Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақстан Республикасының инвестициялық саясаты




Инвестициялық саясатты қалыптастыруда мемлекеттің ролі зор, оның экономикалық ролі мыналардан тұрады:

– инвестициялық саясатты қалыптастыру және оны жалпы мемлекеттік даму жоспарлары мен инвестициялық бағдарламалар негізінде өңдеу;

– түрлі деңгейлерде жалпы мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар мен индикативтң жоспарларды өңдеу: аймақтық, жергілікті, салааралық, салалық, жекелеген фирмалар, бірлестіктер, кәсіпорындар;

– инвестициялық саясатты жүзеге асыру және қоғамдық ұдайы өндірісте бағдарламалар мен жоспарлардың тұтастай жүйесін енгізу.

Осы үш аспектілер саясат пен экономиканың органикалық бірлігін құрайды. «Саясат экономиканың шоғырландырылған көрінісі» болғандықтан, инвестициялық саясат инвестициялық процестерді құрай отырып, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуын анықтайды. Инвестициялық саясат, бір жағынан, өндірістік процестермен анықталса, ал екінші жағынан – оларға ықпал етеді. Инвестициялық саясаттың қандай деңгейде жүзеге асырылуына байланысты оны былайша жіктеуге болады: халықаралық - мегадеңгей; ұлттық (мемлекеттік) – макродеңгей; жекелеген фирмалардың инвестициялық саясаты – микродеңгей. Әрі қарай әрбіреуі ішкі және сыртқы болып жіктеледі. Дипломдық жұмыстың мақсаты инвестициялық саясаттың теориялы-тәжірибелік негіздерін талдау болғандықтан, оған толығырақ тоқталамыз.

Тар мағынада инвестициялық саясат тек ұлттық бола алмайды, өйткені өзге білім саласындағыдай сияқты (мысалы, математика, физика, химия), экономикада да инвестициялық сала кез-келген экономикалық жүйелермен қолданылатын бірқатар аксиомалар мен дәлелдемелерді қолданады. Осылайша, дамыған немесе дамушы болсын, кез-келген ұлттық шаруашылықта капиталға деген баға пайызбен, сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынасымен анықталады, немесе үй шаруашылықтары табыстарының артуы тұтынудың кемуіне және жинақтардың артуына әкеледі. Алайда, экономикада (инвестициялық салада), айтарлықтай айырмашылық бар: инвестициялық қатынастар субъектілері ретінде дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, ұлттық менталитет ықпалына алынған қоғам мүшелері, яғни адамдар қарастырылады.

Инвестициялық саясатты қалыптастыру барысындағы маңыздысы мақсаттардың қойылуы туралы мәселе болып табылады. Мұнда келесі шарттарды ескеру қажет: алға қойылған мақсаттар нақты қалыптастырылуы керек; жалпы мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық мақсатты бағдарларға қайшы келмеуі керек; уақыттық шектеулерге ие болуы тиіс.

Алға қойылған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін экономикада түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Инвестициялық тактика дегенді біз инвестициялық стратегияның қандай да бір нақты кезеңін шешуге және мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған экономикалық-саяси іс-әрекет тәсілдерінің, әдістері мен формаларының жиынтығын түсінеміз. Мемлекеттік инвестициялық стратегияны инвестициялық стратегия ме тактиканы қалыптастыру арқылы байқалатын күрделі де тұтас қатынастар жүйесі ретінде елестетуге болады. Онда мемлекет инвестициялық ресурстарды бөлудің негізгі субъектісі, инвестициялық процестерді реттеуші мен бақылаушысы ретінде қатысады.

Мемлекеттік инвестициялық саясат ішкі және сыртқы болып жіктеледі. Сыртқы мемлекеттік инвестициялық саясат – отандық экономикаға шетелдік инвесторларды тарту, сондай-ақ отандық инвесторлардың шетелдік экономикаға капитал салымдарының құрылымдары мен ауқымдарын орнату түрінде мемлекетпен жүзеге асырылатын сыртқыэкономикалық саясаттың бөлігі. Оның ерекшелігі сыртқыэкономикалық саясаттың мазмұны мен мақсаттарынан тәуелді болады, жекелей алғанда, оның басымдықтарын, экспортты және импорттық саясаттар арасындағы ара-қатынастан тәуелді болады. Елдің сыртқы инвестициялық саясаты капиталдың ағылуы мен ағып кетуін реттеу, ынталандыру, сондай-ақ бақылау саясаттарын қамтиды.

Ішкі инвестициялық саясат сыртқы саясатпен салыстырғанда ішкі капитал ағындарын реттейді. Оның басты мақсаты – отандық инвесторларды инвестициялау мен ынталандырудың басымды бағыттарын анықтау, ішкі инвестициялық сұраныс өсімін қамтамасыз ету, институционалды инвесторлардың тиімді бәсекеқабілетті нарығын құру, жинақтардың инвестицияларға ауысуын қамтамасыз ету.

Кез-келген мемлекеттің инвестициялық саясатының мәні «киттер» деп аталатын бірқатар ережелерді ұстанудан тұрады:

1. Экономикалық қауіпсіздік.

2. Экономикалық категория ретіндегі «инвестициялардың» мәнін анықтау.

3. Мемлекеттің инвестициялық мәселелерін жүзеге асыру.

4. Максималды қолайлы инвестициялық климаты (ахуал) құру.

5. Шетелдік инвестицияларды тарту мен пайдалану басымдығының кезеңділігі.

6. Халықаралық ссудалық капиталды пайдаланудың ұлттық экономика үшін басымдықтары.

7. Заң шығарушы механизм.

8. Реттеуші қағида

9. Инвестициялық саясаттың әлеуметтік бағытталуы.

Нарықтық экономикаға өту, ашық типті экономиканы құру инвестициялық саладағы мемлекет қызметтерінің өзгеруін талап етеді. Қарастырылып отырған саладағы осындай қызметтер мыналар:

– елдің экономикалық даму басымдықтарын анықтау;

– республикалық және аймақтық деңгейлерде елдің мемлекеттік инвестициялық саясатын өңдеу;

–ұлттық экономика үшін басымды инвестициялық жобалар тізімдерін анықтау;

– мемлекеттік орталықтандырылған инвестициялық ресурстарының мақсатты және тиімді бөлінуін қамтамасыз ету;

–институционалды инвесторлардың қалыптасуы мен дамуы үшін жағдай жасау;

– инвестицияларды қорғау және сақтандыру жүйесін құру;

–жинақтардың инвестицияларға ауысуы;

– ішкі инвестициялық сұраныстың өсімін қамтамасыз ету.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных