Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дайындаушы кепілдігі




5.1. Тасымалдау, сақтау және шығарылатын өнім сапасын бақылау шарттары сақталған жағдайда дайындаушы Мемлекеттік Елтаңба сапасының осы стандарт талаптарына сәйкестігіне кепілдік береді.


Б қосымшасы

(міндетті)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының

эталондық үлгісінің

СИПАТТАМАСЫ

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы «шаңырақ» (киіз үйдің жоғарғы күмбез бөлігі) бейнесін білдіреді.

2. «Шаңырақ» табаны «шаңырақтың» орта бөлігінен күн сәулесі түрінде бір-бірінің арасында 5 бұрышты 72 данада тарайтын «уықтармен» (тіреулермен) түзілген қима конуспен ілескен, диаметрі 500 мм цилиндр нысанына ие. Елтаңбаның жоғарғы бөлігінде, қиылған конустың бүйір бетіне көлемді бес бұрышты жұлдыз орналасқан.

3. «Кереге» (киіз үй түлғасы) - айқасқан сәулелі элемент. «Кереге» «шаңырақ» табанына симметриялы орналасқан.

4. «Шаңырақтың» орта бөлігі - жарты шарды көмкеретін сыртқы және ішкі сақинадан тұрады.

а) Ішкі сақинадан төмен кертпеш орналасқан. Кертпеште «уық»
элементін жалғастыратын 72 сәуле орналасқан.

б) Жарты шарда осьтен 45 бұрышы астында өзара айқасқан алты
«күлдіреуіш» - әрбірінде үш жетекші элементтен екі жинақты білдіретін
керме-бекітпе енсіз жұқа тақтайша орналасқан. «Күлдіреуіштің» ортаңғы
бөлігі текше түрінде шығыңқы 9 элементтен түрады.

5. «Босаға» - бүл киіз үйдің алдыңғы шығыңқы бөлігі, елтаңбада
кертпеш элементтермен бірге төменгі бөлікте орналасқан.

«Босағаның» ортаңғы бөлігінде көлемді мәтін - «Қазақстан» деген сөз орналасқан, қарпі - кесек, мәтін астындағы фон - фактуралық.

6. «Босағаны» симметриялық орналасқан көлемді-құрылымдық,
«қошқардың» бас бөлігінің стильденген элементтері көмкереді, олар
Мемлекеттік Елтаңба шеңберінен тыс шығарылып орындалған және
«желбау» таспалары «шаңырақтың» сыртқы сақинасынан төмен түсірілген.

«Босағаның» орталық бөлігінен жоғары «белдеу» элементі орналасқан.

7. «Тұлпарлар» - «шаңырақтың» екі жағынан симметриялы орналасқан мифтік қанатты тұлпарлар. Елтаңбаның бұл құрамдас элементі тұлпар тұлғасынан, мүйізі, қанаты мен «тұлпар жалынан» тұрады.

В қосымшасы

(міндетті)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының негізгі элементтерінің пропорционалды байланысы бар жалпы түрдегі

сызбасы

Ж қосымшасы

(ан ы кт амал ы к)

 

Библиография

[1] 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы.

[2] «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 04 маусымдағы № 258-ІП Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы.

[3] Мемлекеттік Елтаңбаның эталон-үлгісі.

[4] Мемлекеттік Елтаңбаны көлемдік дайындау процесін регламенттейтін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасына арналған жобалық-қүрастырылымдық құжаттама салынған СБ-диск және СБ-дискте электрондық нұсқада Мемлекеттік Елтаңба суретінің нұсқалары (екі түсті, бір түсті, түрлі түсті және қарапайым орындалған түрі үшін).

[5] РАNTONE Стандарты, РАNТОNЕ Ғогmula Оиісіе полиграфиялық өнімі үшін түрлі түсті анықтамалық.

[6] 2007 жылғы 2 қазандағы №873 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын, Мемлекеттік Туын және Мемлекеттік Әнұранын орналастыру ережелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

Түйінді сөздер: Мемлекеттік Елтаңба, рәміз, техникалық талаптар, техникалық шарттар, шаңырақ, жұлдыз, тұлпар, өлшемдер, Қазақстан,

босаға, желбау.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных