Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Фенолфталеин сынамасы 3 страница




Қарым-қатынас арқылы жұғатын инфекцияның алдын алу үшін хирургиялық құрал-саймандарды, таңғыш материалдарды, хирургиялық жаялықтарды, хирург пен медбикенің қолын, операция аймағын залалсыздандырудан өткізеді. Қазіргі заманда медицина тәжірибесінде залалсыздандырудың физикалық және химиялық әдістері кең қолданылады.

Физикалық әдістерге жоғары қысымды бумен залалсыздандыру (автоклавтау), ыстық ауамен залалсыздандыру (ыстық бу шкафы) және залалсыздандырудың сәулелік түрі жатады.

Химиялық әдістерге жататыны газбен және химиялық ерітінділердің көмегімен залалсыздандыру.

Хирургиялық құрал-саймандар, таңғыш материалдар, операциялық жаялықтар мен киімдер, резеңкелі медициналық заттар жоғары қысымды бумен залалсызданған қорапта (бикс) залалсыздандырылады (автоклавтау). Залалсыздандыруды өткізер алдында бикстің бүйірлік тесіктері ашылуы қажет, ал қақпағы тығыздалып жабылады. Залалсыздандыруға қорабтарды (бикстерді) салудың 3 түрі бар:

- толық салу (универсальная укладка), - бұл кезде бикске таңу немесе кіші операция бөлмесінде күні бойы қолданатын заттардың бәрі салынады;

- түріне қарап салу (видовая укладка) – бұл кезде бикске материалдың немесе жаялықтың бір түрін ғана салады. Үлкен операция бөлмелерінде қолданылады;

- мақсатына қарап салу (целенаправленная) кезінде бикске белгілі бір операцияға қажетті заттардың барлығын салынады.

Залалсызданғандықты бақылау үшін бикске 3 дана залалсыздану индикаторын немесе шыныдағы фуксинмен бірге бензат қышқылы салынады. Бикстер салынғаннан соң автоклав тығыз қақпақпен жабылады. Жоғары қысымды бумен залалсыздауды өткізу күрделі шара болып есептеледі, себебі бұл кезде аппараттың жарылып кету қаупі бар. Сондықтан залалсыздандыру өткізу бөлмесінде арнайы оқыған қызметкердің жұмыс атқаруы қажет.

Залалсыздандыруды өткізудің үш тәртібі тәжірибеде қолданылады:

- 1 атм қысым кезінде, температурасы 120° - 1 сағат;

- 1,5 атм қысым кезінде, температурасы 127º - қа дейін –

45 минут;

- 2 атм қысымда, температурасы 134° дейін – 30 минут.

Залалсыздандыруды аяқтағаннан кейін, бикстер есігі аздап ашылған ыстық автоклавта бірнеше уақыт тұрады. Бикстерді автоклавтан алған кезде, бикстің бүйіріндегі тесіктер жабылады, бикске байланған клеенкаға залалсыздандыруды өткізген күн жазылады. Жабық фильтрсіз бикс залалсызданғандығын 72 сағат бойы (3 тәулік), ал фильтрлі бикс – 20 тәулікке дейін сақтайды. Ашық бикс залалсызданғандығын 6 сағатқа дейін сақтайды.

Ыстық ауамен залалсыздауды арнайы құрғақ ыстық шкафтардың көмегімен өткізеді. Ол арқылы металдан жасалған инструменттер, көп рет қолданылатын шприцтер, шыны ыдыстар залалсызданады. Барлық құрал-саймандар шкафтың металды торларына қойылады. Залалсыздандыру есігі жабылған шкафта 180° температурада 1 сағат бойы жүргізіледі. Бақылау үшін шкаф ішіндегі торға флакондағы сахарозаны, тиамочевинаны немесе өндірісте қолданылатын жабық индикатор қояды. Құрғақ ыстық шкафтарды бөлімшелердің залалсыздандыруды өткізу бөлмелерінде орналастырады.

Микробтарды сәулемен залалсыздандыру үшін иондайтын сәулелендіру (α – сәулелері), ультракүлгін сәулелер мен ультрадыбыстар қолданылады. Иондайтын сәулелендірумен жұмыс жасағанда ерекше қатаң қауіпсіздік шаралары сақталыну керек. Сондықтан ол зауыттық залалсыздандыру әдісі болып есептелінеді. Залалсызданған медициналық материалдар, құрал-саймандар, қолғаптар, шприцтер арнайы қораптарда шығарылып, 5 жылға дейін жарамды болып есептелінеді.

Газбен залалсыздандыру арнайы камераларда іске асырылады. Залалсыздандыруды формалиннің буымен (камера түбіне формальдегит таблеткасын салады) немесе этил тотығының көмегімен өткізеді. Мұндай залалсыздандырудан құрылғылардың оптикалық бөлімдері, тігіс материалдары, пластмасса, резеңкелі медициналық құрал-саймандар өтеді. Газды қоспаларға және камерадағы температураға байланысты залалсыздандыру 6 сағаттан 48 сағатқа дейін өткізіледі. Бұл әдісті аурухана жағдайында жүргізеді.

Химиялық антисептикалық ерітінділермен залалсыздандыруды өткізу – залалсыздандырудың суық әдісі болып есептелінеді. Залалсыздандырудан резеңкелі медициналық заттар, аппараттардың эндоскопиялық бөліктері, металды құрал-саймандар өткізіледі. Бұл үшін 6% сутегінің асқын тотығының ерітіндісінде 3 сағат бойы 50º температурада немесе 6 сағат бойы 18-20° температурада, 1% дезокон ерітіндісінде 45 минут бойы 18º температурада, 8% первамур немесе 2% хлоргексидин ерітіндісінде 20º температурада 5 минут батырып қояды және 70º этил спирті қолданылады. Залалсыздандыруды өткізу үшін қақпағы тығыз жабылатын шыны, пластмасты немесе эмальды ыдыс қажет. Барлық ерітінділер бір рет қана қолданылады. Залалсыздандырудан кейін барлық заттар залалсызданған изотониялық ерітіндімен екі рет шайылып корнцанг көмегімен залалсызданған үстелге қойылып сақталынады. Бұл әдістің бақылауы бактериологиялық жолмен өткізіледі.

Антисептика

Антисептика деп жара мен ағзаға түскен микроорганизмдерді жоюға бағытталған іс-шараларды атайды. Антисептика механикалық, физикалық, химиялых және биологиялық болып бөлінеді.

Механикалық антисептикаға жататындары:

- жараны, жараның бетін, теріні іріңді эксудаттан, ұйыған қандардан тазалау. Жұмсақ тіндердің жарақаттануы кезінде, таңу қойғанда жараны тазалау міндетті түрде өткізіледі;

- жараның алғашқы хирургиялық өңдеуі (ЖАХӨ) – жара беттері мен тері тазаланады, жараға өңдеу (ревизия) өткізіледі, жараның жиектері, қабырғалары және түбі кесіліп, гематомалар, бөгде денелер және жарақаттанған тіндердің қабыну ошақтары алынып тасталынады, жараға тігіс немесе дренаж қойылады;

- оперативті шаралар – іріңдіктерді, оның қалталарын тіліп ашу, іріңдіктерге пункция жасау.

Физикалық антисептикаға жататындары:

- жараларға дренаждар қою;

- жарадан сұйықтықтардың ағуын жақсарту үшін гипертониялық ерітінділерді (натрий хлоридінің 10% ерітіндісі және магний сульфатының 25% ерітіндісі) қолдану;

- дене қуыстарына түтікті дренаждар қою;

- жараға сорбиттерді пайдалану (полифелан, СМУС -1). Олар өзіне токсиндер мен микроорганизмдерді сіңіреді;

- ультрадыбысты қолдану, ол жара қабырғаларындағы микроциркуляцияны жақсартады, некротикалық тіндердің бөлінуін тездетеді;

- қуаты аз лазерлі сәулелерді қолдану бактерицидті әсер етіп жара қабырғасындағы қабынуды жояды, іріңдіктен тазартады және науқастың ағзасындағы қорғаныс күштерін күшейтеді.

Химиялық антисептика деп химиялық дәрілік заттың көмегімен ошақтағы немесе науқас ағзасындағы микроорганизмдерді жоюды айтады. Химиялық заттардың көмегімен құрал - саймандар дезинфекцияланады, едендер тазаланып өңделеді. Теріні, қолды өңдеу үшін және жаралар мен кілегей қабаттарды жууға антисептикалық заттар қолданылады. Адам ағзасында, патологиялық ошақтарда бар бактериялардың өсуін тоқтату үшін химиотерапевтік заттар қолданылады.

Химиялық антисептиктердің негізгі топтары:

1. Альдегидтер:

- формалин – күшті дезинфекциялайтын әсері бар формальдегидтің 37% ерітіндісі. Гисталогиялық зерттеулерде препараттарды бекіту үшін қолданады. Құрғақ түрі газбен залалсыздандыру үшін қажет (оптикасы бар құрал-жабдықтарды залалсыздандырады).

2. Өсімдік тектес антисептиктер:

- хлоофиллипт, эктерицид, календула – беткей жараларды, кілегей қабықтарды сырттан жуу үшін қолданылатын антисептикалық заттар. Қабынуға қарсы әсері бар.

3. Дегттер, смола:

- қайыңды деготь – сыртқа қолданылатын антисептикалық зат. Вишневский мазінің құрамына кіреді;

- ихтиол, нафталин – қабынуға қарсы әсерге ие, мазь түрінде қолданылады.

4. Детергенттер:

- хлоргексидин биглюконат – сыртқа қолдануға арналған антисептикалық зат. 0,5% спирт ерітіндісі операция алдында қолды және операция аймағын өңдеу үшін пайдаланады. 0,1 -0,2% сулы ерітіндісі жараларды жуу үшін қажет;

- церигель – сыртқа қолдануға арналған антисептикалық зат. Қолды өңдеу үшін пайдаланады;

- дегмин – қолды және операция аймағын өңдеу үшін қолданылатын антисептикалық зат.

5. Бояушы антисептиктер:

- бриллиант жасылы – сыртқа қолданатын арнайы антисептикалық зат. 1-2% спирт немесе сулы ерітіндісі жараны, кілегей қабықтарды өңдеу үшін қолданады;

- метиллен көгі – сыртқа қолдануға арналған антисептикалық зат. 1-2 % ерітіндісі жараларды, кілегей қабықтарды өңдеу үшін пайдаланады. 0,02% сулы ерітіндісі жараларды жуу үшін қажет.

6. Қышқылдар:

- бор қышқылы – сыртқа қолдануға арналған антисептикалық зат. 2-4% ерітіндісі іріңді жараларды жууға және емдеуге керек;

- салицил қышқылы – түйіршік түрінде қолданылатын антисептикалық зат. Ұнтақтардың, мазьдердің құрамына кіреді.

7. Сілтілер:

- мүсәтір спирті – сыртқа қолданатын антисептик.

8. Тотығушы антисептиктер:

- сутегінің асқын тотығы – сыртқа қолдануға арналған антисептик. 3% ерітіндісі іріңді және ластанған жараларды жууға және беткейлі қан кетуді тоқтату үшін пайдаланылады. Первамурдың құрамына кіреді. 6% ерітіндісі дезинфекциялайтын дәрі болып есептеледі;

- калий перманганаты – сыртқа қолдануға арналған антисептик. 2-5% ерітіндісі күйіктер мен ойықтарды емдеу үшін қолданады. 0,02-0,1% ерітіндісі жаралар мен кілегей қабықтарды жуу үшін пайдаланады.

9. Спирттер:

- этил спирті – жараны, қолды және операция аймағын өңдеу үшін қолданылады. 70% спирт терінің арасына сіңіп микробтарды өлтіреді, ал 96% спирт ерітіндісі тері бетін күлдіретіп, уақытша микробтардың терінің арасынан, оның бетіне шығуына кедергі жасайды.

10. Галоид топтары:

- йод – 1-5-10% спирт тұнбасы. Сыртқа қолданатын антисептик. Жараларды өңдеу үшін пайдаланады;

- йодипол - 1% ерітінді сыртқа қолдануға арналған антисептик. Жараларды өңдеуге, жараларды жууға, бадамша безін шаю үшін кең қолданады;

- йодинат, йодопирон – сыртқа қолдануға арналған антисептиктер. 1% ерітіндісі жараларды және операция аймағын өңдеу үшін қажет;

- люголь ерітіндісі – кетгутті залалсыздауға, кілегей қабықтың қабынуларын емдеу үшін, сыртқа қолданатын антисептик болып саналады;

- хлорамин Б – дезинфекциялайтын дәрілік зат 1-3% ерітіндісін күтім жасайтын заттарды, бөлмелерді дезинфекция өткізу үшін қолданады.

11. Ауыр металл тұздары:

- күміс нитраты – сыртқа қолдануға арналған антисептик. 0,1-2% ерітіндісін конъюктиваны, кілегей қабықтарды жуу үшін пайдаланады. 5-20% ерітіндісі күйдіретін қасиетке ие;

- проторгол, колларгол – сыртқа қолдануға арналған антисептиктер. Кілегей қабықтарға жағу үшін, қуықты жууға кең қолданылады;

- цинк оксиді – сыртқа қолданатын антисептик. Көптеген ұнтақтар мен пасталардың құрамына кіреді, қабынуға қарсы әсерге ие.

12. Нитрофуран туындылары:

- фурациллин – сыртқа қолдануға арналған антисептик. 1:5000 ерітіндісін жараларды, қуыстарды жуу үшін пайдаланады;

- фуродонин, фурозолидон – ішке қолдануға арналған антисептик. Ішек және зәр шығару жолдарының инфекциясын емдеу үшін қолданылады.

13. Хиноксалин туындылары:

- диоксидин – 0,1-1% сулы ерітіндісі іріңді жараларды, кілегей қабықтарды, қуыстарды жуу үшін қолданылатын антисептик. Сепсис кезінде көк тамырға тамшылатып енгізеді.

14. Сульфаниламидтер:

- стрептоцид – қысқа мерзімді әсері бар;

- сульфазин – орта мерзімді әсері бар;

- сульфадемитоксин – ұзақ әсерлі;

- сульфален - өте ұзақ әсерлі;

- бисептол (бактрим) – қосарланған әсері бар, антисептик. Бұл химиотерапевтік заттар бактериостатикалық әсерге ие. Ағзадағы әр түрлі инфекция ошақтарын жою үшін қолданады.

Биологиялық антисептика

Биологиялық антисептикаға жататындары:

1) Микроорганизмдерге тікелей әсер ететін дәрілік заттар:

- антибиотиктер – микроорганизмдердің өсуі мен дамуын тежейді. Хирургиялық инфекцияны емдеуге және алдын-алу мақсатында қолданылады. Антибиотиктерді пайдалану тек дәрігердің тағайындауы бойынша өткізіледі. Қан плазмасында препараттың тұрақты бактерицидті концентрациясын сақтап тұру үшін жеткілікті дозада беріледі және микрофлораның сезімталдығы мен науқастың аллергологиялық анамнезі ескеріледі;

- протеолитикалық ферменттер – трипсин, химиотрипсин, химопсин (жануар тектен шыққан препараттар). Оларды ірі қара малдың ұйқы безінен алады. Террилитин – иістенген саңырау құлақтың өмірлік өнімі. Ол микроорганизмдерді жоймайды, тек некротикалық тінді фибринді ыдыратып, іріңді экссудатты ерітіп, қабынуға қарсы әсер етеді. Іріңді жаралар мен ойықтарды емдеуге қолданылады;

- арнайы пассивті иммунизация жасайтын препараттар – сіреспеге қарсы сары су, сіреспенің алдын-алу және емдеу үшін қолданатын α – глобулин.

Газды гангренаның алдын-алу және емдеу үшін қолданылатын гангренаға қарсы сары су іріңді жаралар мен қуыстарды жуу және емдеу мақсатында қолданылатын антистафилококты және антистрептококты бактериофрагтар, антистафилококты гипериммунды плазма, стафилококты анатоксинмен иммунизацияланған донорлардың тартылған плазмасы. Стафилококпен шақырылған әр түрлі хирургиялық инфекциялар кезінде қолданылады.

2) Микроорганизмдерге жанама әсер ететін дәрілік заттар мен әдістері.

- бейспецификалық резистенттілікті қуаттандыратын әдістер. Иммунды жүйенің қызметін кварцтау мен витаминдермен емдеу жақсартады. Қанды ультракүлгін және лазерлі сәулелендіру нәтижесінде фагоцитоздың белсенділігі артады. Оттегінің тасымалдануы мен қанның реологиялық қасиеттері оң өзгереді. Қан және оның препараттарын құю (плазма, лимфоцитарлы масса) иммунды жүйені реттеуге көмектеседі;

- бейспецификалық иммунитетті қуаттандыратын заттар. Оларға айыршық безінің препараттары: тимолин, Т-активин жатады. Бұлар Т және В лимфациттердің ара-қатынасын реттеп, фагоцитозды қуаттандырады. Продигнозон мен левамизон лимфациттердің қызметін күшейтеді. Интерферондар мен интерлейкиндер иммунды жүйеге күшті әсер етеді;

- спецификалық (арнайы) иммунитетті қуаттандыратын препараттар. Стафилококқа және сіреспеге қарсы анатоксин. Оларды науқастарға белсенді арнайы иммунитетті қуаттандыру үшін қолданады.

Антисептика дегеніміз инфекцияның жұғуына және жұққан инфекцияның одан әрі өршіп-өрбуіне қарсы қолданылатын кешенді шаралар.

Микроорганизмдердің жараға түспеуі үшін және олардың көзін жою үшін төмендегідей кешенді шаралар қолданылады. Механикалық шараларға жататындар: теріні сабынды сумен жуу, спиртпен сүрту, жараны сутегінің асқын тотығы ерітіндісімен жуу, езіліп кеткен өлі еттерді жарадан алып тастау, жараны алғаш өңдеген кезде жараға түскен бөтен денелерді алып тастау. Физикалық антисептикалық шараларға жататындар: жараны кварц сәулелерімен сәулендіру, іріңнің үнемі ағып тұруын қамтамасыз ету үшін әртурлі ағызғыштар мен тампондарды пайдалану. Химиялық антисептикалық шараларға жататындар: химиялық антисептикалық заттарды пайдалану. Биологиялық антисептикалық шараларға жататындар: бактерияларды жоятын бактерицидты және бактериялардың көбеюін тоқтатын бактериостатикалық заттарды пайдалану.

Химмиялық антисептикалық заттардын саны көп, оларды тек қажеттілігіне қарай ғана пайдаланған жөн. Ең көп тараған химиялық антисептикалық заттарға төмендегілер жатады:

Сутегі асқын тотығы – түссіз сұйық, әлсіз дезинфекциялайтын, иісті өте жақсы кетіретін (дезодарациялайтын қасиеті) қасиеттері бар. Сутегі асқын тотығын 3% ерітінді түрінде пайдаланады. Қан мен іріңге тиген кезде екеуара әрекетке түседі де өте көп мөлшерде оттегін бөліп шығарады, соның нәтижесінде көп мөлшерде көбік пайда болады, ол жараны іріңнен, ұсақ - түйек механикалық лас заттардан, ерітінділер қалдықтарынан тазалайды. Сутегі асқын тотығы ерітіндісін таңу кезінде, жараға жабысып қатып қалған таңған маталарды жібіту үшін кеңінен пайдаланылады.

Калий перманганат (марганцовка) - қышқыл – күлгін түсті кристалдар, суда тез ериді. Ерітіндінің әлсіз дезинфекциялайтын қасиеті бар. Іріңді жараны жуып тазалау үшін 0,1 – 05 % ерітіндіні пайдаланса, күйікте, жауыр жарада (язвада), тесілгенде олардың аузын қатыру үшін 5 % ерітіндіні пайдаланады.

Бор қышқылы – ақ түсті кристалды ұнтақ, суда жақсы ериді, 2% ерітінді күйінде шырын қабықтарын жараларды, қуыстарды жууға пайдаланылады, көкшіл ірің таяқшаларын өсірмейді.

Йодтың спирттегі 5% ерітіндісін операция жасалатын жерді, хирургтің қолын, жарақаттанған теріні сырып кеткен, жырып кеткен жерді сүртуге пайдаланады.

Иоданат - қошқыл-қоңыр түсті сұйық, йодтың әлсіз исі болады, сумен тез араласады. Операция жасалатын алаңды және шұғыл жағдайда қолды сұрту үшін қолданады.

Иодоформ - ұнтақ, бұдан май және эмульсия жасайды. Іріңді жараларды емдеуге пайдаланады.

Хлорамин Б - ақ түсті немесе сәл сарғыш түсті хлорға тән иісі бар кристалды ұнтақ. Суда тез ериді антисептикалық және дезодорациялық (исін кетіретін) әсер ету қасиеті бар. Іріңдеген жараны жуу үшін 2% ертіндісін: қолды, қолғаптарды құрал-саймандарды дезинфекциялау үшін 0,25-0,5 % ерітіндісін пайдаланады. Қара ыдыстың ішінде қараңғы жерде сақтау керек. Ұзақ сақталса хлорамин біртіндеп бұзылады антисептикалық қасиетін жоғалтады.

Сынап дихлориды - қосхлорлы сынап (сулема) ақ түсті ұнтақ, суға жақсы ериді. Сулеманы 1:1000-ға дейін сұйытылған ерітіндісін қолданады. Сулема - өте қауіпті у, зақымдалған тері арқылы да тез сіңеді, сөйтіп уландырып өлтіреді. Сулеманы жұқпалы кеселі бар ауруларды күтіп-баптауға арналған құрал-саймандарды және қолғаптарды дезинфекциялауға пайдаланады.

Диоцид - құрамында қос компоненті сынабы бар антисептик, бұдан арнайы тәсілмен ең күшті бактерицидті әсері бар ерітінді дайндауға болады, Көбінесе пластмасадан жасалған қрал-саймандарды зарарсыздандыру үшін 1:1000-ға дейін сұйытылған ертіндісін жиі қолданады.

Колларгол – коллоидты күміс, суда жақсы ериді (коллоидті ерітінді). Қоңыр немесе қоңыр-қошқыл түсті ерітінді, бактерицидті, бырыстырып-уылдыратын және аздап қана күйдіретін әсері бар. Бүркіп шаю үшін, клизма жасау үшін, көз бен мұрын қуыстарын жуу үшін 0,2-1% ерітіндіні, күйдіру үшін 5-10% ертіндіні пайдаланады.

Күміс нитраты немесе ляпис - өте қатты әсер ететін антисептикалық дәрі. Аздап күйдіретін және қабынуға әсер ететін қасиеті бар. Күміс нитратының әлсіз ерітінділерін (1:3000) қуықты жууға пайдаланса, 10-30% ерітінділерін жараның өлі етін (грануляциялы тінді) күйдіру үшін пайдаланады.

Этил спирті - өзіне тән исі бар, түссіз сұйық, кесетін құрал-саймандарды (қандауыр, қайшы және басқалар), тігіс материалдары (жібек жіптерді), операция жасалатын алаңды, хирургтің қолын, жаралардың айналасындағы теріні дезинфекциялау үшін 95% және 70% ерітінді түрінде іске асырады. Спирттің бактерицидті қасиеті оған тимол мен бояғыштарын (анилин бояғыштарын) қосса күшейе түседі.

Тимолдың спирттегі ерітіндісі (1:1000) – антисептикалық препарат, 3% карбол қышқылына қарағанда әсер етуінің тиімділігі 30 есе жоғары және карбол қышқылына тән өткір исі мен тітіркендіргіш тәрізді теріс қасиеттері болмайды.

Бриллиант жасылы - құрал-саймандарды зарарсыздандыру үшін, терінің іріңдеп, сүріліп және жыртылып кеткен жеріне жағу үшін спирттегі 1% ерітіндісін пайдаланады.

Новиков сұйығының құрамында – танин, бриллиант жасылы, этил спирті, үпілмәлік (майсана) майы бар. Мұндай коллоидты массаны жаққан соң тез кебеді де, терінің бетінде жұқа эластикалық қабық пайда болады. Антисептикалық дәрі ретінде терінің ұсақ жарақаттарын өңдеу үшін пайдаланады.

Метилен көгі - 2% спирт ерітіндісі күйікті емдеу үшін ал 0,02% су ерітіндісі іріңді қуыстарды жуу үшін пайдаланады.

Фурациилин – сарғыш түсті кристалды ұнтақ. Суда өте баяу ериді, ірің шақыратын микробтардың көпшілігіне әсер ете алатын өте жақсы антисептик. Іріңді жараларды, қуыстарды, күйген жерлерді, тесілген жерлерді жуу үшін 1:5000-ге дейін сұйытылған ерітіндісін пайдаланады.

10% аммиак ерітіндісі (мүсәтір спирті) - өткір иісті мөлдір сұйық. Суда тез ериді. Қолды жуу үшін, ластанған жараны тазалау үшін операция жасалатын жерді өңдеу үшін 0,5 % ерітіндісін пайдаланады.

Фенол (карбол қышқылы) – түссіз, өзіне тән өткір иісті кристалдар. Суда, спиртте, эфирде тез ериді. Фенол ерітінділерінің өте күшті бактерицидті әсер ету қасиеттері бар. Сырқатты бағып-күту үшін қажетті заттарды, киім-кешектерді, адам ағзасынан бөлінген нәжіс, зәр, құсық т.б. дезинфекциялау үшін 3-5% ерітіндісін пайдаланады. Бөлмені карбол ерітіндісінің сабынды суымен дезинфекциялайды. Фенол тері арқылы тез сіңіретіндіктен адам байқап пайдаланбаса уланып қалуы мүмкін.

Формальдегид ерітнідісі - өзіне тән иісі бар, өте улы, мөлдір сұйық. Қолды, құрал-саймандарды, қолғаптар мен ағызғыштарды дезинфекциялау үшін пайдаланады.

Сульфаниламидтер - өте тамаша бактериостатикалық қасиеттері мен (микробтардың өқсуі мен көбейюін тежейді) қатар адам организміне зиянын өте аз тигізетін немесе тигізбейтін қасиеттері де бар. Сондықтан инфекцияға қары күресу үшін кеңінен пайдаланады. Бұл топқа жататын дәрі-дәрмектердің ең көп тараған түрлері: стрептоцид, норсульфазол, этазол, сульфадемизин, сульгин фталазол, сульфадиметоксин, бисептол, гросептол. Сульфаниламидтарды көбінесе ішіп немесе жергілікті жерге жағу арқылы да қолданады. Көктамыр арқылы енгізетін сульфаниламид дәрілері де жасалған.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных