Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні. Кірістер мен жұмысбастылық саясаты




 

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту барысында ондағы егемендік процестері, аймақтарда кең өкілеттіктері бар басқару аппаратын құру процестері, түрлі меншік формалары бар кәсіпорындардың қызмет ету процестері әлеуметтік саясатты өткізуге қатысты жаңа тәсілдемелерді талап етеді.

Республикадағы билік органдарымен қабылданатын заң шығарушы, өзге де нормативтік құжаттар әлеуметтік саладағы процестерді реттейді.

Әлеуметтік процестерді мемлекеттік реттеудің маңызды тетіктері – Қазақстан Республикасының заңдары, Республика Президентінің Жарлықтары, ведомствалық нұсқамалар, ережелер, ұсыныстар.

Орта мерзімдік перспективадағы әлеуметтік саясаттың маңызды басымдықтары:

1) жұмысбастылық фронтының кеңеюіне, перспективалы жұмыс орындарының сақталуына, жұмыссыздықтың қысқаруына, тұтынушылық және инвестициялық сұраныстың белсенуіне, өндірістің жандануына ықпал ету;

2) тиімді еңбек нарығының қалыптасуы, төменгі жалақының болмауына жол ашу, ұлттық экономиканың өсу деңгейіне қатысты жалақыны арттыру;

3) өмір деңгейін арттыру, әлеуметтік кепілдіктер жүйесі мен деңгейлерін қалыптастыру (жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, стипендия, медқызмет көрсету);

4) әлеуметтік саланың тиімді қызмет етуін дамыту және арттыру.

Дамыған нарықтық экономикасы бар елдердің көп жылдық тәжірибесі өзін-өзі реттеу механизмі еңбек нарығы мен даманың даму мәселелерін шешуге қабілетсіз екенін көрсетті.

Жұмысбастылық пен еңбек нарығын мемлекеттік реттеу механизмі әдістердің үш тобын қарастырады:

- экономикалық әдістер: жеңілдікті несиелеу және салық салу, кәсіпкерлерді жұмыс орындарын сақтап және құруға ынталандыратын бюджеттік саясат;

- ұйымдастырушылық әдістер: жұмысқа орналастыру мен жұмысбастылық қызметін құру, ақпараттық жүйені құру, кәсіби бағдарлаудың мемлекеттік жүйесін құру;

- әкімшілік-заң шығарушы әдістер: еңбек шарттарына отыру тәртібі, жұмыс уақытының ұзақтығын реттеу, және т.б.

Тиімді жұмысбастылық стратегиясы жұмыссыздықтың әлеуметтік-қауіпті деңгейін шектеу бойынша превентивті шараларға ғана емес, сондай-ақ еңбек нарығында белсенді саясатты жүзеге асыруға негізделуі керек.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных