Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі




 

№№ Курс бойынша оқулықтардың, оқу құралдарының атауы КарМУ ғылыми кітапханасындағы оқулықтар, оқу құралдарының саны
1 Негізгі әдебиеттер
  Антокольская М. В. Семейное право. Учебник. М.: 2009.  
  Нечаева А. М. Семейное право. Учебник. М.: 2006.  
  Пчелинцева Л.М. Семейное право/Курс лекций. М., 2006.  
2 Қосымша әдебиеттер:
  Муканова М.Ж. Брачный договор по законодательству Республики Казахстан, учебное пособие, Караганда, 2004.  
  Муканова М.Ж. Договорный режим имущества супругов: теория и законодательное закрепление, Караганда, 2010  
2.1 Мерзімдік әдебиеттер (басылымдар) тізімі
  Муканова М.Ж. Развитие семейного права Республики Казахстан. Караганда: АРКО, 2010. – 196 с.
  Муканова М.Ж. Понятие и значение договора патроната. / Ғылыми очерктер. Научные очерки. De jure, de facto: Сборник научных трудов. – Караганда: Карагандинский государственный университет им. академика Е.А. Букетова, 2012. – С. 275-284.
  David B. Thronson Custody and Contradictions: Exploring Immigration Law as Federal Family Law in the Context of Child Custody/Hastings Law Journal, Vol. 59, p. 453, 2008
2.2 Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары тізімі
  Акимжанова М.Т. Ильясова М.Т. Курс мультимедийных презентаций по дисциплине «Семейное право» для сспециальности 5В030100 –Юриспруденция
2.3 Интернет көздері
  Брачный договор. Как правильно составить контракт. Все детали и тонкости. Советы ристов.http://flatcenter.ru
  Мир семьи» http://www.fw.ru
       

8 Дәрістік кешен (лекция тезисі)

Тақырып. Отбасы құқығының түсінігі, пәні, әдісі және қағидалары. Қазақстан Республикасының отбасы құқығының қайнар көздері.

Отбасы құқығы – қоғамдық қарым – қатынастарды реттейтін заңдық нормалардың жиынтығы түріндегі оқу пәні. Отбасылық құқық дербес оқу пәні бола отырып, некеден, отбасыдан, оның ішінде бала асырап алудан және т.б. туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуші құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Бұл кұқық саласының пәніне 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 3 – бабына сәйкес мынадай қарым – қатынастардың категориялары жатады:

1) Некеге тұруға, некені бұзуға және оны жарамсыз деп тануға байланысты қарым – қатынастар;

2) Отбасы мүшелерінің, ерлі – зайыптылардың, ата – аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырандылардың) арасындағы, кейбір жағдайларда отбасылық құқыққа байланысты басқа да µзге адамдар мен туысқандар арасындағы µзіндік мүліктік және мүліктік емес жеке қарым – қатынастар;

3) Ата–ананың қарауынсыз қалған балаларды орналастыруға байланысты қарым – қатынастар;

4) Азаматтық хал актілерін тіркеуге байланысты қарым – қатынастар;

Сонымен, отбасы құқығы – некеге тұру шарттарын және оны тоқтатудың ретін тұрақтандыратын, ерлі – зайыптылар, ата-аналар мен балалар және басқа да туысқандар арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін, асырап алудың ретін тұрақтандыратын бірнеше нормативтік актілер жиынтығы.

Отбасы құқығының пәні. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, отбасы құқығы пәні тек қана отбасылық қарым – қатынастар ғана емес, сонымен бірге адамгершілік сипатта болатын және заңдық реттеуге тәуелді қарым – қатынастар болып табылады. Отбасылық қарым – қатынастарда заңдық нормалармен бірге адамгершілік қасиеттердің де маңызы зор екенін айта кету керек, сондықтан да адамгершілік кµзқарасына байланысты қарастыруға жататын және заңдық реттеуге қатысты отбасындағы қарым – қатынастарды шектеу керек.

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 1 бабына сәйкес неке (ерлі-зайыптылық) – ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптарды ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ. Осы заңда отбасы ұғымы да (1-баптың 3-тарм.) берілген, отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстық­тан, қайын жұрттан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алуды өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байла­нысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы; Неке ұғымына қарағанда жанұя ұғымының түсінігі кең. Неке – жанұяның негізгі алғышарты. Көп жағдайларда дұрыс толыққанды жанұя тек қана неке негізінде құрылады және дамиды.

Неке ерлі – зайыптылар, ата – аналар мен балалары және басқа да жанұя мүшелері арасындағы жанұялық құқықтық қарым –қатынастарды туғызатын негіз болып табылатындықтан, отбасы құқығының маңызды заңдық фактілерінің бірі болып табылады.

Отбасылық құқықтық қарым – қатынастардың арнайы ерекшеліктеріне мыналар жатады:

А) отбасылық құқықтың субъектілер заңмен анықталған адамдар (ерлі – зайыптылар, ата – аналар, асырап алушылар) ғана болып табылуына байланысты қарым – қатынасқа түсуші мүшелердің қатаң жекешеленуі;

Ә) құқықтары мен міндеттерінің басқаға берілмеуі және бөлінбеуі;

Б) ақысыз қатынастар;

В) жеке қарым – қатынастардан мүліктік қарым – қатынастарға өтуі.

Қазіргі кезде отбасылық қарым – қатынастарға мемлекеттік – заңдық әсер ету мен әдістерінің көптеген түрлері бар. Осы әсер етулердің ерекшелігі диспозитивті және императивті әдістердің жиынтығы болып табылады.

Отбасы құқығының әдістері және жүйесі. Әдістер:

І. Отбасылық – құқықтық реттеудің диспозитивтілігі, отбасылық құқықтың отбасылық қарым – қатынастар облысындағы отбасылық – құқықтық қатынастар субьектілеріне олардың қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыру үшін құқықтық құралдармен қамтамасыз етуі;

ІІ. Отбасылық – құқықтық реттеудің императивтілігі дегеніміз отбасы құқығының басым көпшілік нормаларының тараптардың келісімі арқылы өзгертуге келмейтін, қатаңдығын айтамыз. Отбасылық қатынастарға мемлекеттік – құқықтың әсер етудің әдістері мен тәсілдерінің императивтілігі тыйымдарда көрініс табады.

Тыйымдар – мемлекет қолдамайтын, қажет емес іс - әрекеттерді болдырмау үшін қажет. Отбасылық – құқықтық тыйымдарды тікелей және жанама деп бөлуге болады.

Ашық түрдегі тиым тікелей болып табылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 11 бабына сәйкес сәйкес мынадай жағдайларда:

1) бір жынысты тұлғалардың;

2) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;

3) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстарды (ата-аналар мен балаларды, атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңілілердің (аға-қарындастарды);

4) асырап алушылар мен асырап алғандардың;

5) біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған және осындай сот шешімі күшін жоймаған адамдардың арасында жол берілмейді.

Көп жағдайларда отбасы құқығының нормалары жанама тыйымдардан тұрады.

Жанама тыйымдар түрінде қандайда бір іс әрекеттерді іске асырмау туралы қорытындыға келу түрін де жатқызуға болады. Мысалы, заңнамаға байланысты, некеге 18 жастан бастап тұруға болады ал кейбір жағдайларда 16 жаста да некеге тұруға болады.

ІІІ. Келесі әдіс – рұқсат ету. Рұқсат ету активті іс әрекеттерге міндеттейді. Мысалы, егер ата – аналары өзара некеде тұрмаған болса, некеге тұратын ерлі – зайыптылар некелік шартқа тұруға болады, баланың әкесі туралы жазылады, әкесі мен анасының бірге өтініш беруі бойынша немесе баланың әкесінің өтініші бойынша іске асырылады.

IV. Отбасылық құқықтық қатынастарға мемлекеттік – құқықтық әсер етудің әдістерінің бірі – ұйғарым. ұйғарым – белгілі бір іс әрекеттерді іске асыруды міндеттейтін әдістер. Мысалы, сот 3 күн ішінде азаматтық жағдайларға актілер ата – аналық құқықтан айыру шешімінің көшірмесін жіберу керек.

Отбасылық құқықтың мемлекеттік – заңдық реттеудің әдістері мен түрлері өзара қарым – қатынасқа әр түрлілігімен ажыратылады. Бұл отбасылық құқықтық қарым – қатынастың субъектілерін қорғауда анағұрлым жеңілірек болуды қамтамасыз етеді.

Отбасы құқығындағы қағидалар:

1. некелік одақтық еріктілік қағидасы;

2. отбасындағы ерлі-зайыптылардың құқықтарының теңдігі қағидасы;

3. отбасы істеріне араласуға жол бермеу қағидасы;

4. ішкі отбасылық сұрақтарды өзара келісім арқылы шешу қағидасы;

5. балаларды отбасылық тәрбиелеу басымдығы қағидасы;

6. отбасының кәмелетке толмаған және жұмысқа жарамсыз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидасы;

7. отбасы мүшелерінің өздерінің құқықтарын жүзеге асырып, оларды қорғауды бөгетсіз қамтамасыз ету қағидасы;

отбасы мүшелерін салауатты өмір салтына ынталандыру қағидасы.

Отбасылық заңдылық бірегейлігі мен дифференциациясын ескере отырып орналасқан азаматтық құқық нормалары түрлі құқықтық нормативті актілердің баптар түрінде (әрі қарай – нормативті актілер немесе құқықтық актілер) көрініс табады, оларды отбасылық құқықтың қайнар көздері деп аталады. Аталған нормативтік актілердің жиынтығы отбасылық заңдылықты құрайды. Отбасы құқығының нормалары заңдарда және нормативтік актілерде бекітілуі мүмкін. Барлық осы нормативті актілер заңды күшіне байланысты қатаң иерархиялық жүйеде орналасқан, нормативті актінің мәні оның заңды күшімен анықталады. Нормативті актінің заңды күші неғұрлым үлкен болса, соғұрлым оның отбасылық заңдылық жүйесіндегі алатын орны басым болады. Отбасылық заңдылықтың нормативті актілерін осылайша құрылуының тек қана теориялық емес, тәжірибелік маңызы да бар. Барлық заңдар заңды күшіне қарай заңдар және заңға бағынышты нормативті актілер болып бөлінеді. Заңдар мемлекеттік өкілетті жоғарғы органдарының шығарған нормативті актілері, олар заңға бағынышты нормативті актілерге қарағанда басым заңды күшке ие.

Конституциялық заңдар ішінен ең үлкен заңды күшке Қазақстан Республикасының Конституциясы ие. Өйткені ол елдің ең негізгі Заңы болып табылады. ҚР Конституциясында құқықтың түрлі салаларының нормалары бар. Олардың ішінде отбасылық құқық нормалары да бар.

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 4 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен, отбасылық құқық нормалары қамтылатын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

ҚР Конституциясының 27-бабы бойынша неке және отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

Болшақ заңгерлерге отбасы құқығының нормаларын білу, олардың кәсіби шеберліктерін жетілдіру үшін қажет.

Отбсылық-құқықтық нормаларды талқылау. Отбасылық-құқықтық нормаларды талқылау деп онда кездескен түсініспеушіліктерді жою арқылы оның мазмұнын түсінуді айтады. Қандай да бір отбасылық-құқықтық нормалардың мазмұнында түсініспеушіліктер түрлі себептерден туындауы мүмкін. Бұл жағдай мысалы нормативті актінің қысқаша жазылуынан немесе өзгеде себептерден пайда болады. Сол себепті отбасылық-құқықтық нормалардың түрлі талқылаулары қолданылады.

Талқылау субъектісіне байланысты: аутентикалық, легальды, соттық және ғылыми талқылаулар болып бөлінеді. Аутентикалық талқылау құқықтық акт мәнін оны шығарған органмен берген талқылауды қарастырамыз. Легальды талқылау құқықтық норманы шығарған органмен емес, осындай талқылаулар жүргізуге толық құқығы бар органмен береген талқылауды айтамыз.

Соттық талқылау құқықтық норма мәні соттық органмен қабылданған шешім ретінде немесе іс бойынша анықталған кезде қолданылады. Соттық талқылау шешім немесе анықтама қабылданған іске қатысы бар тұлғаларға ғана міндеттеуші күшке ие.

Ғылыми талқылау (доктринальды) құқықтық норма мәні ғалыммен қандай да бір әдебиетте, азаматтық заңдарға түсініктеме ретінде, ғылыми конференцияларда, т.б. талқыланған кезде қолданылады. Ғылыми талқылаудың міндеттеуші күші жоқ. Бірақ оның мәні өте зор, өйткені ғылыми талқылаулар талқылауларының міндеттеуші күші бар органдармен қолданылады.

Талқылау әдісіне қарай грамматикалық, логикалық, жүйелік және тарихи талқылаулар болып бөлінеді. Грамматикалық талқылау отбасылық құқық нормаларының мәні грамматика ережелерінің көмегімен анықталатындығымен сипатталады.

Логикалық талқылау азаматтық құқық нормаларының мәні формальды логика ережелерінің көмегімен анықталатындығымен сипатталады.

Жүйелік талқылау отбасылық құқық нормаларының мәні осы норманың отбасылық заңдылықтағы орны мен құқықтың сабақтас нормаларымен қатынасын анықтау жолымен анықталатындығымен сипатталады.

Тарихи талқылау отбасылық құқық нормаларының мәні оны өзі қабылданған кездегі шарттарды салыстыра отырып анықталатындығымен сипатталады.

Талқылау көлеміне байланысты тура, шектеулі және кеңейген талқылаулар болып бөлінеді. Отбасылық заңды тура талқылау заңның мазмұны оның мәтініне тура сәйкес келген жағдайда қолданылады. Заң шығарушы отбасылық -құқықтық норманың нақты мәні оның тура мәтініне сәйкестендіруге тырысқандықтан, көп жағдайда осы тура талқылау қолданылады.

Құқықтық норманың мәні оның мәтінінен тарлау болған жағдайлар да кездеседі. Бұндай жағдайларда шектеулі талқылаулар қолданылады.

Отбасылық -құқықтық норманың мәні оның мәтінінен кең болған жағдайда кеңейген талқылаулар қолданылады.

 

Ұсынылатын әдебиеттер: 1-11 (7 п.)






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных