Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Зейінннің (назар) бұзылуы




 

Зейін (внимание) психиканың белгілі бір объектіге

бағытталуы, зейін қою. Ол еспен тығыз байланысты.

Ерікті және еріксіз болып екіге бөлінеді.

Ерікті зейін – қалыпты жағдайдағы үйреншікті әдет. Еріксіз зейін – зорлап көңіл қою, жаттап алуға тырысу. Зейіннің бұзылуын екіге бөледі:

алаңғасарлық – зейіннің оңай бір нәрседен екіншіге ауысуы;

бірбағыттылық (қасару) – бір объектіден екіншісіне қиналып ауысу.

 

ІІ. Сезімнің бұзылуы (эмоция)

 

Сезім бұзылғанда депрессия (гипотимия) жиі кездеседі.

Адамның көңіл-күйі төмендеп қайғылы, мұңды болады. Зарығудың ауыр түрінде ауру өзін-өзі өлтіруге дейін барады (суицидальдық ойлар). Депрессиямен ауырған аурулардың бет пішіні қайғылы, салы суға кеткендей болып жүреді.

Эйфория – көңіл-күйдің патологиялық жоғарлауы. Адам өзін-өзі жоғары санап, денсаулығын мықты сезініп, өзін шыдамды, күшті деп есептейді. Қоршаған орта жақсы болып көрінеді. Ойлары жылдам өтеді. Үнемі қуаныш сезімінде жүреді.

Аффект – адам өзін-өзі ұстай алмайтын қысқа мерзімді сезімнің кілт бұзылуы. Пантомимикалық және вегетативтік өзгерістер қатар кездесетін жағдай. Бұл жағдайларда адам өзіне-өзі есеп бере алмайды. Патологиялық аффектінің айырмашылық белгісі – сананың түнеруі және болған оқиғаның естен толық шығуы.

Физиолгиялық аффект кезінде (ұрсысқанда, өте жаман хабар алғанда) сана өзгермейді, амнезия болмайды.

Дисфория – зарығу, ашыну, кею жағдайындағы наразылық білдіру. Маниакальді адамның көңіл-күйі көтеріңкі бола тұрып сәл нәрсеге ренжуі, ашу шақыруы мүмкін. Қояншыққа, ми атеросклерозына және мидың басқа да органикалық ауруларына тән белгі.

Эмоциональдық селсоқтықта (апатия) сезім мүлдем

жоғалады. Шизофренияда, ми ісігінде жиі кездеседі.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных