Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Пайдалануға қойылатын техникалық талаптар




3.1. Мемлекеттік Елтаңбаның көлемді орындалуы.

3.1.1. Басшылардың кабинеттерінде диаметрі 500 мм Мемлекеттік
Елтаңба (Ж қосымшасы Ж [2]) орнатылады.

3.1.2. Мемлекеттік Елтаңбаны орнату қарастырылған мәжіліс залдары мен холдарда президиум артындағы қабырға - оның ортасы немесе төрағалық етушінің артындағы орын орналастырудың қолайлы орны болып табылады. Бұл жағдайда үй-жайдың өлшемдеріне байланысты диаметрі 1000 мм-ден бастап 3000 мм-ге дейінгі Мемлекеттік Елтаңба пайдаланылады.

3.1.3. Ресми мәжіліс залдарының трибуналарында оған арнайы
бөлінген орынның жоғарғы бөлігінде диаметрі 250 мм Мемлекеттік Елтаңба орнатылады.

Ғимараттарда орналастыруға арналған Мемлекеттік Елтаңбаны пайдалану ережесі мен өлшемдерінің типтері Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен белгіленген (Ж қосымшасы [6]).

3.1.4. Мемлекеттік мекеменің атауы бар үй-жайлардың кіреберісінде Мемлекеттік Елтаңба маңдайшадағы жазуға, оның жоғарғы бөлігінің ортасында жазудың өлшемдеріне байланысты 120 мм-ден бастап 200 мм-ге дейін диаметрде орнатылады.

3.2. Мемлекеттік Елтаңбаның графикалық бейнесі.

3.2.1. Мемлекеттік Елтаңбаның түрлі түсті бейнесін насихаттау мақсатында плакаттық-баспагерлік өнімдерге пайдаланылады (Г қосымшасы).

3.2.2. Мемлекеттік Елтаңбаның екі түсті және бір түсті бейнесі баспагерлік және жәдігерлік өнімдер үшін пайдаланылады (Г қосымшасы). Мемлекеттік Елтаңба бейнесінің өлшемдері қазіргі жағдайда белгіленбеген жэне Мемлекеттік Елтаңбаның эрбір нақты бейнесін дайындау мақсатына байланысты түрлендірілуі мүмкін. Диаметрі 100 мм және шағын диаметрдегі Мемлекеттік Елтаңбаның бейнесін пайдалану жағдайларында Мемлекеттік Елтаңбаның қарапайым нұсқасы пайдаланыла алады (Г қосымшасы).

3.2.3. Мемлекеттік Елтаңбаның бейнесін мемлекеттік емес ұйымдар мен олардың лауазымды түлғаларының бланкілерінде, мөрлері мен басқа да деректемелерінде пайдалануға рұқсат етілмейді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных