Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ТАҚЫРЫП 6. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗДЫ БАСҚАРУ САЯСАТЫ




1. Мемлекеттік қарыздың мәні.

2. Жалпы сыртқы қарыздың есебі мен оны талдау.

3. Мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы.

1. Мемлекеттік қарыздың мәні

Мемлекеттік қарыз – бұл мемлекеттің қосымша ақша қаражаттарын шоғырландыру мақсатында жалпы өнім мен ұлттық табыстың бөлігін қайта бөлу жөніндегі қаржылық қатынастар жүйесі.

Мемлекеттік қарызды бірнеше белгілері бойынша жіктеуге болады:

1. Қарызды орналастыру орны бойынша.

2. Мемлекеттік билік деңгейлері бойынша.

3. Қаражаттарды тарту мерзімі бойынша.

4. Төленетін табыс сипаты бойынша.

5. Мемлекеттік қарызды төлеуге жұмсалатын шығындар көлемі бойынша.

6. Табысты анықтау әдісі бойынша.

Қарызды орналастыру орны бойынша мемлекеттік қарыздың жіктелуі аса кең таралған болып табылады, осыған байланысты мемлекеттік қарыз сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осылайша жіктеудің негізінде екі әртүрлі белгілер жатыр: қарыз алу валютасы және қарыз алу саласы. Осындай келіспеушілік қарызға талдау жасаудың және мемлекеттік қарызды басқару бойынша дұрыс шешім қабылдаудың табыстылығына кері ықпал етеді. Мемлекеттік қарызды сыртқы және ішкі деп бөлудің негізінде тек бір ғана белгі жатуы керек.

Мемлекеттік қарызды жіктеудің тағы бір белгісі – мемлекеттік билік деңгейлері.

Көптеген экономистер мемлекеттік қарыздың өсуінде екі қауіп жатыр деп есептейді: біріншіден, ұлттың банкроттыққа ұшырау мүмкіндігі және, екіншіден, борыштық ауыртпалықты болашақ ұрпаққа жүктеу қаупі. Осылайша, неміс экономистері Штейн, Дитцель, Небениус мемлекет мемлекеттік несиені тым сирек пайдаланса, онда ол салық ставкасын арттыруға мәжбүр болып, халықтың мүддесін қоғамайды деп есептейді. Екінші жағынан, американдық ғалымдар К.Р. Макконел және С.Л. Брю үкімет ішкі мемлекеттік қарыз бойынша өзінің міндеттемелерін үнемі орындай алады, себебі ол үшін ол қарызды қайта қаржыландырып, ақша шығарып немесе салық табыстарын арттыра алады деген.

Сонымен, мемлекеттік қарыз бюджеттік операциялардың ерекше өлшеуіші болып табылады, алайда олармен салыстырғанда ол ақша қаражаттарының ағындарын емес, қорларын өлшейді. Мемлекеттік қарыз – үкіметтің болашақта бюджет есебінен жабылуға тиісті өткендегі бюджеттік операциялар нәтижесінде шоғырландырылған сыртқы әлем мен қалған экономика алдындағы тікелей міндеттемелерінің жиынтығы.

Мемлекеттік қарыз ұлттық экономиканың маңызды құраушысы болып табылады, себебі оның өсім қарқынынан және өтеу саясатынан көбінесе өзге қалған секторлардың даму потенциалы тәуелді болады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных