Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Көк киттің» көксегені не?

Соңғы уақытта «Көк кит» («Синий кит») дейтін қатерлі ойын туралы мәліметтер легі бірінен соң бірі тарап, көпшілікті дүрліктіріп жіберді. Ресейде пайда болған жасөспірімдерді суицидке итермелейтін ойынның өрті Қазақстан мен Қырғызстанды да шарпыды. Әлеуметтік желілерде «Көк киттің» құрбаны болған қазақстандықтар туралы жан түршігерлік ақпараттар өріп жүр. Кейбіреулер бұл ойынды әзіл ретінде қабылдаса, енді біреулердің көңіліне қорқыныш пен қызығушылық ұялады. Сонымен, «Көк киттің» көксегені не? Ол қайдан, қалай пайда болды? Ойынның шарты қандай? Осы сауалдарға жауап іздеп көрдік.
«Вконтакте», «Instagram» дейтін әлеуметтік желілерге бәріміз тіркелгенбіз. Ал бұл желілер «Көк кит» ойынының отауы. Осындай атаумен желіде көптеген топтар мен қауымдастықтар тіркелген. Топтың «Көк китғ тыныш үй» деп аталу себебі – көк киттер мұхиттың жағасына шығып қалу арқылы өлетін көрінеді. Соңғы уақытта жануарлардың осы түрі азайып бара жатыр. Ғалымдар көк киттердің бірқатары өздерін қайраңға атып жіберіп, жағалауда әдейі өлетінін анықтаған. Ал біраз зерттеушілер бұған мұхиттардың ластануы себеп деседі. Бір сөзбен айтқанда, көк киттер көп жағдайда суицид жасайды, өз-өздерін өлімге қияды. Ойынның белгісі ретінде киттерді таңдап алудың себебі осында болуы керек. Топтың негізгі философиясы – өмір теңізінен өз еркіңмен шығып кетуге итермелеу.

«Көк кит» ойының қайдан, қалай пайда болғаны туралы әр түрлі пікірлер айтылуда. Біреулер ойынды сатанистер ойлап тапты десе, енді біреулер психологиялық ауытқуға ұшыраған ресейліктің әлеуметтік желілерге таратқан «вирусы» дейді. Таяуда ресейлік Филипп Будейкин атты азамат 15 жас өскіннің өмірін қиюына себепкер болды деген ақпарат тарағаны белгілі. Бұл азамат тергеуге алынып, темір торға тоғытылды. ВКонтакте желісінде аз уақыт ішінде көп жазылушы жинап, тапсырма орындатқан топ жайлы түрлі ақпарат таралды. Алайда, қазірдің өзінде ВКонтакте желісінде жиырмаға жуық «Көк кит», «Тыныш үй» дейтін топтар бар.

Егер досыңыздың, танысыңыздың парақшасынан #синийкит #явигре #разбудименяв420 #тихийдом деген хэштегтегі жазбаларды көрсеңіз дереу жақындарына хабар беріңіз. Себебі, қауіпті ойынның негізгі алғышарттары осы атаулармен байланысты. «Көк кит» ойынына кірген адам осы хэштегтер арқылы өзінің ойында екенін, арнайы тапсырма күтіп жүргенін білдіреді. Ойыншыға 50 күн бойы таңғы 4:20-да әр түрлі тапсырма беріліп, тапсырманың орындалғанын фото немесе видеоесеп түрінде жіберуді талап етеді. Ойында өз тамырын кесу, өзгелерге зиян шектіру секілді жантүршігерлік тапсырмалар берілетін көрінеді. Ең соңғы тапсырма – өз-өзіне қол жұмсау, яғни, суицид. Егер ойынға кірген адам тапсырмаларды орындаудан бас тартса, ойыннан шығуға талпыныс жасаса, «Біз сен туралы барлық ақпаратты білеміз. Сенің ІР адресің, ата-анаң мен жақындарың жайлы ақпарат біздің қолымызда. Егер айтқанымызды орындамасаң, жақындарыңа жаман болады» деп қорқытатын көрінеді. Бұл жасөспірімдердің психологиясына ауыр жүк болары анық. Алайда, зерттеулер бойынша ойыннан өз еркімен шыққандардың ешқайсысы зардап шекпеген.

«Көқ киттің» құрбандары көбінесе мектеп жасындағы жасөспірім балалар көрінеді. Әлеуметтік желінің әлегіне жиі ұшырайтындар да солар емес пе? Сондықтан, достар, әлеуметтік желіге әуес бола бермейік. «Көк киттің» көксегені – бізді тура жолдан тайдыру, өмір теңізінен шығарып тастау. Жасөспірімдерді көрге сүйрейтін «Көк киттің» құрбаны болудан сақтаныңыздар!

 

Дана Маратова

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Кубок по прыжкам на точность приземления для начинающих парашютистов | Калории, сжигание жира и набор массы


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных