Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Экономиканы зерттеудегі макроэкономикалық тәсілдеменің ерекшеліктері




Макроэкономика - жалпы ұлттық шаруашылық деңгейінде экономиканың негізгі мәселелерін зерттейтін жалпы экономикалық теорияның бөлімі. "Макроэкономика" термині айналымға таяуда ғана енгізілген, бірақ макроэкономикалық талдау экономикалық ғылыммен бірге пайда болды десе де болады.Негізінен Францияның экономисті Ф.Кенэнің «экономикалық кестесінде» шаруашылық өмірдің макроэкономикалық моделі ұсынылған. Макроэкономикалық талдау элементтері, сондай-ақ, ағылшын классикалық саяси экономия өкілдерінде де кездеседі. Макроэкономикалық тәсілдемені К.Маркс өз теориясында кеңінен қолданған. Тек неоклассиктер ғана өздерінің әдістемелік индивидуализмімен микроэкономикалық талдауға өз көзқарастарын енгізді.

ХХғ. зерттеудің микроэкономикалық бағытының дамуына Дж.Кейнс зор үлес қосты. 1936 ж. Дж.Кейнстің «Жұмыспен қамтылудың, пайыз бен ақшаның жалпы теориясы» атты кітабы шыққаннан кейін макроэкономика дербес ғылыми пән ретінде қалыптасты.Онда автор экономикалық ғылым үшін жаңа түсініктер мен категориялардың толық бір жүйесін өңдеп, оларды функционалды макроэкономикалық талдау құралдары ретінде пайдаланды. Оларды қазіргі уақытта экономикалық теория мектептері мен бағыттардың барлық барлық ғалымдары пайдаланады.Кейнсиандық теорияның белсенді оппоненттерінің бірі қазіргі монетаризмнің басшысы М.Фридменнің өзі бүгінгі күні барлық экономистер кейнсиандықтар болып табылады деуінің өзі Дж.Кейнс еңбектерінің арқасында өздерінің сауатты экономистерге айналғанын мойындайды.

Микроэкономика курсындағы зерттеу мәселесіне экономикалық өмірдің қарапайым нақтылықтарын жатқызуға болады: жекелеген тұтынушылар, үй шаруашылықтары, өндіруші – фирмалар. Талдау объектісі - белгілі тауар нарықтары, оларға деген сұраныс пен ұсыныс, тұтыну тауарлары және қызметтер нарығымен өзара әрекеттесетін ресурс нарықтары.

Макроэкономика жалпы экономикалық процестерді, яғни нарықтағы барлық экономикалық қатынастар субъектілерінің іс-әрекеттерін, жағдайлары мен нәтижелерін зерттейді.Олардың арасындағы тепе-теңдікті қолдау үшін мемлекет деп аталатын ерекше субъект қажет.

Макроэкономика шаруашылық құбылыстарының өзара жиынтықтарын қарастырады. Бірақ экономикалық қатынастарға қатысушылардың іс-әрекеттерінің нәтижесінде жалпы жүйе мен оның жекелеген агенттері үшін арасында теріс нәтижелер пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда экономикалық қатынастарға мемлекеттің араласуы, оларды белгілі түрде түзету керек. Шаруашылық қатынастарды тұрақтандыру мен дамытуға бағытталған үкімет әрекеттері экономикалық саясат деп аталады.

Мемлекет ұлттық нарықта «ойын тәртіптерін» орнатады: салық саясатын, тарифтік ставкаларды, квота, дотацияларды, сондай-ақ экономикалық қатынастардың субъектілері әрекет ететін заңдарды анықтайды. Мемлекет, үкімет тұлғасында, нарық субъектілерінің бірі болып қатысады, яғни ұлттық мүдделерді қорғайтын белсенді әрекет етуші жақ.

Мемлекет түрлі ұйымдар тұлғасында азаматтарды өз тарапынан зейнетақы, жәрдемақы, стипендия, ақысыз медициналық көмек түрінде әлеуметтік қщзғаныспен қамтамасыз ете отырып, салықтар арқылы үй шаруашылықтармен өзара әрекеттеседі.

Фирмалар үкіметке төленетін салықтар арқылы мемлекет тарапынан алынатын дотациялармен, түрлі жобаларды инвестициялаумен және орталық қаржы жүйесінен берілетін несиелермен теңестіріледі. Салықтар жинау арқылы мемлекет қоғамдық игіліктерді өндіруді жүзеге асырады. Соңғысы, кәсіпкерлік секторда өндірілетін игіліктерге қарағанда, тұтынушыларға «ақысыз» беріледі, яғни әрбір тұтынылатын игілік бірлігіне ақы төлеусіз. Мемлекет қоғамдық игіліктерді өндіруші ретінде кәсіпкерлік сектор мен үй шаруашылықтарының өнімділігін арттыруға жағдай жасайды.

Макроэкономикалық жүйеде мемлекет тағы бір маңызды функция атқарады – ол үй шаруашылықтарының, фирмалар мен мемлекеттің керегін қанағаттандыру үшін қажетті ақшалар қорын құру.

Мемлекеттің үй шаруашылықтары және фирмалармен өзара байланысын игіліктер нарығы мен өндіріс факторларының нарығы арқылы жүзеге асылады. Игіліктер нарығында мемлекеттік құрылымдар негізінен бюджеттік түсімдерді төлей отырып, инвестициялық тауарларды сатып алады. Өндіріс факторларының нарығынан мемлекет еңбекақы түрінде ақша қаражаттарының кері қозғалысын қамтамасыз ете отырып, жұмысшы күшін алады.

1960 жылдың ортасына дейін барлық макроэкономика Дж.Кейнс және оны жақтаушылар Дж.Хиксом, А.Хансеном, П.Самуэльсон сияқты тұжырымдалған идеялар шегінде дамыды. Алайда 70 ж.ж басынан бастап Кейнстік теорияның негізгі постулаттарына қатысты экономистер арасында бірлік бұзылды. М.Фридмен басқарған «монетаристік контрреволюция» кейнсиандыққа сыни пікір білдірді. Дж. Кейнс пен неокейнсиандықтар көзқарастарына сын білдірген экономикалық ойдың басқа да мектептері кейіннен көзге түсті. Бүгінгі күні макроэкономикалық ғылым неғұрлым экономикалық пікір – талас саласы болып отыр.

Сонымен қатар, макроэкономикалық талдаудың түрлі бағыттарының өкілдері арасындағы ғылыми пікір – таластар оның белсенді түрде дамып, жетілдірілуіне ықпал етті. Сондай-ақ осы дамудың негізінде микро және макроэкономикалық тәсілдемелер экономикалық талдауға жақындатылды. Осылайша, мысалы, тиімді сұранысты ынталандыру көмегімен шешуге болатын жұмысбастылық мәселесі кейнсиандық теорияның негізгі мәселесі болып табылады. Әрине, осы мәселе дәстүрлі түрде макроэкономикалық болып есептелген, алайда батыс экономистерінің соңғы еңбектерінде жұмысбастылық деңгейі тек жиынтық сұраныс негізінде ғана емес, сондай - ақ жекелеген жұмыскерлер мен кәсіпкерлер қабылдайтын дербес шешімдерді ескере отырып анықталады. Мұнда сондай – ақ, тауар нарығының жағдайы, еңбек нарығының ерекшелігі есепке алынады.

Макроэкономикалық талдаудың дамуы негізінде рационалды күтілістер түсінігі мен жұмыссыздықтың табиғи нормасының тұжырымдамасын пайдаланатын жаңа классикалық туды.Жақтаушылары бағалар жалпы жұмыссыздықтың өзгерістері арасында өзара байланыс негізінде жатқан механизм, микроэкономикалық қатынасты негіздеу үшін, микроэкономикалық белсендіруші оның іс - әрекет тұрғысынан туындайтын еңбекақы мен бағаларды жайлы шарттарда түсіндіру үшін - жаңа микроэкономика сияқты бағыттар пайда болды.

Осының барлығы экономикалық теорияның бөлігі ретінде шаруашылық іс - әрекетінің барлық аспектілерін қамти отырып, үздіксіз дамып отырғанын көрсетеді.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных