Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Аш ішектің құрылысы




Аш ішектің қабырғасы шырышты қабықшадан, шырыш асты негізден, бұлшықетті және сірі қабықшалардан тұрады. Шырышты қабықша бірқатар түзілімдер – айналмалы қатпарлардың, бүрлердің және криптілердің болуына байланысты ерекше бедерге ие. Бұл құрылымдар аш ішектің жалпы үстіңгі бетін ұлғайтып, оның негізгі қызметтерін атқаруға септеседі.

Айналмалы қатпарлар шырышты қабықшадан және шырыш асты негізден құралған.

Ішек бүрлері қабықшаның аш ішек саңылауына еркін еніп тұратын саусақ тәрізді немесе жапырақ тәрізді пішіні бар өсінділер болып табылады. Аш ішек бүрлерінің саны орасан көп. Әсіресе, ол ұлтабар мен ащы ішекте мол болады да (1кв.ге 22-40 бүр келеді), мықын ішегінде аз қоныстанады (1 кв. мм-ге 18-31 бүр келеді). Ұлтабардағы бүрлер – енді және қысқа (биіктігі бар болғаны -0,2-1,5 мм). Әр бүрдің түзілуіне шырышты қабықшаның барлық қабаттарының құрылымдық бөлшектері қатысады.

Әрбір ішек бүрінің беті бір қабатты призмалық эпителиймен жабылған. Эпителийде жасушаның үш түрі ажыратылады, олар: бағаналы эпителиоциттер, бокал тәрізді экзокриноциттер мен эндокриноциттер. Бүрдің бағаналы эпителиоциттері бүрді жабатын эпителийлі қабаттың негізгі бөлімін құрайды. Бұлар – пішіні жағынан призмалық, биіктігі 22-26 мкм және ені 3 мкм шамасындағы жасушалар. Олар құрылысының айқын полярлық жіктелуімен сипатталады. Бұл олардың функциональдық мамандандырылуы – тамақпен түсетін заттарды резорбциясы мен тасымалдануын қамтамасыз етуден көрінеді.

Жасушалардың апикальды бетінде көптеген микробүрлерден түзілген жолақты жиек көрінеді. Жасушалардың 1 кв. мкм бетіндегі микробүрлердің саны 60-90 аралығында болады. Адамның әр микробүрінің биіктігі - 0,9-1,25 мкм-ге, диаметрі – 0,08-0,11 мкм, микробүрлердің арақашықтығы – 0,01-0,002 мкм-ге тең. Микробүрлердің көптігінің арқасында ішектің сіңіру беті 30 - 40 есе ұлғаяды. Микробүрлерде жіңішке филаменттер мен микротүтікшелер бар. Жолақты жиектің микробүрлерінде сіңірілуші заттардың ыдырауын, тасымалдануын қамтамасыз ететін ферменттер: фосфатазаның, нуклеозиддифосфатазаның, L-, Д- гликозидазаның, аминопептидазаның және басқалардың жоғары мөлшері табылған. Аш ішек эпителиіндегі фосфатазаның белсенділігі олардың бауырдағы деңгейіне қарағанда 700 еседей көп және олардың ¾ жиекте орналасатындығын атап айту керек. Қоректік заттардың ыдырауы мен сіңірілуі әсіресе жолақты жиекше аймағында қарқынды өтетіндігі анықталған. Бұл процесс қабырғалық ас қорытудан айырмашылығы – ішек түтігінің саңылауында өтетіндігінде. Микробүрлердің беті ферменттер мен қоректік заттардың адсорбенті қызметін атқарады, ал бүрлер арасындағы қашықтық бұл жерде өтетін ферменттік реакциялар үшін тиімді болып табылады.

Микробүрлердің бетінде липопротеидтер мен гликозаминогликандар-дан құралған гликокаликс орналасқан.

Ішектің эпителиінің құрамындағы бокал тәрізді экзокриноциттер бүрде бағаналы жасушалар арасында орналасқан. Олардың саны ұлтабардан мықын ішектеріне қарай өседі. Құрылымы жағынан бұлар - әдеттегі шырышты жасушалар. Оларда шырыштың жиналуымен және бөлінуімен байланысты циклді өзгерістер байқалады.

Бокал тәрізді экзокриноциттер бөлетін шырыш ішектің шырышты қабықшасының бетін ылғалдандыруға және сол арқылы ас ботқасының жылжуына көмектеседі. Бүр эпителиінің астында базальды мембрана жайғасып, одан соң шырышты қабықшаның меншікті табақшасының борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасы орналасады. Оның бойымен бүрді бойлай бағытталған қан және лимфа тамырлары мен нервтер өтеді. Бүрдің стромасында шырышты қабықшаның бұлшықетті қабатының туындылары – жекелеген жазық бұлшықет жасушалары болады. Жазық миоциттердің шоғырларын ретикулярлық талшықтардың торы қоршап, олардың бүр стромасымен және базальды мембранамен байланыстырады.

Миоциттердің жиырылуы тамақ гидролизінің сіңірілген өнімдерінің ішек қанына және лимфасына кіруіне септеседі. Тегіс бұлшықетті жасушалардың шырыш асты негізге енетін шоғырлары сол арадан ететін тамырлардың сыртында айналмалы қабаттарды түзейді. Бұл бұлшықет топтарының жиырылуы мүшені қанмен жабдықтауды реттейді.

Ішек криптілерінің эпителилік жабуының құрамында жасушалардың төмендегі түрлері бар: бағаналы эпителиоциттер, жіктелмеген эпителиоциттер, бокал тәрізді экзокриноциттер, эндокриноциттер және ацидофильді түйіршіктері бар экзокриноциттер (Панеттің жасушалары). Бағаналы эпителиоциттер криптілердің эпителилік жабуының негізін құрайды. Бүрлердің өзі тектес жасушаларымен салыстырғанда олар аласарақ, жолақты жиекшесі жұқарақ, базофильді цитоплазмаға ие. Жіктелмеген эпителиоциттер криптілердің төменгі бөлігінде орналасқан. Бокал тәрізді экзокриноциттер ұдайы криптілерде орналасады. Олардың құрылысы жоғарыда сипатталған жасушаға ұқсас. Эндокриноциттердің саны криптілерде бүрлерге қарағанда әлдеқайда көп. Ацидофильді түйіршіктері бар экзокриноциттер криптілердің түбінде топтасып немесе бір-бірден орналасады. Бұл жасушалар депиптидтерді амин қышқылдарына дейін ыдыратуға қатысатын дипептидазаларды (эрепсинді) бөледі деген болжам бар. Басқа түсінік бойынша, бұл жасушалар химуста болатын тұз қышқылын бейтараптандыратын секретті бөліп шығарады.

Асқазан – ішек эндокриноциттерінің ішекте бірнеше түрі болады. Бәрінен де серотонин, мотилин және Р-затын бөлетін ЕС-жасушалары көп. Энтероглюкагонды өндіретін А-жасушалардың саны аз. Секретинді бөліп шығаратын S-жасушалар ішектің бөлімдерінде әркелкі орналасқан. Бұларға қоса, ішектен ұйқы безі мен бауырдың қызметін арттыратын биологиялық белсенді заттар холицистокинин мен панкреозиминді түзетін l-жасушалар табылған. Сондай-ақ, гастрин өндіруші l-жасушалар, белсенді пептидтерді өндіруші Д және Д1-жасушалар да анықталған.

Шырышты қабықшаның меншікті табақшасына ретикулярлық талшықтардың көп мөлшерде болуы тән. Олар меншікті табақшаның бүкіл өне бойында қалың тор құрып, эпителийге жақын тұста базальды мембрана түзеуге қатысады. Құрылымы жағынан қан түзеуші мүшелердің ретикулярлық жасушаларына ұқсас өсінділі жасушалар ретикулярлық талшықтармен тығыз байланысқан. Меншікті табақшада эозинофильдер, лимфоциттер, сондай-ақ плазматикалық жасушалар ұдайы кездесіп отырады.

Шырышты қабықшаның бұлшық етті табақшасы екі – ішкі айналмалы және сыртқы (босаңдау) қабаттардан тұрады. Екі қабаттың қалыңдығы 40 мкм шамасында. Оларда бұлшық етті жасушалардың қиғаш жатқан шоғырлары да бар. Ішкі айналмалы бұлшық етті қабаттан жекелеген бұлшық етті жасушалар шырышты қабықшаның меншікті табақшасына және шырыш асты негізге өтеді.

Шырышты қабықшада лимфа ұлпасының көптеген шоғырлары бар. Жекелеген (солитарлық) лимфа түйіндері аш ішектің бүкіл өне бойында кездеседі. Олардың диаметрі шамамен 0,5-3 мм. Аш ішектің дистальды бөлімдерінде жатқан үлкенірек түйіндер шырышты қабықшаның бұлшықетті табақшасына өтіп, жарым-жартылай шырыш асты негізде де орналасады. Аш ішектің қабырғасында жекелеген лимфа түйіндерінің саны 3-13 жас аралығында 15000 шамасында болады. Адам қартайған сайын олардың қатары кеми береді.

Топтала түзелген лимфатикалық түйіндер әдетте мықын ішекте көбіректеу орналасады, бірақ кей кезде ащы ішекте және ұлтабарда кездеседі. Түйіндердің саны шамасына қарай ауытқиды: балалардың аш ішегінде - 100-дей, ересектерде - 30-40 шамасында, ал егде шақта олардың мөлшері мүлдем азаяды. Бір жерге топталған лимфа түйінінің ұзындығы – 2-12 см, ені – 1 см шамасында. Олардың ең үлкендері шырыш асты негізде болуы мүмкін. Әдетте топталған лимфа түйіндерінің шоғырланған жерінде шырышты қабықшаның бүрі болмайды.

Шырыш асты негізде көбіне май ұлпасының жиынтығы болады. Онда тамырлар және шырыш асты нерв өрімі орналасады. Ұлтабарда аяққы бөлімдері шырыш асты негіздің бүкіл аймағын дерлік алып жататын, күрделі түтікшелі тармақталған бездер қоныстанады. Бөлетін секреттері жағынан бұлар – шырышты бездер. Олар асқазанның пилорикалық бездеріне біршама ұқсас. Сыртқы бөліктерде шығарушы өзектер жолақты жиектері бар жасушалармен қапталған. Бұл бездерде сондай-ақ ацидофильді түйіршіктері бар экзокриноциттер, асқазан – ішек эндокриноциттері, бокал тәрізді және жекелеген париетальдық жасушалар кездеседі. Шырыш асты негіздің бездері ішек сөлін түзеуге қатысып, маңызды қызмет атқарады. Бұл бездердің секретінде асқазанның пилорикалық және кардиальдық бездеріндегі секілді дипептидазалар табылған. Бездердің секреті амилазаның көмегімен көмірсуларды ыдыратуға қатысады, сондай-ақ ұйқы безі сөлінің амилолитикалық әрекетін жандандырады. Секреттің құрамындағы мукоидтар асқазаннан келетін тұз қышқылын бейтараптандырады.

Бұлшықетті қабықша екі: ішкі – айналмалы және сыртқы – бойлай қабаттардан тұрады. Бұлшық етті жасушалар шоғырларының бағыты екі қабатта да айқын айналмалы және бойлық емес – спиральды немесе оралымды. Сыртқы қабатта спиральдың тарамдары ішкі қабатқа қарағанда созылыңқы. Екі бұлшықет қабаттарының арасында борпылдақ талшықты дәнекер ұлпаның қабатшасы орналасып, онда бұлшықетті- ішек нерв өрімінің түйіндері мен тамырлар жатады.

Бұлшықетті қабықшаның қызметі химусты араластырып, ішек бойымен кейін жылжыту.

Сірі қабықша аш ішектің сыртын барлық жағынан жауып тұрады. Бұл - ұлтабарға қатыссыз. Оның алдыңғы беті ғана – сірі қабықшамен, ал қалған бөлігі – дәнекер ұлпалық қабықшамен қапталған.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных