Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Лоббизм және әкімшілік




Рента

 

Әкімшілік рента субъектінің иеархиялық мәртебесі, қызмет жағдайын пайдалану есебінен пайда табуды білдіреді.Рентаны іздеу - қызығушылықтары бір топтардың меншік арқылы пайдаға жету мақсатымен қоғамдық саясатқа ықпал ету шаралары. Саяси процеске қатысушылар: сайлаушылар, саясаткерлер, бюрократтар, ықпал етуші топтар және лобби.

Лоббизм - бұл саяси мағына мен құқықтық негіздемеге ие және демократиялық саяси жүйенің интегралды элементі болып табылатын жоғары мамандандырылған іс - әрекет. Лобби, лоббизм - бұл мемлекеттік органдардың құқықтық және әкімшілік іс - әрекетін ұйымдастыруға ықпал ету жолымен, түрлі топтағы азаматтардың мүдделерін жүзеге асырудың тәжірибесі мен жүйесі.

Лоббизмнің саяси мәні мына аспектілерден тұрады:

лоббистік топтар ақпарат алмасу саласында азаматтар мен мемлекет арасында делдал (байланысшылар) болып қатысады;

лоббизм қоғамдық қызығушылықтардың плюрализмін ұйымдастыру функциясын атқарады. Лоббирлеу процестерін үнемі адамдар топтары жүзеге асырады, бірақ лоббирлеу нәтижелері айтарлықтай зардаптарға әкеліп, жекелеген жағдайларда халықтың үлкен топтарын қозғайды;

лоббизм басқа мүмкіндігі жоқ топтарға саяси шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыруға мүмкіндік бере отырып,демократиялық үкіметтің конституциялық жүйесін толықтырады.

Лоббидің екі типін қарастыруға болады:плюралистік және корпоративтік. Бірінші - жағдайда жоғарыдан төменге ықпал ету жүзеге асады.Екіншісінде – мемлекет, ұсынылатын басшылықтардың орнына,мемлекеттік мүдделерге жәрдемдесу кепілдігін ала отырып, қандай да бір топпен конвенцияға қол қояды.

Лоббистер – бұл кәсіби негізде құрылған және саясаткерлер мен шенеуніктерге саяси ықпал ете алатын жаңа саяси институт.Енді мынадай сұрақ арқылы халықтың артта қалушылығын қарастырайық: олар неге өз құқықтарын білмейді? Батыс экономистері келесідей себептерді қарастырады: олар нашар ақпараттанған және аталмыш мәселеге мардымсыздықпен қарап, жоғары шығындарға бару мүмкіндігіне қарайды.

Лоббирленген шешімдерді қабылдау барысында әрбір саясаткер, өз сайлаушыларының көп бөлігі лобирлеуді байқамай, келесі сайлауларда оған дауыс беруге дайын деп есептейді. Сонымен қатар, кейбір топтар да сайлауда шешуші дауыс санына ие болмаса да,саяси қайраткерлердің сайлау науқандарын қаржыландыруға көмек көрсетуге қабілетті. Сондықтан осындай саясаткер экономикалық және әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қажетті болып табылмаса да, ерекше мүдделерді қорғайтын бағдарламаны қолдайтын болады.

Өкінішке орай, Қазақстанда лоббизм егемендік алғаннан бері басқарылмайтын формаларға ие болды. Біздің республиканы мүдделерді қорғау өркениеті деп атауға болмайды. Бірінші ерекшелік, тайпалық институттардың кәсіби қызмет етуінен тұрса, екінші ерекшелік демократиялық топтар лоббиіне қарағанда, батыс – қазақстандық топтардың құқықтық салада емес, атқарушы билік саласында әрекет етуінен тұрады. Үшінші ерекшелік, қазақстандық лоббилердің өз іс - әрекеттерінде тиімді әдістерді қолдануынан тұрады.

Біздің саяси-құқықтық жағдайларда, қазақстандық лоббидің ұйымдастырушылық құрылымында лоббистік іс - әрекетті өздерінің мамандығы деп есептейтін мамандар жоқ.

Қазақстанда жергілікті ерекшелікті ескере отырып, лоббизмнің толық пайдаланылуы, қызмет етуі үшін төмендегілер қажет:

- қажетті заң базасын құру, яғни Қазақстан Республикасы Парламентінің лоббистік іс- әрекет туралы заңды қабылдауы;

- парламенттік іс - әрекет тәжірибесін жетілдіру, яғни парламенттік іс - әрекет тәжірибесіне заң органының түрлі лоббистік топтармен әрекет жасауын енгізу;

- партогенез процесін аяқтау және мемлекеттік билікке ықпал ету орталығы ретінде мықты саяси партиялардың пайда болуы;

- конструктивті опозицияның қалыптасуы;

- лоббизм процесін реттеу әдістері мен құралдарын жетілдіру.Бұл лоббизмнің барлық институттары үшін жағымсыз салдарлардан құтылуға мүмкіндік береді;

- мемлекеттік және жеке ақпараттық–сараптама құрылымдарының «шағын орталықтар» потенциялын белсенді түрде пайдалану.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных