Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Эпилептикалық статус.




Аз уақытта бірнеше рет қайталанған эпилептикалық тырысулар, аурудың есін жия алмауы.

а) Аурудың тұншығып қалмауын бақылау. Трахеяға интубация жасау.

б) Тырысуға қарсы:

F Седуксен 10-20 мг тамырға 40% глюкоза (20,0) мен бірге асықпай 1 минут ішінде. 15 минуттан қайталауға болады.

F Натрий оксибутираты 10 мл 20% тамырға жайлап, 1 минут ішінде жіберіледі.

Егер қояншықта психикалық қозу басталса:

F Аминазин 50-100 мг бұлшықетке діемесе

F Тизерцин 50-100 мг бұлшықетке

 

Міндетті түрде интенсивті палатаға жатқызылуы керек.

V - тарау

 

Психогенді аурулар

(невроздар және реактивті психоздар)

 

Бұл психикалық зақымдану кезіндегі клиникасы әр түрлі және күрделі топты аурулар. Аурудың пайда болуы мен білінуі адамның жеке басындағы психикалық зақымданудың қарқыны,ұзақтығы мен мәні,организмінің жағдайына байланысты.

Балалар мен жасөспірімдерде инфантилизм,мидың органикалық кемістігі,дамуда үйлесімдік болмаған жағдайда психогенді аурулар оңай пайда болады. Холерик және меланхоликтерде де жылдам пайда болады.

Реактивті психоздар күшті психикалық зақымданудан кейін пайда болады.

Аффективті естен тану реакциясы - жарылу,өрт,ауа-теміржол транспорт апаттары, су тасқыны, жер сілкіну т.б. өмірге қауіп келтіретін күшті, кенеттен әсер етуден кейін пайда болады. Аффекті естен танудағы қозу – ойдың күңгіттеніп алмасуы болатын күшті психомоторлы қозу. Адам ұшып тұрып белгісіз бір бағытқа жүгіреді. Терезеден секіріп, кейде ұйықтап қалуы да мүмкін. Соңынан болған жағдайды есіне түсіре алмайды.

Аффективті естен танудағы ступор – тежелу мен қозғалмай қалу қауіпті жағдайларда мутизм (үндемей қалу), афония (дауыс шықпау), астазия-абазия (тұра алмау және жүре алмау), энурездермен бірге кездеседі. Бұл жағдай бірнеше сағаттан бірнеше аптаға дейін созылуы мүмкін.

Реактивті депрессия – жақын адамының өлімін естігенде, өмірдегі ауыр сәтсіздіктерден кейін болатын зарығу. Ауру аз қозғалып, көбіне төсекте жатып өзін кінәлайды, өзін өзі өлтіруге әрекет жасауы мүмкін. Ұзақтығы бірнеше аптадан бірнеше айға дейін созылады. Балалар депрессиясы ұзаққа созылмайды.

Реактивті параноид - психикалық зақымданудан кейінгі сандырақ ойларға ауысу. Ауру адам күдікшіл, сақ болады. Алған психикалық зақымына байланысты арызқой, күнәмшіл, өш алғыш болып алады, жер-жерге арыз жазып, жаңа талаптар қойып мазасызданады.

Реактивті параноид қатарына теміржол параноиды жатады.

Жол жүріп, жол бойы қатты шаршаған, көп арақ ішкен адамдарға айналасындағылар қастық жасайтындай көрінеді. Жаңа пассажирлерді шпион,кісі өлтірушілер деп біліп,олармен күресуге кіріседі. Пойыздан секіріп,қашып-пысып не біреулерді не өздері өліп тынады.

Емдеу алдымен психикалық зақым көзін тоқтатуға бағытталады.

Ступорда тежелуді қайтару үшін барбамил-кофеин дәрісі беріледі.

Депрессияда психотерапиядан басқа транквилизаторлар: седуксен, феназепам, нозепам, артынан антидепрессанттар: азафен, амитриптилин, мелипромин тағайындалады.

Реактивті сандырақ пайда болғанда трифтазин,галоперидол берілуі керек.

 

Невроздар.

 

Невроздың үш түрі болады:

1) неврастения -жиі кездесетін,өмір жағдайының қиындауына байланысты барлық әлемде кең тараған ауру. Пайда болуы жүйкенің,психиканың ұзақ уақыт зорлануы,оның шаршауы деп табылады. Ұйқы жоғалу, ренжу, өзіне тапсырылған жұмысты алып жүре алмау, отбасындағы реніштер невростенияға алып келеді. Адамдар ашуланшақ,тез қозатын болады.

Эмоциясын тежеу, көз жасын тия алмау,өте сезім- талдық оның өзіне де басқаларға да қиын. Бара-бара ұйқышыл, селсоқ күйге түседі.

Ауру жай дамып бірнеше аптадан бірнеше айға созылады. Психогендік факторлар жойылғаннан соң әрі санаториялы-курорттық дем алу-емделу орындарында болғаннан соң ауру жазылады.

Бастапқы кезде ұйқы реттейтін, тыныштандыратын ванналар, физиоемдер, дәрілер: бром, күкірт қышқылы магнезия, седуксен, элениум, феназепам, нозепам қолданылады.

2) истерия - соматовегетативтік, сенсорлық және қимылдық бұзылулар. Жас кезде және әйелдерде көбірек кездеседі. Истериялық белгілер жүректен, асқазаннан білінетін ипохондриялық шағым ретінде кездеседі. Истериялық булығу, сананың истериялық бұзылуы, истериялық соматовегетативтік бұзылулар истериялық мінез құлқы бар адамдарда және күшті психикалық әсерден не нерв жүйесі нашарлағаннан кейін кез келген адамда білінуі мүмкін.

Булыққан кезде адам еденге құлап, денесі, аяқтары құрысады. Біресе жылап, біресе күлуі мүмкін. Денесі дірілдеп санасы көмескіленеді. Ұстама қояншық ауруына қарағанда ұзақ (1-2 сағат) болады.

Соматовегетативтік бұзылулар - естімей қалу, көрмей қалу, іштің өтуі, құсу,сенсорлы паралич, мутизм белгілері арқылы білінеді. Емдеу кезінде психо, гипнозы, физио емдерден басқа тыныштандыратын, ұйықтататын дәрілер қолданылады.

3) ж абысқақ жағдайлардың неврозында жабысқақ ойлар, көріністер, құмарлықтар, үрейлер, әрекеттер орын алады.

Ауру өз жағдайына сын көзбен қарай алады,бірақ қисынсыз екенін біліп, түсініп тұрсада оларды жеңе алмайды. Канцерофобия, кардиофобия, сифилофобия т.б. қорқынышар өліп қалам ба деген ойды үдете түседі, депрессияға алып келуі мүмкін.

Емдеуі – психотерапия, аутогенді жаттығулар, физиотерапия, режим сақтау, ұйқы реттейтін, тыныштандыратын дәрілер, антидепресанттар.

 

 

Психопатия.

Психопатия - патологиялық мінез, эмоционалды- жігерлік кемеліне келмеу. Тұқым қуалаушылық, құрсақтағы не туғаннан кейінгі алғашқы 2-3 жасқа дейінгі зақымдану бұл жағдайға алып келеді. Әлеуметтік себептер де тиісті орын алады.

Қозу типінде жөнсіз еркелік, өз дегенін істету, сиыспаушылық, төбелескіштік, қыр көрсеткіштік, арақ, темекіге үйірлік орын алады.

Тұрақсыз типте 11-12 жастағы жеткіншектер эмоциялық тұрақсыздық байқатады. Тілегі мен әуестігін тежей алмай тек рахаттану үшін күшін салады. Жылдам достасып, жылдам айрылысады. Келешегін ойламайтын қамқорсыз және бейқам өмір сүреді.

Истериялық (өзімшіл) типте бала басқалардан бөлектеніп, өзін оқшау көрсетуге тырысады. Мақсаты барлық жұртты өзіне қарату, табындыру. Өтірік пен қиялға жақын болып, күншіл, қызғаншақ болып келеді. Жұрттан сәнді кейініп, бөлек көрінуге тырысады. Ойлағандары болмағанда жылап - сықтап, әртүрлі истериялық әрекеттерге барады. Өтірік өзін - өзі өлтіру әрекеттерін жасаған болып, аяныш сезімін тудыруға тырысады. Арақ шарап, есірткелерге үйір.

Психоастениялық тип негізінде ересек адамдарда кездеседі.

Барлық жаңалықтардан қорқатын көңілшек адамдар,күмәнданғыш, ырымшыл, сақтанғыш келеді. Үнемі «бірдеңе болып қала ма» деп сақтанып жүреді. Тартқыншақтық не батыл қадам жасаудан тоқтатып, жолдастарынан кейін қалады.

Шизоидты тип - аутизмдік, жасанды тұйықтық. Жалпы адамдық мәселелерге жанын салып, басқа адамдарды аяп, ал жанындағы адамдардың қайғысы мен мұңына көңіл бөлмейді. Ішкі дүниесі бай болсада сыртқы дүниесі кедей көрінетін адамдар.

Емдеу:Кішкене бала кезден басталатын дұрыс тәрбие және психотерапия

Олигофрения.

«Олиго»- кем, «френ»- ақыл деген сөздерден құралған, яғни кемақыл немесе ақылдың артта қалуы деп аталатын ауру.

Туа пайда болатын ақыл кемістігі. Адам ағзаларының дамуы негізінде жүктіліктің әуелгі үш айында қалыптасады. Ал орталық жүйке жүйесінің дамуы 9 ай ішінде аяқталмай туғаннан соң, 2-3 жылдай жалғасады. Сондықтан залалды заттар құрсақта және нәресте өмірінің алғашқы үш жылында мидың дамуына кері әсерін тигізеді. Дүниеге келген нәрестелердің 3 пайызы олигофрениямен ауырады.

Бала кезде емес жүре пайда болған ми кемістігі деменция деп аталады және ол олигофрениядан бөлек ұғым.

Интеллектуальді (IQ) кемістікке байланысты олигофренияны үш топқа бөледі:

Дебильдік - олигофренияның жеңіл түрі (IQ-50-70%). Бала қосымша мектептерді бітіріп, жеңіл жұмыстарды атқара алады. Сөз қорымен мехникалық есі орташа. Үйленіп, бала сүюі де мүмкін.

Имбецильдікте IQ-20-50% болады. Ақыл кемістігі айқын білінеді. Абстракті ойлауға қабілетсіз, тілі мүкіс, сөз қоры өте аз болып келеді. Өз беттерімен өмір сүре алмай, үнемі бақылауды қажет етеді.

Идиотия - IQ-20%-дан аз ең терең ақыл кемістігі. Ойлау мен сөйлеу қабілеті дамымаған, тұрып жүре алмайтын, біреудің көмегінсіз өмір сүре алмайтын мешел.

Емдеу. Жас жеткіншектер және болашақ ата-аналармен медико-генетикалық кеңестер,медициналық, педагогикалық және әлеуметтік өзара байланысты шаралар қолданылады.

 

VI - тарау

 

ТҰЛҒА

(-) интроверт (+) экстраверт
1. Әлсіз тип (зорығу) 2. Психоастения типі (жандүниенің әлсіреуі) 3. Гипотимді тип (көңіл күйі төмен) 4. Эмотивті-лабильді тип 5. Тұрақсыз тип 6. Шизоидтық тип 1. Қозғыш тип 2. Истерия (өзімшіл тип) 3. Гипертимді тип (көңіл күйі жоғары) 4. Параноялдық тип 5. Эпилептоидтық тип 6. Шизоидтық тип  

 

 

ТЕМПЕРАМЕНТ

 

Күшті

Сангвиникалық темперамент Ұстамды

Пысық (алғыр)

 

Күшті

Флегматикалық темперамент Ұстамды

Жасық(ынтасыз)

 

Күшті

Холерикалық темперамент Ұстамсыз

Ұшқалақ

Әлсіз

Меланхолик темперамент Ұстамсыз

Жасық

 

 

ТҰЛҒА ФОРМУЛАСЫ

 

Т = Т Б С Қ Ж С + Т М М + П Қ Ж

 

 


Тұлға

Қабылдау

Ойлау

Т.Б Ес

(танып- Түйсік

білу) Зейін

Төменгі сезім

С

(Сезім) Жоғарғы сезім (эмоция)

Т

Инстинкт (еріксіз әрекет)

ҚЖ.

Қимыл-жігер Ерікті әрекет

 

Аллопсихикалық (сырт)

С Аутопсихикалық (өзі)

(Сана) Соматопсихикалық (ағза)

ТАНЫП-БІЛУ СФЕРАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ

Анестезия

Гипостезия

Қ Гиперстезия Көру

(қабылдау) Сағым (иллюзия) Есту

Елестеу Шын Иіс

Жалған Дәм

Жанасу

Жабысқақ ойлар

О Аса қымбат ойлар Артынан қуу

(ойлау) Сандырақтар Ерекше маңызды

Кінәлау

Қызғану

Гипермнезия

Т.Б Е Гипомнезия

(ес) Амнезия

Парамнезия

 

Түйсік

(Көзге елестеу арқылы)

Алаңғасарлық

Зейін Тез шаршау

 

 

СЕЗІМ БҰЗЫЛУЫ

 

 

Аурулық аффект

 

Сезімнің жоғарлауы

 

Сезімнің төмендеуі

С

(сезім) Амбиваленттік сезім (қос сезім қатар келу)

 

Депрессия

 

Маниакальді сезім

 

Сезімнің жоқтығы

 

ҚОЗҒАЛЫС-ЖІГЕР

(ӘРЕКЕТ БҰЗЫЛУЫ)

 

Психопаттық қозу

Маниакалді қозу

Кататониялық қозу

Гебефрениялық қозу

Истериялық ступор

ҚЖ Депрессиялық ступор

Катотониялық ступор

Апатиялық ступор

Гипобулия

Гипербулия

Абулия

Парабулия-инстинкт бұзылуы

 

САНАНЫҢ БҰЗЫЛУЫ (АЛЖАСУ)

Есеңгіреу

 

СОПОР (сананың толық болмауы)

 

Кома (сана+рефлекстер болмауы)

 

Делириоздық сана

С

Қарауытқан сана (амбулаторлы автоматизм)

 

Онеироидты сана бұзылуы (түс көру тәрізді алжасу)

 

Аура

 

Ұйқысырау (сомнабулизм)

 

 

Мазмұны

 

І тарау.

Психиатрия пәні және даму тарихы 5

Жалпы психопатология 14

Психикалық ауруларды күту және емдеу,

зерттеудің негізгі әдістері 33

 

ІІ тарау.

Қояншық 36

Бас зақымдануындағы психикалық бұзылыс 42

 

ІІІ тарау.

Маскүнемдік 44

Маскүнемдік психоз 50

Нашақорлық 51

Токсикомания 74

 

IV тарау.

Шизофрения 80

Маниакальді-деперссивті психоз 83

Инволюциялық психоз 85

Сенильді психоз 87

Психиатриялық ауруларға ауруханаға

дейінгі жедел жәрдем көрсету стандарттары. 88

 

V тарау

Психогендік аурулар 92

 

VI тарау

Қосымша 97

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

1.Илешева Р.Г. «Психиатрия», Алматы, 1995 ж.

 

2. Бортникова С.М., Зубахина Т.В. «Жүйке аурулары мен психиатриядағы мейіркеш ісі және наркология», Ростов-на-Дону, 2002 ж.

 

3. Портнов А.А., Федоров А.А. «Психиатрия», Москва, 1971 ж.

 

4. Морозов Г.В. «Алкоголизм», 1983 ж.

 

5. Белогуров С.Б. «Нашақарлар мен есірткілер туралы», Санкт-Петербург, 1998ж.

 

6. Алимханов Ж.А., Букашов Т.С. «Проблема личности в клинической практике», Алматы, 1992г.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных