Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Туралы түсінік




 

Психиатрия - адам психикасының бұзылуының шығу себептерін, патогенезін, клиникасын, емдеу мен аурудың алдын алу әдістерін зерттейтін ғылым.

Грекше: - «психе» - жан және «иатрио» - емдеу деген сөздердің қосындысы.

Психикалық аурулар әрбір дәуірдегі философиялық көзқарастарға байланысты әртүрлі қабылданды.Демокрит адам психикасы көк еттің (френикус) астында орналасады деп есепеген. Осы күнге дейін «френ» деген сөз психиатрия саласында кеңінен қолданылып келеді. Мысалы: шизофрения, олигофрения, циклофрения т.б. Психиканың бұзылуын (мидың ойлау қабілетінің бұзылуы) кейде психоз деп те аталады. Бұл мида өзгеріс болғандықтан айналадағы шындықты, өзін-өзі білудің, жүріс-тұрыстың бұзылуына байланысты жалпы организмнің ауруы.

Әртүрлі соматикалық ауруларда кездесетін психикалық өзгерістерді де психиатрия ғылымы зерттейді. Медицинаның қай саласында жұмыс істесе де, әрбір медицина қызметкерлері психиатрия ғылымынан хабардар болуға тиісті.

Ерте заман тарихында көз жіберсек ұлы математик - Пифагордан, Гипократтан бастап, Гален, Аретей, бертін келе И.П. Павлов ми, жоғарғы нерв қызметінің әр түрлі типтерін ашты. Осы күнге дейін қолданылып келе жатқан: меланхолия, мания, эпилепсия атаулары сол кісілердің еңбектерінен алынған. Ерте заманда ғылым мен медицинаның шіркеудің қарауында болуы орта ғасырдағы психиатрия ғылымын дамытпады.

Ауруларды - «сиқыршы,жын-шайтан, мыстан» деп отқа өртеп, жандарын қинап «емдемек» болды.ХVІ-ХVІІ ғасырларда ауруларды өлтіру арқылы бұл індеттен құтылдық деп есептеген.

Алғашқы психикалық ауруханалар шығыс елдерінде: Бағдатта, Дамаскіде, Каирде ашыла бастаған.1560 жылы Константинопольда (Түркия) Сүлейман сұлтан психикалық аурухана салдырды.

Осы шығыста Әбу-Әли-Ибн-Сина ауруларға дәріменен емдеуден басқа жұмыс істетіп, әуенмен (музыка) емдеуді ұсынған.

Батыс елдерінде ойлау қабілеті бұзылған ауруларды ауру деп есептей отырып, оларды түрмеге ұқсас мекемелерде ұстауын, жазалауын тоқтатпады, мысалы, Англияда шынжырмен шырмалған жалаңаш ауруларды бай адамдар ақша төлеп келіп мейрамдарда «тамашалаған».

Феодализмнен капитализмге өту кезеңінде (ХVІІІ ғасырдың аяғы, ХІХ ғасырдың соңы) білімнің барлық салаларында алға даму ағымы басталды. Психиатрия саласында еңбек еткен Филипп Пинель өзінің досы жатқан ауруханаға жиі барып алғаш рет Францияда ауруды құрсаған шынжырды шештірді. 1792 жылдан бастап өмір бойы адам төзгісіз жағдайда болған бірнеше адам босатылды. Шынжыр, орнына тыныштандырғыш көйлектер пайда бола бастады.Бірақ емдеуге қолданылатын шаралар көбіне аурудың басына бірнеше шелек салқын су құю, жоғарыдан лақтыру және дүре соғу сияқты шаралардан аспаған. Әсіресе неміс психиатриясы жалған ғылыми көз қарастарымен танылды. Эммануил Кант сандырақтың түрлерін дәрігерлер емес, философтар емдеу керек деп тапты.

Неміс психиатриясының көрнекті өкілдері Гризенгер және Крепелин болып табылады, олар әр аурудың көрінетін белгілерінен басқа ағымы, себебі, патогенезі мен патанатомиясы бар екенін көрсетті.

Тарихи деректерге қарағанда Ресейде психикалық ауруларға адамгершілік көзқарас басым болған. Олар «құдайдан жәбір көрген адамдар» деп танылып, ерекше қамқорлыққа алынған. ІХ-шы ғасырдан ХVІІІ-ші ғасырға дейін Ресейде ақылынан ауысқан аурулар монастырлерде өмір сүрген. Монастырлерге алынбағандары «дуана, сиқыршы, көреген, «әулие»ретінде ел кезіп жүріп, күндерін көрген. Тек өзін «патшамын» деп есептеген аурулар шын патшаның бұйрығымен өлімге кесілген немесе жер аударылып қоғамнан аластатылған. І-ші Петрдің жарлығымен психикалық аурулар әскери қызметтен босатылып,үйленуге немесе мұрагер болуға тыйм салынған. ІІ-ші Екатерина Петербургте есінен ауысқан адамдар саны көбейгендігі туралы мәліметтен кейін полиция қызметкерлеріне ауруларды бір жерге жинақтауға бұйрық берді. Оларға арнайы үйлер салғыза бастады. Бұл үйлерді «долгауз» үйлер деп атап, халық арасында «сары үйлер» деп аталып кетті. Бұл 1776-1779 жылдары болған жағдайлар еді.

ХІХ ғасырдың басында,1826 жылы Мәскеуде есінен айрылғандар үйі Преображен ауруханасы деп аталып аурудың тарихы, жаңа ережелер, емдеу тәсілдері енгізіле бастады. В.Ф.Саблер, Рюль сияқты тамаша дәрігерлер болғанымен жаңа ауруханалар салынуы кейінгі қалтырыла берілді.

Земстволық медицина пайда болған 1864 жылдардан бастап Яковенко, Кашенко, Литвинов сияқты дәрігерлердің күшімен психиатриялық көмек жақсара түсті. И.М.Сеченовтың «Мидың рефлекстері» деген еңбегі 1860 жылы жарияланғаннан соң психиканы зерттеуге жаңа көзқарас пайда болды. И.П.Павлов мектебі жұмыс жасай бастады.

1857 жылы медицинада психиатрия жеке ғылым ретінде бөлініп шықты.Петербордағы ғылыми-медициналық академияда И.М. Балинский дәріс оқып, осы кафедраның бірінші профессоры әрі директоры болды. Оның оқушысы И.П.Мержевский,оның мұрагері И.М. Бехтеров, Осипов т.с.с. болып жалғаса берді.

Ерекше көзге түскен В.Х. Кандинский «Жалған елестеушілік туралы» еңбегін жариялап, бүкіл әлемге танылды. Мәскеуде профессор А.Я. Кожевников, С.С Корсаковтар өздерінің тірі кездерінде халықаралық даңққа ие болды.

Ал, Қазақстандағы жағдайларға тоқсалсақ, ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін елімізде арнайы медициналық мекемелер болған жоқ. Есінен адасқан адамдар «жынды» деген ат алып, ем-домсыз қаңғып өле өлгенше ел аралап жүрді. Емшілері: тәуіптер, бақсылар, дуаналар өз білгендерінше ем қолданып, мағыналы өмірге қайтаруға тырысқанымен, нәтижесі болмады.

1861-ші жылы Оралда 10 адамдық,Жымпитыда 6 адамға арналған психиатриялық аурухана іске қосылды. Одан кейін1893 ж Омбыда,1896ж Семей мен Верныйда ауруханалар ашыла бастады. Бүкіл Қазақстанда 1900 ж 49 орындық аурухана болды. 1957ж Қазақстандағы психикалық ауруларға арналған орын 10 есе көбейіп, 1987 ж осы салаға 40 психиатриялық,44 наркологиялық мекемелер,68 жедел психиатриялық көмек пункті, далалы мекендерде 217 психиатриялық және 223 наркологиялық кабинеттер мен 380 фельдшерлік пункттер енді.

Алматы медицина институтында 1935ж психиатрия кафедрасы ашылды. Кафедра түлектері:Т.А.Әлімханов, К.А. Әділханова, Т.С. Букашев, Г.И. Зальцман, Н.Т.Измаилова, М.А. Гонопольский, Р.Г.Илешева т.с.с ғалымдар елімізде психиатрия ғылымының дамуына зор үлестерін қосты.

 

 

Жалпы психиатрия

Жоғарыда психиатрия ғылымы жалпы және жеке болып екіге бөлінетінін айтқан едік.

Жалпы психиатрия - психиатриялық ауруларға тән жекеленген белгілер мен синдромдарды немесе осы белгілердің тіркескен заңдылығын зерттеу және танып-білу (познавательная сфера), эмоция, қозғалыс-жігер (поведенческая сфера), сана сияқты психикалық қызметтердің бұзылуын тексереді.

Ал, жеке психиатрия: психиатриялық нақты ауруларды, оларды тауып, және емдеуді зерттейтін бөлім.

 

Тұлға

 

Адамның дене құрылысын біз анатомия, физиология т.с.с. ғылымдар арқылы білеміз. Медицина қызметкерлері үшін адам тәнінің құрылысын ғана білу аз, жан дүниесінің де құрылысын білу қажет. Оқытуға оңай болу үшін адам жан дүниесін 4 бөліктен тұрады деп алайық:

бірінші - танып-білу (познавательная сфера),

екінші - сезім (эмоция),

үшінші - қозғалыс-жігер (поведенческая сфера),

төртіншісі - сана.

Қысқаша: ТБ+С+ҚЖ+С деп т анып-білу,сезім, қозғалыс-жігер, сана сөздерінің бас әріптерін алсақ тұлғаның формуласы (личность) мынандай болады:

Т=ТБ+С+ҚЖ+С.

1. Танып-білу жүйесі арқылы біз қоршаған ортаны танимыз, түсінеміз, қабылдаймыз, ойлаймыз, еске сақтаймыз, назар саламыз (зейін), елестетеміз.

а) Қабылдау дегеніміз - айналада болып жатқан объективтік құбылыстарды сезу ағзалары арқылы қабылдап алу. Оған көру, есту, иіс сезу, дәм сезу және тері арқылы сезу қабілеті жатады. Қабылдаудың 80-90 пайызы көру ағзасы арқылы болса,қалған 10-20 пайызы басқа дене мүшелерінің үлесінде.

б) Ойлау - сезім мүшелері арқылы келетін әсерлерді өңдеудің және алынған мәліметтерді талдаудың арқасында пайда болатын түйсік. Қортындылау. Басқаша айтқанда ойлау дегеніміз - адамның миында заттар мен құбылыстардың бір-бірімен байланыс жағдайындағы жалпылама бейнеленуі.Ойлаудың бұзылуы ауру адамның сөйлегенінен білінеді.

в) Ес, еске сақтау дегеніміз - құбылыстарды еске сақтау және

еске түсіру қабілеті. Көп рет қайталанған құбылыстар есте ұзаққа қалады. Есі жақсы адам көп біледі интеллектік деңгейі жоғары болады. Ақылы кем адамдардың механикалық есі, кейбір олигофрендердің музыкалық есі жақсы болуы мүмкін. Ес назармен тығыз байланысты.

г) Назар (зейін) дегеніміз - психиканың бір нәрсеге

бағытталуы, объектіге көңіл қою. Аса назар аударылған нәрсе есте сақталып қалады. Есіне көп нәрселерді сақтап қалған адамдардың интеллекті жоғары болып келеді. Сондықтан ес пен интеллектінің алдын алатын назардың (зейін қою) адам өмірінде алатын орны өте жоғары.

Назар - ерікті, еріксіз болып бөлінеді. Егер бір нәрсені есте сақтау үшін адам өзін-өзі зорлап зейін қойса алдағы уақытта алғашқыда қиын көрінген нәрсе үйреншікті жұмысқа айналады,бұл еріксіз назар.

Назардың бұзылуы - алаңғасарлық және бір бағыттылық.

Біріншісінде - адам жеңіл бір нәрседен екінші нәрсеге ауытқи береді, екіншісінде - зейінін қадалған жерінен аудару қиынға соғады.

д) Елестету - ойша елестету немесе көз алдына келтіру. Адам өзінің өткен өмірін,болашақ өмірін немесе әр түрлі нәрселерді көрмесе де, көз алдына елестете алады. «Кілт» деген сөз арқылы оның формасын,неден жасалғанын айтып бере алады.

2. Сезім (эмоция). Өмірде кездесетін әр түрлі құбылыстарды адам сезіммен қабылдайды. Оған өзінің қарым-қатынасын іс-қимылы арқылы білдіреді. Эмоция - төменгі сатыдағы және жоғарғы сатыдағы болып екіге бөлінеді.

Төменгісі - адамның күнделікті органикалық қажеттілігіне байланысты (ашығу,шөлдеу).

Жоғары эмоция - жанұя, отан алдындағы борыш, эстетикалық қажеттілік. Эмоция адамның ішкі жай-күйімен қоршаған ортасына байланысты. Жақсы жаңалық қуантса,жаман хабар адамды күйзелтеді. Қарны ашса, туысқандарын сағынса, сүйгенін сағынса жабырқайды,көрсе қуанады.

3. Қозғалыс -жігер (поведенческая сфера) немесе іс-әрекет дегеніміз-адамның тек қана қабылдап қана қоймай өзінің ойлағандарын іс-әрекетке ауыстыруы, ол оның жүріс-тұрысынан белгілі болады. Әрбір іс-әрекеттің өзінің белгілі себептері болады.

И.М. Сеченовтың еңбегінде қозғалыс еріксіз истинкт,және ерікті болып екіге бөлінеді.

Шартсыз рефлекске байланысты қозғалыстар (ауырғанда, күйгенде қолды тартып алу, жүру, жазу, мимика) еріксіз қозғалысқа жатса,

ерікті қозғалыс ми қыртысының талдау-синтездік қызметінің қортындысы. Әр нәрсені ойлап барып істеу.

Истинкт - жыныстық, тағамдық өзін-өзі сақтау және аналық инстинкті болып төрт топқа бөлінеді.

4. Сана (сознание) - адамның қоршаған ортадағы шындықты бейнелеуінің ең жоғарғы түрі. Адамзатты жан-жануарлардан ажырататын қоғамдық еңбегінің жемісі, нәтижесі. Жеке психикалық процесс.

Тұлға туралы көзқарасымызды одан әрі жалғастырсақ, тұлға тек қана танып білу, сезім, қимыл-жігер және санадан ғана тұрмайтынын білеміз, бұларға қосымша:

Темперамент – туа бітетін қасиет, өмір бойы егер бастың қатты жарақаты болмаса, қатты уланбаса өзгеріссіз қалатын құзыреттілік. И.П.Павловтың еңбектерінде темперамент:

-сангвиниктік (күшті, ұстамды, пысық);

-флегматиктік (күшті, ұстамды бірақ ынтасыз, жігерсіз)

-холериктік (күшті, ұстамсыз және ұшқалақ);

-меланхоликтік (әлсіз, ұстамсыз және шалағай, жасық) болып төртке бөлініп көрсетілген.

Мінез – белгілі бір адамға ғана тән қасиет (характер).

Тұлғаның басқа адамдарға, қоғамға деген көзқарасы, қарым-қатынасын білдіреді. Өмір өткелдерінде өзгеріске ұшырап отыратын, тәрбие мен үйретуге байланысты, өскен ортасына қарай қалыптасатын құлық.

Мақсат – адамның алдына қойған ақ тілегі. Осындай болсам, осыған жетсем деген арман, болмаса да ұқсап бағу, біреудің ойында баю болса, біреулер оқып, білуге құмар.

Осы тұлғаға тән қасиеттерге адамды қоршаған ортаның зиянды әрекеттерінен (стресс) қорғайтын қасиетін психикалық қорғау жүйесін қоссақ, тұлға дегеніміз – танып-білу, сезім, қозғалыс-жігер, сана, темперамент, мінез, мақсат, психикалық қорғау жүйесі болады немесе қысқаша:

Тұлға=ТБ.С.ҚЖ.С+ТММ+ПҚЖ.

Денсаулық дегеніміз – тән менен жанның,әлеуметтік өмірдің тепе теңдігі.

Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымдастығының дерегі бойынша психикалық денсаулық дегеніміз:

- тән мен жанның тұтастығының бұзылмауы, тұрақтылығы;

- өзіне-өзі сын көзбен қарай алуы;

- өмірде кездесетін неше түрлі қиындықтарға

психикалық қорғаныс жүйесінің төтеп бере алуы;

- қоғамға, өскен ортаға, әлеуметтік жағдайдағы заң,

тәртіпке сай бола білу;

алға қойған мақсатқа жете білу.

Осы жоғарыда көрсетілген дені сау тұлғаларға тән қасиеттері бар адамдарды, азаматтарды қоғамда психикалық ауру деп табу – заңды бұзу болып табылады. Психикалық ауруларды тек арнайы білімі бар дәрігерлер ғана анықтап, ем қолдана алады.

1994 жылы психиатрлардың кәсіби этикалық Кодексі қабылданып, онда негізгі этикалық қалып, ережелер қабылданды:

автономиялық принцип – тұлғаны сыйлау, оның тәуелсіздігіне, таңдаған жолына араласпау.

залал келтірмеу принципі – арнайы тіке және басқа біреулер арқылы ауруға кесел келтірмеу.

қамқорлық принципі – әрқашан аурудың мүддесін қорғау.

әділеттілік принципі – дәрі-дәрмектерді ауруларға алаламай бөлу, тең бөлу.

Медицина қызметкерлері әрқашанда ашық, шыншыл, аурулардың жеке өміріне араласпай, олар туралы белгілі болған жәйттерді басқаларға айтпай емдеуге міндетті. Оқушылармен тәжірибе жұмыстарын өткізгенде ауруларды өздерінің еркінсіз оқу процесіне пайдалануға болмайды.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных