Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тоқ ішектің қызметтері




1. Секреторлық-ішек сөлін бөлу

2. Сіңіру

3. Экскреторлық (ауыр металлдардың тұздарын бөлу)

4. К және В тобының витаминдерін түзу

5. Эндокриндік

6. Тосқауылдық-қорғаныштық

Дамуы. Жиектік және тік ішектің жамбас бөлігінің эпителийі энтодермадан дамиды. Тік ішектің анальді бөлігінің терілік және аралық аймақтарындағы эпителий – эктодермалық. Ішек тік және терілік эпителийлерінің арасындағы шекара көмескілеу көрінеді және тік ішектің бағаналы және аралық аймақтарының арасында орналасқан. Ішек түтігінің эпителийі ұрықтың құрсақ ішілік өмірінің 6-7–ші аптасында тез өседі. Тоқ ішектің бұлшық етті қабықшасы құрсақ ішілік дамудың 3-айында, ал шырышты қабықшаның бұлшықетті табақшасы 4-ші айында жетіледі.

Тоқ ішектің ішкі бетінің бірнеше құрылымдық ерекшеліктері бар. Біріншіден ол жерде айшық пішінді айналмалы қатпарлар болады. Қатпарларды түзеуге ішек қабырғасының барлық қабаттары қатысады. Қатпарлардың пайда болуы бұлшық ет қабықшасының құрылысына байланысты. Екінші ерекшелік тоқ ішекте бүрлердің жоқтығы. Криптілер болады.

Шырышты қабықшаның эпителий табақшасы 1қабатты призмалық жиекшелі болып келеді. Құрамында бокал тәрізді жасушалар көбірек.

Шырышты қабықшаның меншікті табақшасы ішек криптілерінің арасында орналасқан жұқа дәнекер тіннен тұратын қабатшаларды түзейді.

Шырышты қабықшаның бұлшықеттік табақшасы аш ішектегіден гөрі айқынырақ және екі қабаттан тұрады. Ішкі қабат тығызырақ келіп, негізінен жазық миоциттердің айналмалы орналасқан шоғырларынан құралған. Сыртқы қабат ішек бойымен жартылай бойлай, жартылай қиғаш бағытталған жазық миоциттердің шоғырлары түрінде қалыптасқан. Бұл қабаттағы бұлшық етті жасушалар ішкі қабатқа қарағанда сирегірек орналасқан.

Шырыш асты негізде көптеген май жасушалары болады. Бұл жерде қан тамырларының және нервтің шырыш асты өрімдері орналасқан. Жиектік ішектің шырыш асты негізінде көптеген лимфа түйіндері болады. Олар бұл жерге шырышты қабықшаның меншікті табақшасынан таралады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных