Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ызмет көрсету нарығында алғы шарттар кешені




Эволюциялық процесс, маркетингке дербес принциптерді, әдістер мен тәсілдерді ендіретін, білімнің қатаң және үйлесімді жүйесіне рәсімделуге мүмкіндік берді. Қазіргі маркетинг тұтынушылар талаптарын айқындауға бағытталған, біріктірілген жиынтықта,ы тауарлар мен қызметтердің жасалу, өндірілу және өткізілу процестерін қарастыратын және олардың нақты жағдайларда нарықты ортаны қанағаттандыратын мүмкіндіктерін анықтайтын экономикалық ғылым саласын көрсетеді. Маркетингтің барлық сатыларында әрекетте болатын, негізгі принцип — көрсетілетін қызметті өндіруші мен тұтынушылар арасындағы кері байланыс принципі. Маркетинг, басқарудың нарықтық тұжырымдамасы ретінде, қызмет көрсету өндірісі мен өткізілімін, нақты жағдайлардағы нарықтық конъюнктураның сұранысы мен ұсынысының, максимал мүмкіндікті теңестірілуін қамтамасыздандыратындай етіп ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Қызмет көрсету саласындағы маркетинг принциптері дәстүрлі маркетинг принциптеріне ұқсас, бірақ олардың қатынастары мен маркетингілік қызмет сипатына ықпалында бірқатар ерекшеліктер бар.

Ең жалпылама принциптер болып табылатындар, келесілер:

· тұтынушылар сұранымына толығымен сәйкес келетін тауарды өндіру;

· нақты тауарға түрленген, тұтынушылар проблемаларын шешу құралдарын нарыққа шығару;

· өндірістік – өткізу қызметінің (тауарды тиімді өткізу және нарықтың белгілі бір үлесіне еге болу) ақырғы нәтижесінің табысына бағытталу;

· бағдарламалы – мақсатты әдіс пен кешендік тәсілдеме принциптерін қолдану;

· бейімделу стратегиясын өзгеретін сұранымға біріктіру, оған белсенді ықпал ету және сұранымның қайталануы үшін жағдай жасау;

· ұзақ мерзімдік келешекке бағдарлануға мүмкіндік беретін, инновациялық процестің үздіксіздігін қамтамасыз ету;

· маркетингілік процестің барлық кезеңдерінде әлеуметтік факторды ескеру.

Қызмет көрсету маркетингісінде, әлеуметтік факторларды есептеу қажеттігі басымдық жағдайды алады. Көрсетілетін қызметті өндіруші кәсіпорындар мен ұйымдардың әрекеттерінің нәтижелері, тікелей әлеуметтік ортаны және адамның тұрмыс тіршілігін қалыптастырады, ал қызмет көрсету маркетингісінің өзі әлеуметтік жұмыстың ерекше түрі ретінде қарастырыла алады.

Қызмет көрсету нарығында өзгеретін сұранымның және өндіру әдістері мен өнімді өткізудің баламалық принципінің әрекеті күшейеді.

Бұл, біріншіден, әлеуметтік қажетсінудің дамуы және төлеу қабілеттілігінің өзгеруі салдарынан көрсетілетін қызметке сұраным серпінділігімен, ал, екіншіден, – сұранымды қанағаттандыру көрсеткіштерінің ерекше мәнділігімен шартталады. Мұндай көрсеткіштер кез – келген әлеуметтік-экономикалық қызметтің қорытынды сипаттамасы ретінде көрсетіледі. Бұл жағдайлар, жәнеде қызметтің сақталмай қасиеті, сұранымның барынша дәл есептелу қажеттігін шарттайды.

Қызмет көрсету маркетингісінің негізгі принциптерінің бірі болып сыртқы эффектілерді есептеу принципі табылады. Әлеуметтік қызмет, мәмілеге қатыспайтын тұлғалар үлесіне келетін эффектілердің пайда болуымен жиі түйіндес. Мұндайлар, ереже бойынша, қоғам мүшелерінің көпсанды топтарын құрайды. Сыртқы эффект, бұл жағдайларда, пайда болған әлеуметтік жағдайларды едәуір өзгерте алады, ал кейде экологиялық және экономикалық процестер барысына әсер ете алады. Осы принциптің сақталуы теріс сыртқы эффект пайда болу қауіпі кезінде ерекше маңызды (мысалы, экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы, халықтық білім сипаты мен мамандарға қажетсіну арасындағы дисбаланс және т.б.).

Маркетингілік қызмет, өндіріс пен қызметті өткізу процесін максимал басқарылымды ету әрекетін көрсетеді. Осыдан маркетингтің басты бернесі алынады — сапалық ескірген қызмет пен нарыққа жаңалық-қызметтердің жылжытылуын ескере отырып, қызметті өндіру және өткізу бойынша кешенді әрекетті ұйымдастыру. Бұл негізгі бернені жүзеге асыру әрекеттің әртүрлі бернесі мен түрлері кешенімен толықтырылады:

· қызмет көрсету нарығын зерделеу және зерттеу нәтижелерін талдау;

· қызмет көрсетуге тұтынушылардың қазіргі және әлуетті сұранымын айқындау;

· жаңалық-қызметтерді жасау және өндіру бойынша ғылыми-зерттеу әрекетін ұйымдастыру, көрсетілетін қызметті жобалау мен өндіруді үйлестіру;

· көрсетілетін қызметтің ассортименттік қатарын және олардың бөліну жүйесін оптималдау;

· көрсетілетін қызметтің өндірісі мен өткізілімін жоспарлау, қаржыландыру көздерін іздеу;

· бағалық саясатты әзірлеу;

· жарнамалық ықпал ету құралдары көмегімен көрсетілетін қызметке сұранымды қалыптастыру және өткізуді ынталандыру;

· қызмет көрсету саласындағы кәсіпорын имиджін және сапалық ескірген қызметтерге қатынасы бойынша қоғамдық пікірді қалыптастыру.

Маркетингке тиесілі қызметтің бернесі мен түрлерінің әр алуандығы, өндірістік емес салада бизнесті жүргізудің бірыңғай негізі болуын талап етеді. Мұндай негізді маркетингтің қазіргі бес тұжырымдамаларының бірі құра алады. Тұжырымдамалардың әрқайсысы маркетингілік және барлық кәсіпкерлік қызметке меншікті тәсілдемені болжайды және бизнестің ерекше идеологиясы ретінде қарастырыла алады.

Қызмет көрсету саласындағы маркетингтің тұжырымдамалары тауарлық нарықтағы сәйкес тұжырымдамалармен үндеседі. Олар тек қызмет көрсету өндірісінің, олардың сипаттарының және жүзеге асыру жағдайларының ерекшеліктерін айқындайды.

1. Қызмет көрсету кәсіпорыны әрекетінің жетілдірілу тұжырымдамасы.

Ол мәні бойынша өндірістік тұжырымдамаға жақын және тұтынушылар қызметке олардың бағаларының төмендігіне байланысты мүдделі болады деп болжайды. Онда, кәсіпорын басшаларының алдына қойылатын міндет, — бағаны төмендету үшін негіз ретінде қызметтің экономикалық көрсеткіштерін жоғарылату (атап айтқанда, экономикалық тиімділіктің артуы).

Бұл тұжырымдаманы қолдану, адамның негізгі қажеттілігін қанағаттандыратын, жиі және көп рет қолданылатын жаппай қызметтерге қатысты тиімді болады (мысалы, тұрмыстық қызметтердің көбісі). Мұндай тұжырымдама толық ақталған, ал кейде табыстың төменгі деңгейде болуы тұтынушыларға қымбат тұратын қызметтерді төлеуге мүмкіндік бермеген кезде, халықтың төлеу қабілеттігі шектеулі жағдайларда, жалғыз болып табылады.

2. Қызмет көрсетуді жетілдірілу тұжырымдамасы.

Тауарлық тұжырымдаманың аналогы бола отырып, ол тұтынушының жоғары сапалы қызметтерге артықшылық көрсетуінен шығады. Бұл тұжырымдама, қызметті пайдалану реттелмеген сипатта болған кездегі, негізгі емес қызметтер өндірісінің саласында қолданбалы. Осы тұжырымдаманы тиімді қолданудың мысалы ретінде, бір тұтынушының өнімді бір немесе бірнеше рет қолдануына болатын, шоу-бизнес саласын алуға болады. Бұл жағдайда тіпті шектелген төлеу қабілеттігі кезіндеде, тұтынушы қымбат тұратын қызметті төлеу мүмкіндігін таба алады.

Қызмет көрсетуді жетілдірілу тұжырымдамасы, сұранымның жоғары дараландырылу жағдайларында тиімді, бұл кезде жоғары сапалы нақты, дербес қызметтерді қажетсінетін тұтынушылар бөлігі болады. Бұл жағдайда тұтынушылардың төлеу қабілеттілігін дұрыс бағалау маңызды.

3. Коммерциялық қызметті қарқындандыру тұжырымдамасы.

Бұл тұжырымдама тауарлық нарық үшін типті, өткізілім тұжырымдамасымен үндес, бірақ оны пайдаланудың бірқатар ерекшеліктері бар. Ол, егер тұтынушыларды қарқынды ынталандыру әдістері көмегімен, қызмет көрсету кәсіпорындарының қызметтерін пайдалануға тартпаса, олардың жеткілікті мөлшерде қажеттілігі болмайтынын бекітуге сүйенеді. Жәнеде, бұл кезде, жеке сату, бұхаралық ақпарат құралдарында жарнамалау, тұтынушылармен кездесулер ұйымдастыру және т.б. сияқты ынталандырудың дәстүрлі әдістерін қолданумен қатар, қызмет көрсету кәсіпорынының оның имиджіне қатынасы бойынша қолайлы қоғамдық пікірлермен шартталған артықшылықтар қолданылады. Имиджді қалыптастыру бойынша тұрақты жұмыстың қажеттігі қызмет көрсету саласының кәсіпорыны өнімінің ерекшелігімен шартталған. Қызметтерді, оларды өндіру барысында, тікелей бірден қолдану және қызметті ерте бастан төлеу қажеттілігі, тұтынушыларға қызмет сапасын тура әдістермен бағалауға мүмкіндік бермейді. Қызмет сапасын және оның белгілі бір қажетсінуді қанағаттандыру қабілеттілігін бағалай отырып, тұтынушы қосалқы ақпараттарды пайдалануға мәжбүрлі — басқа тұтынушылардың пікірлерін, адал өндіруші туралы көріністерді, нақты нарықтағы оның беделін. Бұл жағдайларда кәсіпорын имиджі, маркетингілік ықпал етудің басқа құралдарын екінші жоспарға итеріп қойып, нарықты игерудегі міндеттерді жүзеге асыруда ең маңызды құрал болады. Коммерциялық күштерді қарқындандыру тұжырымдамасы тәжірибе жүзінде, имидждің қалыптасуына белсенді әсер етуге мүмкіндік беретін, әлеуметтік-этикалық маркетингтің элементтерімен толықтырылады.

4. Дәстүрлі маркетинг тұжырымдамасы.

Бұл тұжырымдаманың негізгі ережелері, тауарлық нарықта қолданылатын тәсілдемеге ұқсас. Ол қызмет көрсету саласы кәсіпорынының, арнайы зерттеулер көмегімен, мақсатты нарық тұтынушыларының мұқтаждары мен сұранымдарын айқындауына, олардың беталысын болжауына және сұранымның әлуеттік мүмкіндіктерін анықтауына құрылады, содан соң, маркетингмикс жүйесі шеңберінде әрекеттене отырып, сұранымның тіленетін ұанағаттандырылуын қамтамасыздандырады.

5. Әлеуметтік-этикалық маркетинг тұжырымдамасы.

Бұл тұжырымдаманың дамуы үшін, қызмет көрсету нарығында алғы шарттардың толық кешені бар.

Біріншіден, қызмет көрсету салалары әрекетінің әлеуметтік бағытының өзі, қоғамдық-маңызды пролемалардың кең шеңберін шешу үшін жағдай жасайды. Бұл саладағы кез-келген әрекет, халықтың өмір тіршілігінің жағдайын қалыптастыру факторы ретінде көрінеді. Осы ойда, ол барлық уақытта қоғамдық мүдделерді ескереді.

Екіншіден, кәсіпкердің әлеуметтік жауапкершілігі мен этикасын бекітуге әсер ететін, әлеуметтік-этикалық маркетинг элементтері, кәсіпорын имиджін қалыптастырудың өзекті факторы болып табылады, онсыз қызмет көрсету нарығындағы тиімді қызмет мүмкіндікті емес.

Үшіншіден, өндірістік емес салада маңызды пайдасыз сектор бар. Пайдасыз ұйымдардың қызметі, оларды әлеуметтік маркетинг түрлерінің бірі ретінде қарастыра отырып, барлық уақытта әлеуметтік-этикалық принциптерді қолданады.

Қызмет көрсету маркетингісінің көрсетілген тұжырымдамалары өндіріс процесінде өткізілетін және әртүрлі қызметтерді өткізудегі, бизнес-стратегиясы мен маркетинг стратегиясын таңдау негізін құрайды.

5 дәріс. Қызмет көрсету рыногында маркетинг кешенін дайындау






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных