Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сауда саясатының мәні, түрлері мен құралдары




Сауда саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды бөлігі болып табылады.

Елдің сауда саясаты – бұл ішкі нарыққа шет ел тауарларының енуін реттеу саласындағы саясат. Сауда саясаты негізінен тауарлармен және қызметтермен сауда жасау дегенді білдіреді.

Сауда саясаты ұлттық және әлемдік нарықтардың әрекеттесу шарттарын анықтайды. Нақты елдің сауда саясаты сауда тәртібінде көрініс табады. Сауда тәртібі – бұл ұлттық және әлемдік нарықтардың өзара әрекеттесуі үшін қолданылатын шаралар жиынтығы.

Халықаралық саудада сауда саясаты мемлекетпен өңделеді, сондықтан мұнда сыртқы сауда саласындағы мемлекеттік саясат туралы айтылатын болады.

Мемлекеттің сауда саясаты бір жақты, екі жақты және көп жақты болуы мүмкін. Бір жақты – бұл мемлекеттік реттеу құралдары ел үкіметінің әріптестерінің кеңесінсіз бір жақты тәртіпте қолданылғаны жағдайында орын алады.

Екі жақты – бұл сауда саясатының шаралары сауда әріптестері болып табылатын елдер арасында келісілген жағдайда орын алады.

Көп жақты – бұл сауда саясаты көп жақты келісімдермен келісіп, реттелген жағдайда орын алады.

Халықаралық саудаға мемлекеттің араласу ауқымдарына байланысты протекционистік сауда саясатын және еркін сауда саясатын бөліп қарастырады.

Сауда еркіндігі – мемлекеттің сыртқы саудаға минималды араласу саясаты, ол сұраныс пен ұсыныстың еркін нарықтық күштері негізінде дамиды. Еркін сауда саясаты халықаралық саудадағы шектеулерді жойып, тауарлармен, қызметтермен, өндіріс факторларымен халықаралық айырбас жасаудың дамуына ықпал ететін жағдайлар жасауға бағытталған.

Протекционизм – сауда саясатының тарифтік және тарифтәк емес құралдарын пайдалану жолымен ішкі нарықты шетелдік бәсекелестіктен қорғауға арналған мемлекеттік саясат. Осындай шектеулер сауда тосқауылдары деп аталады. Протекционизмнің бірнеше формаларын атап өтуге болады:

- іріктелген протекционизм – жеке елдерге немесе жекелеген тауарларға қарсы бағытталған;

- салалық протекционизм – белгілі салаларды, әсіресе аграрлы протеционизм шеңберінде ауылшаруашылығын қорғайды;

- ұжымдық протекционизм – ұжымға кірмейтін елдерге қатысты елдердің бірлестігімен өткізіледі;

- жасырын протекционизм – ішкі экономикалық саясат әдістерімен жүзеге асырылады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных