Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жалпы сыртқы қарыздың есебі мен оны талдау




 

Қазақстан Республикасының үкіметтік қарызын өтеу мен оған қызмет көрсету, ұйымдастырылған құнды қағаздар нарығында ҚР Қаржы Министрлігімен шығарылған мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алу ҚР Ұлттық Банкі арқылы ҚР Қаржы Министрлігімен Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы Заңында қарастырылған қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.

ҚР Ұлттық Банкінің қарызын өтеу және оған қызмет көрсету, ұйымдастырылған құнды қағаздар нарығында онымен шығарылған мемлекеттік эмиссиялық құнды қағаздарды сатып алу ҚР Ұлттық Банкімен оның иелігіндегі активтер есебінен жүзеге асырылады.

Барлық мемлекеттік қарыздар ҚР Үкіметімен бекітілген тәртіпте ҚР Қаржы Министрлігінде тіркеліп, онда есепке алынады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызын есепке алу үшін ҚР Ұлттық банкі мен жергілікті атқарушы органдар келісілген тәртіпте ҚР Қаржы Министрлігіне өз қарыздарын алу, оған қызмет көрсету және өтеу шарттары туралы ақпарат ұсынады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР рсепубликалық бюджетінің қаражаттарымен қамтамасыз етілетін үкіметтік қарызды өтеу мен оған қызмет көрсету бойынша міндетті болып табылады.
ҚР Ұлттық Банкі оның иелігіндегі барлық активтермен қамтамасыз етілетін қарызды өтеу мен оған қызмет көрсету бойынша жауапты болып табылады.

Мемлекеттік қарыз кредитордың негізгі қарыз сомасын қайтарып, қарызға қызмет көрсету бойынша төлемдерді толық көлемде өтеу барысында ғана өтелген болып есептеледі.

3. Мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы

 

Елдің жалпы сыртқы қарызының мәселесі неғұрлым өщекті болып табылады. Әлемдік тәжірибе дамыған және дамушы экономикасы бар елдердің сыртқы қарызын бөліп қарастырады. Осылайша, индустриалды-дамыған елдердің борыштық дағдарысы тікелей несие алумен байланысты емес. Осындай елдердің сыртқы қарыздарының өсу себебі мыналар болуы мүмкін: капитал ағындары қозғалысындағы өзгеріс. Дамушы елдердің борыштық дағдарысы ИДЕ сыртқы қарызынан айрықшаланады. Мұнда негізгі қарыз сомасын сыртқы қарыздар құрайды. Аталмыш мәселе күрделі болып табылады, себебі сыртқы қарыз мемлекеттің тікелей қарызы бола отырып, елдің экономикалық тәуелсіздігіне кері ықпал етуі мүмкін. Осыған байланысты елдің жалпы сыртқы қарызының динамикасын есепке алып, талдау қажеттігі туындайды. Несиелік келісімдерге отыру барысындағы негізгі мәселе – дефолттың туындау ықтималдығы яғни сыртқы берешекті өтеудегі қиындықтар.

Кәсіпорындар негізгі қарыз бен сыйақылардың есебіне қатаң есептеу әдісі бойынша жүргізеді. Осыған байланысты есептеу әдісін қолданатын елдердің көпшілігі қызмет көрсетуді бағалауға қысқа мерзімді қарызды өтеу мен қызмет көрсетуді енгізбейді. Жалпы сыртқы қарызды анықтау барысында абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштерді қолданған жөн.

Абсолютті көрсеткіштер:

- Жалпы сыртқы қарыз сомасы;

- Жалпы сыртқы қарыз көлемі;

- Фирмааралық берешекті алып тастағандағы жалпы сыртқы қарыз көлемі;

- Қарызды өтеу мен оған қызмет көрсету бойынша жалпы есептелген төлемдер.

Сыртқы қарыздың салыстырмалы көрсеткіштері сыртқы қарызды төлеумен байланысты потенциалды тәуекелдің индикаторы ретінде қызмет етеді, және елдің төлемқабілеттігі мен өтімділігін бағалайды, осылайша, қарызды басқару бойынша тиімді саясатты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қарыздың артуының негізгі себептері:

a) Соғыс уақытында немесе өзге де әлеуметтік дағдарыстар уақытында мемлекеттік шығындардың артуы;

b) Экономиканың циклдық құлдыраулары;

c) Экономиканы ынталандыру мақсатында салықтың қысқаруы.

d) Төмендегілердің нәтижесінде бюджет-салық саласындағы ұзақ мерзімді қысымның күшеюі:

§ әлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтауға мемлекеттік шығындардың артуы;

§ білім беру мен жаңа жұмыс орындарын ашуға мемлекеттік шығындардың артуы.

Мемлекеттік қарызды басқару теориясы тар және кең мағынада қарастырыла алады. Кең мағынадағы мемлекеттік қарызды басқару – қарыз алушы, қарыз беруші және гарант ретіндегі мемлекеттің іс-әрекетімен байланысты мемлекеттің қаржы саясаты бағыттарының бірінің қалыптасуы. Аталмыш бағыт бюджеттік тапшылықтың жалпы көлемін, сәйкесінше, қарыз көлемдерін анықтайды.

Тар мағынадағы мемлекеттік қарызды басқару – мемлекеттің борыштық міндеттемелерін шығару мен орналастырукға дайындалу, мемлекеттік құнды қағаздар нарығын реттеу, мемлекеттік қарызды өтеу және оған қызмет көрсету, ссудалар мен кепілдіктерді берумен байланысты әрекеттер жиынтығы.

Мемлекеттік қарызды басқару процесіндебелгілі мәселелер шешіледі.

Мемлекеттік қарыздың тиімді құрылымы қарыз алу, қызмет көрсету және қарызды өтеу процестерімен байланысты шығындарды төмендетуге ықпал етуі керек. Әлемдік тәжірибеде мемлекеттік қарыз құрылымындағы сыртқы және ішкі қарыздың ара-қатынасына қатысты нақты тәжірибелік ұсыныстар жоқ. Әрбір құрылым үшін аталмыш ара-қатынас жеке түрде, конъюнктура ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады.

Мемлекеттік қарызды басқару стратегиясын қалыптастыру негізінде келесі тәсілдемелер орын алуы тиіс:

- қарыздар мемлекеттің қаржы-инвестициялық жүйесінің тұтастай буынын білдіруі керек;

- бюджеттік процестің маңызды құраушы бөлігі ретіндегі кешенді-құрылымдық қаржылық жоспар өңделуі керек;

- қарыз ресурстарын тарту және оған қызмет көрсетумен байланысты шығындар қарыз қаражаттары есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске қосу нәтижелері бойынша алынған нақты әсермен үйлесуі тиіс;

- қарыз қаражаттарын тарту экономиканы қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылуы керек;

- валюталық және теңгелік қарыздар тартылатын іс-әрекет түрлерінің тізімін шектеу керек.

Сонымен, мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы мемлекеттің борыштық міндеттемелеріне қызмет көрсету мен оны өтеуді оптимизациялау бойынша шаралар мен механизмдер кешенін білдіруі керек.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных