Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ІV. Сананың бұзылуы.




 

Клиникалық тәжірибеде сананың бұзылуы деген түсініктің өзінше нақтылы мағынасы бар. Ауру адам кім екенін, қайда екенін, айналадағы жағдайды біле алса,кісілерді таныса,берілген сұрақтарға дұрыс жауап берсе оның санасын анық дейді.

Егер ауру қайда екенін білмей,айналадағыларды танымаса, өзінің кім екенін білмесе,онда оның санасы анық емес. Бірақ бүгінгі күнгі сана бұзылуының мұндай анықтамасы өзін толық ақтамайды. Барлық психикалық ауру адамдардың санасы анық емес деп есептесе дұрысырақ болады.

Есеңгіреу (оглущенность) - талықсу, қойылған сұрақтарға қиналып, қысқа жауап береді. Елестетушілік пен сандырақ ойлар болмайды. Қатты жұқпалы ауруларда, дене қызуы қатты көтерілгенде, ми зақымданған кезде болады.

Сопор - сананың толық болмауы. Ауру айналдырасына толық көңіл бөлмей, сұрақтарға дұрыс жауап бермейді. Бірақ көздің дәнекер қабын тітіркендіргенде қорғаныс ракциясының, табандарын тітіркендіргенде сіңір рефлекстерінің жоғалмағандары байқалады.

Кома - сананың және барлық сезімталдық пен рефлекстердің болмауы. Сопорозды немесе коматозды жағдайлар диабет, уремия кездерінде байқалады. Қояншық ауруымен ауырған аурулардың құрысуынан кейін кома болады.

Ұйқылы-ояулы жағдай - жеңіл түрдегі ойдың алжасуы.

Жаңа ғана ұйқысынан оянған адамдарда болатын жағдай. Ұзаққа созылған ұйқылы-ояу жағдай патологияның белгісі.

Делириозды сананың бұзылуы (делирий) - айналадағы жағдайды шатастыру және оны жалған қабылдау. Өзінің қайда екенін,уақыттың қанша екенін, қасындағылардың кім екенін білмейді. Маңызды белгісі - көру елестеушілігінің көбірек болуы. Ауру жын-шайтан, құбыжықтарды өте айқын көріп тығылуға, қашуға,қарсылық көрсетуге тырысады. Олардың сөздерін, жақындасқандарын анық сезінеді.

Кәсіби делирийде шатасу күшті білінеді. Кәсіптік қызметіне байланысты әр түрлі қимылдар жасайды.

Онейроидты сананың бұзылуы деп түс көру секілді ойдың алжасуын айтамыз. Көру елестеушілігі басым болып, ешкімді танымай ауру адамның өзіне деген санасы бұзылады. Ауруға жалған елестеушілік ретінде көрініп ауру өзімен өзі болудан қалады. Өзін басқа адамдай не бір қияли тірі организмдей сезінеді. Бір нүктеге қарап, қозғалмай жатып өзін басқа планетаданмын немесе күн системасында саяхатта жүрмін деп есептейді. Ешкіммен қарым-қатынас жасамайды.

Онейроид басылғаннан кейін ауру не болғанын айтып бере алады, сондықтан амнезияны жартылай болды деп есептейді.

Аменция - сана бұзылуының ауыр түрі. Толық шатасу.

Амнезия. Қарауытқан сананың бұзылуы (сумеречное состояние) кезінде ауруда қорқынышты елестеушілік пен сандырақ болады. Кенеттен басталып, бірнеше сағат не күндерге созылып жылдам аяқталып, қатты ұйқымен аяқталатын ауру. Тынышсыз, қауіпті, үрейлі болады. Өзі жау деп санаған адамдарды өлтіреді.

Қарауытқан жағдайдан кейін есінде ештеңе де сақталмай, толық амнезия болады.Егер бұл жағдай елестеушілік пен сандырақсыз болса, оны амбулаторлық автоматизм деп атайды немесе еріксіз адасу десе де болады.

Транс кезінде ауру басқа қалаларды аралап кетуі мүмкін, бірақ есінде ештеңе қалмайды.

Сомнабулизм (ұйқысырау) - ұйқыдағы адамның есінде сақталмайтын жүруі және сөйлеуі. Бұл жағдайда адамды ояту мүмкін емес. Бұл да амбулаториялық автоматизмге жатады.

Фугалар - қысқа мерзімді амбулаториялық автоматизм.

Кенеттен өзіне есеп бермей қашу, киімін шешіп әртүрлі қимылдар жасау, соңынан не болғанын білмеу.

Қарауытқан сана қояншықта, мидың органикалық ауруларында (жарақаттанғанда, менингитте, энцефалитте, атеросклерозда, гипертонияда) кездеседі.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных