Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырыбы: Натрий қосылыстарының дәрілік препараттарын талдау: натрий гидрокарбонаты, натрий нитриті, натрий тиосульфаты, натрий тетрабораты




ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

 

 

Фармацевтикалық және токсикологиялық химиялар кафедрасы

Зертханалық сабаққа арналған әдістемелік өңдеу

Бөлім: Табиғаты бейорганикалық дәрілік заттарды талдау

Тақырыбы: Натрий қосылыстарының дәрілік препараттарын талдау: натрий гидрокарбонаты, натрий тиосульфаты, натрий нитриті, натрий тетрабораты

Курс: 3

Мамандық: 5В110300- «Фармация»

Шымкент

Кафедра мәжілісінде бекітілді

 

Хаттама № «» 2011 ж

  «Бекітемін» __________________ Фарм. и токс. химия каф. меңг., фарм.ғ. д., профессор
Ордабаева С.К.

 

 

 

Тақырыбы: Натрий қосылыстарының дәрілік препараттарын талдау: натрий гидрокарбонаты, натрий нитриті, натрий тиосульфаты, натрий тетрабораты

Мақсаты: Натрий қосылыстары:натрий гидрокарбонаты, натрий нитриті, натрий тиосульфаты, натрий тетрабораты дәрілік препараттарының жалпы және жеке қасиеттері негізінде нормативті құжаттар талабына сәйкес фармацевтикалық талдау жүргізуді және сапасына баға беруді үйрету.

Оқыту мақсаты:

· Білім алушыларға дәрілік заттардың жасалуы, алынуы, сақталу және қолдану сатыларында фармацевтикалық талдаудың әдістемелерін үйрету;

· Білім алушыларға дәрілік заттарды талдауда жалпы фармакопеялық әдістерді қолдануды үйрету;

· Білім алушыларға дәрілік заттар сапасына және қауіпсіздігіне нормативті-техникалық құжаттар талабына сай фармацевтикалық талдау жүргізуді үйрету және машықтандыру.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Натрий нитриті, натрий тиосульфаты, натрий тетраборатының физикалық және химиялық қасиеттері.

2. Аталған препараттарды алу жолдары. Препараттардың сыртқы түріне, ерігіштігіне сипаттама беріңіз.

3. Натрий гидрокарбонаты сулы ерітіндісінің рН мәнін көрсетіңіз.

4. Натрий гидрокарбонатының өзі екендігін анықтау оның қандай химиялық қасиеттеріне негізделген?

5. Натрий гидрокарбонатындағы карбонат қоспасының түзілу себебі мен оны анықтау жолдары

6. Натрий гидрокарбонатының сандық мөлшерін анықтау әдістері

7. Натрий гидрокарбонатының тұрақтылығына әсер ететін факторлар

8. Натрий гидрокарбонатының лайлығы №4 эталоннан аспауы керек. Неге?

9. Натрий гидрокарбонатының сулы ерітіндідегі химиялық өзгерісі.

10. Натрий тиосульфатын медицинада қолдану оның қандай қасиетіне негізделген?

11. Натрий тиосульфатын идентификациялау реакциялары

12. Натрий тиосульфатындағы қоспаларды анықтау жолдары

13. Препараттардың ыдырау процесіне қандай факторлар әсер етеді?

14. Натрий нитриті мен натрий тиосульфатының өзі екендігін оларды қыздыру өнімдері арқылы ажыратуға болады ма?

15. Натрий тиосульфаты, натрий нитриті және магний асқын тотығын этанол мен суда ерігіштігі бойынша ажыратуға болады ма?

16. Натрий нитриті мен натрий тиосульфатының сулы ерітінділеріне хлорсутек қышқылы ерітіндісін қосқанда пайда болған өзгерістер бойынша оларды бір бірінен ажыратуға болады ма?

17. Натрий нитриті мен магний асқын тотығы препараттарындағы мышьяк қоспасын анықтау кезінде препараттарды сынаққа дайындау бірдей жағдайда жүргізіледі ме?

18. Натрий тиосульфатының 30%-тік сулы ерітіндісі түссіз, мөлдір болуы керек. Оны қалай дәлелдеуге болады? МФ Х, ХI анықтау әдістері бірдей ме?

19. Натрий тиосульфатының сулы ерітіндісі мөлдір және түссіз болуы керек. Оны қалай дәлелдейсіз? МФ Х, ХI бойынша сынақ бірдей жүргізіледі ме?






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных