Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






РПИК «Дәуір» Республикалық полиграфиялық кәсіпорында орындалатын технологиялық процестер




КІРІСПЕ

 

«Дәуір» – Республикалық полиграфиялық баспахана комплексі, кәсіби қызметте 80-жылдық тарихы бар қазақстандық баспа өндірісіндегі ертеден келе жатқан және кең ауқымды өндіріс. 1932 жылы құрылған баспахана қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының мықты полиграфиялық өндірісіне айналған. Өндіріс Республиканың Алматы қаласында дамыған өндірістік және социальды инфраструктурасы бар қаржы және іскерлік орталығында орналасқан.

«Дәуір» – Республикалық полиграфиялық баспахана комплексі, жеке басқару жүйесі бар, өзін қарқынды дамушы өндіріс деп таныта білген және тұрақты тапсырыс берушілері бар, 600-ден астам жұмысшылары бар өндіріс. Көлеміне қарай бұл өндіріс типографиялар қатарына жатады. Тапсырыс беруші орта және үлкен тиражды, полиграфиялық процестің толықтай біткен қызметін ала алады.

Қазіргі таңда «Дәуір» Республикалық полиграфиялық баспахана комплексі кітап-журнал, газет, іс-қағазды өнімді шығарушы өндірістер арасында алдыңғы қатарлардан көрініп үлгерген. Соған байланысты басуға дейінгі, басу, кітапшалау-түптеу сынды негізгі цехтардан бөлек қағаз даярлау, түптеу қабын даярлау, пленкамен престеу, картон кесу сынды қосымша цехтармен де жабдықталған ауқымды кәсіпорын.

Осы практиканың мақсаты баспахананы жобалау және жеке тапсырмаға арналған өнімді даярлаудың технологиялық процесі. Өндірістік процестің негізгі бөлігі, оның құрамына кіретін басуға дейінгі, басу және басудан кейінгі технологиялық процестер. Осы процестерді орындау үшін бағыты, автоматизациясы, технологиялық мүмкіндігі және өнімділігі жағынан түрлі жабдықтар қолданылады.

Полиграфиялық өнімді дайындау кезіндегі ең басты және негізгі процесс – басу процесі. Басу процесінің негізгі міндеті, басу формасындағы бейнені, мүмкіндігінше анық беру. Қәзіргі таңда қолданыста кең тараған полиграфияда негізгі басу әдісі – жазық басу әдісі болып табылады.

Жазық басу әдісі – классикалық әдістердің бірі. Ол өзінің жоғары сапалылығы, тиімділігі және өнімділігі жағынан ең басты әдіс болып отыр. Жазық әдіспен басу баспалық өнімнің жоғары сапалы болуын, ұсақ бөлшектерінің де анық түсуін, жартылайреңдердің жақсы берілуін қамтамассыз етеді.

Негізгі жұмыс принципі мыналардан тұрады: бейнені белгілі бір әдіспен өңделген пластинаға, сосын қосымша офсетті цилиндр көмегімен тікелей тасымалдауышқа беріледі. Мұндай әдіс арқылы толық түсті бейне алу негізгі төрт түстің бір-біріне жағылуының нәтижесінде алынады.

 

 

РПИК «Дәуір» Республикалық полиграфиялық кәсіпорында орындалатын технологиялық процестер






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных