Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Экономиканың ұдайы өндірістік және салалық құрылымы




 

Кез келген экономикаға ұдайы өндіру циклы тән, өйткені әр экономикалық өнім біртіндеп жұмсалады, шығындалады, тұтынады да, айырбасты қажет етеді. Оның мерзімді қайта өндіруіне үлестіру, айырбас және тұтыну кезеңдері жатады. Осындай ұдайы өндіру (үдемелі) цикл- қайталанатын үдеріс. Ол ауытқу емес, сонымен, ол үнемі қайталанып отыратын процесс. Қайта өндіру үдерісі кез келген экономикалық жүйенің әрекеттер тәсілі, ал оны зерделеу- теориялық және қолданбалы экономиканың пәні. Демек, кез келген ұлттық экономиканың дамуы, оның әлемдік экономикадағы орны (экономикалық жүйесіндегі орны) тікелей қоғамдық өндірісінің құрылымына байланысты. Уақыттық тұрғыдан алғанда, ұлттық экономиканың құрылымы маңызды өзгерістерден өтеді. XX ғасырда нақты ЖІӨ бүкіл әлемде 18 есе өсті, ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі- 6 есе, үлесі 3 есе азайса да, ол 2000 жылғы дамыған елдерде ЖІӨ өндірістегі қаржылық және басқа да қызмет көрсетудің үлесі 43,3%, барлық елдерде- 42,5% құрады. Жеке елдер бойынша: АҚШ- 48,2%, Ұлыбританияда - 44,3%, Жапонияда - 39%. Өндірістің жеке салмақтарына сәйкес қоғамдық өндірістің нақты өзгерістері белгіленген. Осындай бөлудің негізінде саланың техникалық- экономикалық ерекшеліктері жатыр. Экономикалық жүйелердің дамуы экономика «сәулетінің» мұнан ары өзгеруімен, үйлесімділігімен, ақпараттық технологиялардың, бағдарламалық қызмет көрсетудің, телекоммуникацияның дамуымен байланысты. Осының бәрі экономиканың бөлімдік құрылымына үлкен өзгерістерді енгізеді. Бұлар экономиканың дәстүрлі 3 бөлімі: 1- шикізат өндірісі, ауыл және ағаш (орман) шаруашылығы, өндіру өнеркәсібі; 2 бөлімі: өңдеу өнеркәсібі, шикізаттан өнім шығару, құрылыс, көлік; 3 бөлімі: қызмет көрсету, ғылыми сала, инновациялық қызмет көрсету. Қазіргі заманда жаңа бөлімдер пайда болуына байланысты, өнімдер көбейіп, пайдасы да өсуде. Енді экономикада 5 бөлім бар. (Көлік, сақтандыру, қозғалмайтын мүлікпен операцияларды жүргізу, денсаулықты сақтау, білім беру, мемлекетті басқару, демалысты ұйымдастыру, ғылыми- зерттеу қызметі.)

 

2. Өнеркәсіптік саясаттың мәні. ҚР жаңа өнеркәсіптік саясатының мақсаттары мен басымдықтары.

Мемлекеттік өнеркәсіп саясаты жеке салалардың жетілдіру құралы емес, олардың біріңғай жүйесі. Бұл- заң шығарушы әкімшілік жүйе. Елдің қауіпсіздігі үшін, тұрақты әлеуметтік- экономикалық даму үшін, индустриалдық кешенді басқаруы бойынша мемлекеттік шешімдерді шығарып, шараларды қолданады. Кешенді мемлекеттік өнеркәсіп саясаты:

1. Экономиканың ағымдағы жетілдіруін, оның шұғыл, кідіртуге болмайтын мәселелерінің шешімін ұйғарады, экономикалық дамуды ынталандырады.

2. Отандық өндірушілердің бәсекестік қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Өнеркәсіп саясатының мақсаты мен маңызы ескірген индустриалдық кешендердің кең ауқымды инновациялық- құрылымдық өзгеруінің мәселелерін шешу, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жоспардың негізіне басымдықтардың 2 тобы кіреді: «мақсаттар басымдығы» - олар өнеркәсіп және экономикалық даму мәселелерінің сипатына байланысты; «құралдар басымдылығы» - мәселелердің шешу жолы мен тактикалық шаралар қолдану бірлігінде мақсатқа жету (қысқа мерзімдік дағдарысқа қарсы және ұзақ мерзімдік келешектерде).

Өнеркәсіп-экономикалық саясатты іске асырудың басты мәселесі - қайта өндірудің механизмін сақтау, ең алдымен кадрлық және ғылыми әлеуметінің, табиғи және қаржы ресурсының (қорының), өнеркәсіпті реттеудің мемлекеттік құралдар тапшылығының және т.б.

Мемлекеттік өнеркәсіп саясатының стратегиясы 3 негізгі бағытпен жүзеге асырылады:

- экономиканы инновациялық (жаңашылдық) жолға ауыстыру.

- өнеркәсіп секторында (бөлігінде) құрылымдық қайта құру.

- Құрылымдық-инновациялық жаңартулардың іске асыруда инвестициялардың нәтижелілігін көтеру.

Тұтастай алғанда, өнеркәсіп саясатының міндеті- өнеркәсіптің құрылымдық қайта құруында, келешектегі 5-10 жылдық орта мерзімді инвестициялау шешімдерінде. Осыған сәйкес, қайта құру құрылымдағы басымдық - жаңа экономиканы» қалыптастыруына берілу керек.

3. «Азық-түліктік қауіпсіздік» түсінігінің мазмұны

«Азық-түлік қауіпсіздігі» Әлемдік азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Рим декларациясында осылай тұжырымдалған:

1. ішкі нарықта азық- түлікке ұсыныстың жеткіліктігі, импортты қоса.

2. тиімді төлем қабілеттілігі бар сұраныс және азық- түлікті барабар («әділ») үлестіруі мен тұтынуы.

3. ұлттық азық- түлік жүйесінің тұрақтылығы, ішкі азық- түлік нарығында эндогендік және экзогендік құбылыстардың аз ғана әсері.

4. барлық әлеуметтік топтардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін ұлттық азық-түлік жүйесінің өнімді шығару, сақтау және тұтынуға қарай жылжуын қамтамасыз ету қабілеттілігі.

5. тауарлардың ассортиментіне қарай барлық әлеуметтік топтардың тұтыну теңдігі.

6. ұлттық азық-түлік жүйесінің экономикалық тәуелсіздігі, халықаралық нарықтың құбылуынан және сырттан әсер ететін саяси жағдайлардан байланыссыз.

7. маусымдық табиғи және т.б. жағдайлардың әсеріне қарамастан, ұлттық азық- түлік жүйесінің сенімділігі.

8. ұлттық азық-түлік жүйесінің тұрақтылығы, сенімділігі және кеңейтілген қайта өндіру режимінде барлық (азық- түлік, әлеуметтік, экологиялық және т.б.) бағыттарда даму қабілеттілігі.

Демек, ұлттық азық-түлік жүйесі немесе «азық-түлік шаруашылығы» дегеніміз, ол:

1. өндіріс салаларының, инфрақұрылым объектілерінің, агроөнеркәсіптік кешендер салаларының жиынтығы

2. азық-түлік нарығының субъектілері- өндірушілер мен тұтынушылар және сыртқы сауда қызметінің қатысушылары

3. өнімдерді өндіру, қайта өңдеу, сыртқы сауда, үлестіруі мен өткізу процестерін (үдерістерін) реттейтін экономикалық механизмдері

4. ауыл тұрғындарының тұрақты әлеуметтік жағдайларын қамтамасыз ететін механизмдер

Азық-түлік мәселелерінің ең күрделісі - азық-түлік тәуелсіздігі қағидаларының азық- түліктің баршаға қол жетерлігі қағидаларымен ұштасуы (ұлттық өндірушіні қолдау мақсатымен азық- түлік импортын шектеу шеңберінде). Осының барлығы - азық-түлік қауіпсіздігі қайшылықтарының толық емес тізімі. Ол қайшылықтар экономиканы мемлекеттік реттеу жолымен шешіледі. Аграрлық (жер) саясатының деңгейі 3 фактормен (мемлекеттік биліктің саяси еркі, бюджет мүмкіндігі, қоғамдық келісім) анықталады. Осы 3 фактордың (жайлардың) бірлескен әрекеті кейбір елдердің үкіметіне тұтынушылыр мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің мүдделеріне қайшы келетін (залал келтіретін) ұлттық аграрлық (жер) саясатын өткізуге құқық береді. Мысалы, Жапония БСҰ арнайы режимінің шеңберінде күріштің импортын (басқа жақтан әкелуін) шектеді, оның нәтижесінде күріштің бағасы әлемдік нарықтағы бағадан жоғары. ЕО кіретін елдердің талабы бойынша кешенді алымдар жүйесі қолдаудың ішкі саясатының ажыратылмайтын құрамды бөлігі болды - «көкшіл жәшіктер».

 

4. Қазақстанның жаңа өнеркәсіптік саясатының мақсаттары мен басымдықтары

Бәсекелестік қабілеттілігі бар өнімді өндіру мақсатымен 2003-2005жж. арналған индустриалдың-инновациялық стратегиясы әзірленді. Осындай даму стратегиясы мемлекет пен экономиканың жеке секторын ықтымақтастыруға бағытталған. Стратегияда экономиканың айқын бөлімдері көрсетілген. Келешек 15 жылда мұнай өндіруінің дамуына инвестициялар көлемі- 80 млд$ асады, ол ішкі және сыртқы нарықта көптеген қызметтер түріне сұраныс тудырады. Мұнай мен газдың өңдеуі полимер бұйымдарының 200 астам түрлерін шығаруға мүмкіндік береді. Ондай бұйымдар экономиканың барлық салаларында және тұрмыста пайдаланады. Қазақстанның металлургия өнеркәсібі Менделеев таблицасының 100 астам элементтерін пайдаланады. Қара және түсті металлургия салаларында олардың қосымша құны жоғары. Осыған байланысты, металлургияның маңызы өзекті. Қазақстан шикізатты (ет, сүт, тері) өңдеу бағасы болады. Ауыл шаруашылық техникасын, минералды тыңайтқыштарды, дәрі- дәрмектерді шығаратын заводтар салынады. Ғылыми- техникалық және өндірістік әлеуметтің дамуы- қазіргі заманға сай құрылыстардың пайда болуы (технопарктер, ғылыми орталықтар). Қазақстан Үкіметі қойылған мақсаттарға жету үшін Қазақстанның инвестициялық қорымен, Инновациялық қорымен, экспортты сақтандыру жөніндегі Корпорациясымен, маркетинг талдауының зерттеу орталығымен, Ғылым қорымен тығыз қызмет жасауда. Осының бәрі көп салалы кәсіпорындарды құруға мүмкіндік береді.

 

5. Ауылшаруашылық өндірушілерді қолдау бойынша мемлекеттік саясат

 

Қазақстанның АӨК көп салалы экономикасының қалыптасуы мен дамуы 4 кезеңге асырылды.

1 кезең (1991-1995жж)- қалыптасу - АӨК қайта құрылуымен сипатталады, сол кезде мемлекеттік жер меншігінің жекешеленуі басталды. Нәтижесінде, 1995жылдың аяғында 36.285 жуық жекеленген ауыл шаруашылық кәсіпкерлер пайда болды. Ал мемлекеттік меншікте тек 1.405 шаруашылық қалды. Жерді пайдаланудың теңгерме- қайта бөлу акциясының қорытындысында мемлекеттік бөлікте 2.925 мың га жер қалды, өйткені жеке меншік қожалықтарға уақытша және ұзақ мерзімді пайдалануға 28,9 млн. га жер берілді, ал ауыл шаруашылық кооперативтерге- 15,4 млн. га, ауыл шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдарға- 37 млн. га берілді. Осы жылдарда АӨК өңдеу, қамтамасыз ету және қызмет көрсету бойынша кәсіпорындардың (жекешелінуі) аяқталды. Ол акцияландыру жолымен өтті, осы кәсіпорындардың 50% акциялары жеңілдік берілген шартпен ауыл шаруашылық тауарларды өндірушілеріне сатылды. Сонымен, аграрлық реформаның (өзгерістің) бірінші кезең барысында ауыл шаруашылық экономикасының көп нысанды меншік түрі бар жаңа құрылымы пайда болды.

2 кезең- бейімделу (1995-1999) - ауыл шаруашылығы құлдырап кетті. Негізгі өндіріс қорлары жаңартылмады, ауылдан капитал мен жұмыс күшінің ағылып кетуі басталды, ауыл шаруашылық өндірісіне инвестициялар 0,4% дейін төмендеді, несиеге жол болмады. Бұл кезеңде айырбас басталды. Ішкі нарықты сақтау айқын жүйесінің жоқтығы арзан импорт тауарлардың көбейіп, аз ғана ұлттық тауарларды ығыстыруына әкеліп соқты. Ауылдың экономикалық жағдайы нашарлады. Талдау бойынша, егер 1990 жылы пайда түсетін, олжалы ауыл кәсіпорынның жеке салмағы 96,4%, ал залал шеккен (пайдасыздардың) жеке салмағы- 3,6% құрса, 1998 жылы осы көрсеткіштер сәйкес- 23,4% және 72,4% құрды. 1998 жылы Үкімет аграрлық секторды қаржылық сауықтандыру бойынша түбегейлі шараларды қолданды:

- тиімсіз шаруашылықтарды банкрот қылып, бюджетке қарыздардың мерзімін ұзартып және салық салуда жеңілдіктерді берді. 1995 жылдың 22 желтоқсанында ҚР Президентінің «Жер туралы» Жарлығы шықты. Оның нәтижесінде республикада 3,5 млн. жуық жер иеленушілері пайда болды. (қосалқы шаруашылық, бау- бақша салып, өсіру, саяжай құрылысын жүргізу үшін).

3 кезең- тұрақтану кезеңі (1999-2002) - ауыл шаруашылығының өндірісі өсуімен сипатталады, валдық өнім 28% өсті (1998 жылмен салыстырғанда). Ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасын іске асыру барысында отандық өндірушіні қолдау басталды. Ол екі санаттағы шаралардан тұрады: жалпы сипатты шаралар және арнайы. Жалпы сипатты шаралар- малдың қауіпті ауруларының диагностикасын, аурумен күрес жүргізуін, өсімдіктердің сортын анықтау, суаратын жерлердің жағдайын зерттеу, бидайдың сақтауын, ең тәуір тұқымдарды өсіруін, асыл тұқымды малды өсіруін қаржыландыру. Арнайы шаралар- тұрақты, берік тұрған шаруашылықтарды қолдап, қаржыландыру, мемлекеттік қорға бидай сатып алу, несиелендіру, ауыл шаруашылық лизинг, көктемде даладағы және күзде өнім жинау кезінде қаржылық көмек көрсету және т.б. ҚР «Бидай туралы», «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы», «Тұқымдарды өсіру туралы» Заңдар қабылданды.

Мемлекеттік лизинг компаниясы «Казагрофиниш» ЖАҚ пайда болып, лизинг бойынша 817 трактор, 1.348 бидай жинайтын комбайн, 500 арақ алынып, ауылда қызмет көрсететін 332 МТС құрылды.

4 кезең- өсу кезеңі (2002 жылдан бастап),ел басшысы 2002- 2005 жж. ауыл жылдары деп жариялап, ауылдың дамуы басымдығын анықтады. Жер қатынастарын қайта құруының басты қорытындысы- ауыл шаруашылық жерлерге жеке меншікті енгізуі болды. Ол «Жер кодексіне» негізделген. Стратегияда ерекше назар ауыл шаруашылық өнімдерінің өңдеуіне, қайта өңдеуіне аударылған (техникалық базасының ескіріп, тозуын ескере отырып). 2003ж ауыл шаруашылығын қаржыландыруға- 40,5 млрд теңге (270 млн $ аса), 2004ж- 49,6 млрд т., ал 2005 жылы- 55,2 млрд т. жұмсалмақ болған. Осы шараларды жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 2003- 2006жж. 67,5 млрд теңге берілуі қарастырылған (450 млн $ жуық). Осыдан басқа, жергілікті бюджеттен және бюджеттен тыс көздерден қаржы алынады. Сонымен, өткен жылдармен салыстырсақ, Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамытуының мәселелерін шешіп, ауыл тұрғындарының әл- ауқатын көтеру үшін қаржы да, техникалық қорлар бар.

 

Өзін - өзі тексеруге және қайталауға арналған тестілік сұрақтар:

1. К. Кларктың экономиканың секторлы құрылымының моделі мынаны болжайды:

а) 4 сектор;

б) 3 сектор;

в) 2 сектор;

г) 5 сектор;

д) 6 сектор.

 

2. Д. Беллдің жіктемесі мынаны қамтиды:

а) 5 сектор;

б) 6 сектор;

в) 3 сектоа;

г) 2 сектор;

д) мұндай жіктеме жоқ.

 

3. Индустриалды кешен динамикасын басқару бойынша шаралар мен іс - әрекеттер жиынтығы – бұл:

а) индустриалдық саясат;

б) инновациялық саясат;

в) өнеркәсіптік саясат;

г) фискалдық саясат;

д) монетарлық саясат.

 

4. Төмендегілердің қайсысы сауда – саттықтық қауіпсіздік қағидаларына сәйкес келмейді:

а) импортты қосқанда ішкі нарықтағы жеткілікті азық – түліктік ұсыныс;

б) тиімді төлемқабілетті сұраныс және сауда –саттықты адекватты бөлу мен тұтыну;

в) ішкі азық – түлік нарығындағы жағдайға түрлі эндогенді және экзогенді ауытқулардың ықпалын азайтатын ұлттық азық – түлік жүйесінің тұрақтылығы;

г) импорттан төменгі тәуелділік;

д) агробизнесті субсидиялаудың төменгі деңгейі, бағалардың диспаритеті.

 

5. Төмендегілердің қйсысы дұрыс емес? ҚР-ның 2015 жылға дейінгі индустриалды – инновациялық даму стратегиясы:

а) жанама реттеу шараларының көмегімен мемлекеттің жеке сектормен белсенді қызмет етуіне бағытталған;

б) экономиканың басымды секторлары нақты анықталған;

в) үш кезеңде жүзеге асырылатын болады;

г) екінші кезең 2006-2011 жылдар;

д) бәсекеқабілетті өндірістерді құру және дамытуға бағытталған.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных