Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақстан Республикасындағы ақша-несие саясатының негізгі бағыттары




 

Ақша-несие саясатының негізгі стратегиялық мәселелерінің бірі инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұру болғандықтан, инфляцияны төмендету бойынша шаралар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен ҚР Үкіметінің бірлесіп әрекет етуін талап етеді.

Монетарлық саясаттың құраушыларының бірі экономикалық өсімге қайшы келмейтін инфляцияның қолайлы деңгейін анықтау болып табылады. Бәсекелестікті жетілмеген ететін көптеген құрылымдық тосқауылдары бар өтпелі экономикадағы тым қатты инфляцияға қарсы саясат елде қысым тудырып, төлемеушіліктер өсімі мен өндірістің құлдырауына әкеледі. Осылайша, инфляцияны 10% шамасында ұстап тұру алға қойылған мақсаттарға қайшы келмейді деп есептеуге болады.

Инфляцияның неғұрлым жоғары қарқындары ұлттық валютаның бағалар ауқымы мен жинақтау құралы сияқты қызметтерін атқару тиімділігінің төмендеуіне байланысты өндірістің нақты деңгейінің қарқындарын жағымсыз ықпал етуі мүмкін. Ал инфляцияның неғұрлым төмен қарқындары экономиканың еш ауыртпалықсыз құрылымдық қайта құрылуы үшін қажетті экономикадағы ақша ресурстары артықшылығының төмендеуі нәтижесінде экономикалық белсенділікке жағымсыз ықпал етеді.

2006 жылға дейінгі кезеңде Ұлттық Банк алдына тұтыну бағаларының индексімен өлшенетін инфляция деңгейін 4-5% шеңберінде ұстап тұру міндетін қойды. Өкінішке орай, мұндай қарқынға қол жеткізу мүмкіндігі болмады.

Мәселенің осылайша қойылуы Ұлттық Банктің инструменталды ережелерден ақша-несие саясатының инфляциялық таргеттеу қағидаларына көшу қажеттілігін туындатты.

Инфляциялық таргеттеу барысында мақсатты көрсеткіш ретінде инфляция қарастырылатын болады, ал негізгі оперативтік көрсеткіш ретінде ресми қысқа мерзімді пайыздық ставкалардың бірі қолданылатын болады.

Инфляциялық таргеттеудің негізгі артықшылықтары мыналар: біріншіден, ақша базасы неғұрлым жоғары деңгейде бақылауға алынады, ал инфляция неғұрлым болжанатын сипатқа ие болады, ол, өз кезегінде, алға қойылған мақсаттың толық мөлдірлігіне байланысты нарық қатысушылары тарапынан жоғары сенімділікті қамтамасыз етеді. Екіншіден, Ұлттық Банк инфляцияны неғұрлым төменгі деңгейде ұстап тұруға неғұрлым жауапты болады. Үшіншіден, ақша-несие саясаты ішкі мәселелерге тоқталады. Мұнда ақша-несие саясатын жүргізу стратегиясы ақша агрегаттары мен инфляцияның тұрақты ара-қатынасын талап етпейді.

Алайда, инфляциялық таргеттеуді пайдаланудың бірқатар кемшіліктері де бар. Біріншіден, айырбас курсы мен ақша агрегаттарына қарағанда Ұлттық Банкке инфляция бақылау қиынырақ, ал екіншіден, ақша-несие саясаты шараларының ықпалы айтарлықтай кешігулермен байқалады, сәйкесінше, инфляцияның мақсатты көрсеткіштері өткізілетін ақша-несие саясаты туралы халықа да, нарықтарға да тікелей сигнал беруге қабілетсіз болады.

Осылайша, инфляцияға орта мерзімді кезеңге болжам және 2007-2009 жылдарға арналған негізгі бағдарлар алынды. Болжамды кезеңдегі ақша базасының орташа жылдық өсуі 18%, ақша массасының, банк жүйесіндегі депозиттердің, экономикаға берілетін несиелердің өсуі 27%-28% құрайды. 2007 жылы орташа жылдық инфляция 6,2%-7,2%, 2008 жылы – 6,0%-7,0%, 2009 жылы – 6,0%–7,0% шегінде болады (2 кесте).

 

Кесте 2 - Ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің 2007-2009 жылдарға арналған болжамдары

(кезең соңына)

         
Инфляция ( кезеңде орташа алғанда), % 8,6 6,2-7,2 6,0-7,0 6,0-7,0
Қайта қаржыландырудың ресми ставкасы,% 9,0 8,0 7,5 7,5
Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері, млрд. АҚШ доллары 19,1 21,3 23,2 25,2
өзгеріс %-бен 170,4 11,3 8,9 8,7
Ақша базасы, млрд. теңге        
өзгеріс %-бен 126,5 21,8 21,5 11,1
Ақша массасы, млрд. теңге        
өзгеріс %-бен 79,9 35,8 27,6 20,4
Резиденттердің депозиттері, млрд. теңге        
Банктердің экономикаға беретін несиетері, млрд. теңге        
Экономиканы монетизациялау деңгейі, % 38,1 42,5 45,9 46,9

 

Ақша-несие саясаты саласында2007 жылы Ұлттық Банк өз қызметінде орташа жылдық инфляцияны төмен деңгейде ұстауға бағытталған ақша-несие саясатын жүзеге асыруды басым бағыты ретінде айқындайды. Ақша-несие операцияларын пайдаланудың тиімділігін арттыру және ақша нарығының ахуалына әсер ету үшін қолданылатын шараларды одан әрі күшейту, ақша-несие саясаты құралдарының әр түрлері бойынша ставкаларды келісу жөніндегі жұмыстар жалғаса береді.

Инфляциялық таргеттеуді шектеулі дискрециялық мүмкіндіктерге ие саясат ретінде сипаттауға болады. Ұлттық Банктің алдында инфляциялық бағдарға қатысты инфляцияны ұстап тұру міндеті тұр. Қандай да болсын макроэкономикалық шоктарға шалдықса да, ол инфляцияны бағдарға әкелуге ұмтыла отырып, оларға бірдей әрекет етуге міндетті. Осылайша, инфляциялық таргеттеу барысындағы Ұлттық Банктің кері әрекет ету қызметі ақша-несие саясатының ережесіне сәйкес келеді, себебі ақша биліктерінің әрекеттері алдын ала анықталған. Инфляциялық таргеттеу барысында алдын ала анықталған бағдарларды елемеуге жол берілмейді.

2007 жылдың басында қалыптасқан баға саласы мен қаржылық нарықтағы жағдайды сақтау Қазақстанның ақша-несие саясаты саласындағы инфляциялық таргеттеу бағдарламасының дұрыс таңдалғаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Өзін - өзі тексеруге және қайталауға арналған тестілік сұрақтар:

1. Қатаң ақша – несие саясаты мынаны білдіреді:

а) пайыз ставкасын қолдау;

б) ақша массасын эмиссиялау;

в) мемлекеттік қарыздың ұлғаюы;

г) займдар шығару;

д)ақша массасын белгілі бір деңгейде ұстап тұру.

2. Ақша жүйесін жанама реттеу құралдарына мыналар жатқызылады:

а) міндетті резервтер және РЕПО;

б) несиелеу шектері;

в) пайыз ставкасын әкімшілік реттеу;

г) ақшалай эмиссия;

д) жауаптардың барлығы дұрыс емес.

3. Резервтер нормасын ұлғайту:

а) ақшалай мультипликаторды азайтып, ақша массасының қысқаруына әкеледі;

б) қайта қаржыландыру ставкасын төмендетеді;

в) мемлекеттік қарызды ұлғайтады;

г) жауаптардың барлығы дұрыс;

д) жауаптардың барлығы дұрыс емес.

4. Ақша жүйесін жанама реттеу құралдарына мыналар жатпайды:

а) несиелеу шектері;

б) міндетті резервтер нормасын өзгерту;

в) есептік ставканы өзгерту;

г) ашық нарықтағы операциялар;

д) жауаптардың барлығы дұрыс емес.

5. Резервтер нормасын ұлғайту:

а) ақша мультипликаторын азайтып, ақша массасын қысқартуға әкеледі;

б) қайта қаржыландыру ставкасын төмендетеді;

в) мемлекеттік қарызды ұлғайтады;

г) жауаптардың барлығы дұрыс;

д) жауаптардың барлығы дұрыс емес.


Тақырып 5. МЕМЛЕКЕТТІҢ БЮДЖЕТ-САЛЫҚ САЯСАТЫ (ФИСКАЛДЫ)

1. Мемлекеттің фискалды саясатының мәні.

2. Мемлекеттік бюджеттің мәні мен құрылымы.

3. Салықтың түрлері және қызметтері

4. Салықтың құрылымы мен қағидалары

5. Қазақстан Республикасының салық салу жүйесі

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных