляциялық-ауытқымалы ақша-несие саясаты;

4. Ақша – несие экспансиясы – бұл елдегі ақша массасын кеңейтуге бағытталған ақша-несие саясаты;

5. Ақша – несие рестрикциясы - бұл елдегі ақша массасын азайтуға арналған ақша-несие саясаты.

Осылайша, ақша-несие саясатының нұсқаларын таңдау ақшаға сұраныстың өзгеруіне тәуелді болады, сәйкесінше, егер ақша өсімі инфляциямен байланысты болса, онда қатаң ақша-несие саясатын қолданған жөн.

Ақша-несие саясаты аралық мақсатты бағдарлар мен соңғы мақсаттарға ие болады. Бірінші мақсатқа мыналарды жатқызуға болады: ақша массасы, пайыз ставкасы, айырбас курсы; екіншісіне экономикалық өсім, бағалардың тұрақтылығы, толық жұмысбастылық және тұрақты төлем балансы жатады.

Әлемнің барлық банктерінде АНС-ның негізгі құралы – елдің Орталық банкінде пайызсыз салымдар түрінде сақталуға тиісті коммерциялық банктердің міндетті резервтері болып табылады. Пайыздардағы міндетті резервтер нормасы депозит көлемінен тәуелді болады.

Міндетті резервтер салымдарды сақтандыру қызметін атқарып қана қоймай, бақылау және реттеу қызметтерін де жүзеге асырады.

Міндетті резервтердің жоғарғы нормалары коммерциялық банктердің ақша мультипликаторын пайдалану мүмккіндігін азайтып, ақша массасының қысқаруына әкеледі.

Ақша-несие саясатының келесі құралы – Орталық банк коммерциялық банктерге несие беретін есептік ставканың өзгеруі. Есептік ставканың өзгеруі коммерциялық банктердің ссудаларды беруінің не қысқаруына не артуына әкеледі.

Ақшалай реттеу құралы ретіндегі ашық нарықтағы операциялар Орталық банктің коммерциялық банктерден мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алу – сатуын білдіреді. Бұл осы банктің резервтік шотындағы сомаларды ұлғайтып, қосымша ақшалардың келіп түсуіне әкеледі де, ақша массасының көбею процесі басталады.

Осылайша, ашық нарықтағы операциялар көмегімен ақша массасына ықпал ете отырып, Орталық банк экономикадағы ақша массасының көлемін реттейді. Осы операцияларды Орталық банк белгілі уақыттан кейін неғұрлым жоғары бағамен кері сатып алу (РЕПО) жайлы келісім формасында жүзеге асырады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных