Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






XIX ғасырдың II жартысындағы Археография




XIX ғасырдың II жартысы Ресейде әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени өмірінде өзгерістер болды. Бұндай өзгерістер Ресейдің феодалды монархиядан буржуаздық монархияға айналу жолын сипаттады. Ресейде капитализм жеңді. Тарих сахнасына жұмысшы табы шықты.

Бүкіл «эпоха кезеңі» мемлекет өмірінің түрлі идеологиялық жақтарын қозғаған қатыгез тап күресімен қатар жүрді. Идеологиялық және саяси күресте түрлі айла әдістер қолданды, аса күштісі басылымдық қызмет болды. Күнделікті басылым беттерінде философия, экономика, тарихи проблемалар жайлы дискуссиялар жүріп жатты. Революция демократиясының мүшелері: «Современник», «Русское слово», «Полярная звезда», «Колокол» басылым орындары үлкен роль ойнады.

XIX ғасырдың II жартысында журнал мен арнайы басылымдар арқылы тарих білімін тарату кең етек алды. 1860-1870 жылдары «Русский архив», «Русская старина» сияқты тарихи және тарихи-әдеби журналдар құрылып, олардың негізгі жұмысы тарихи деректерді басылымға дайындау болды. Мемуар деректері көбіне «Вестник Европы» журналында басылды. Тарихқа деген қызығушылық кездейсоқ емес еді. Қоғамның түрлі топтары тарихтан өз сауалдарына жауап іздеді.

Буржуаздық тарихшылары өз назарын әлеуметтік-экономикалық,құқықтық, крестьян проблемаларына аударды. Жаңа заман тарихын зерттеуге қызығушылық артты. Бұл көркемдік базаның кеңейтілуін және жаңа тарихи деректердің жарыққа шығуын талап етті.

Осындай жағдайда елде археографияның дамуында серпіліс басталды. Бұрын жұмыс істеген археографиялық ұйымдардың жұмысының кеңейюі ғана емес, сонымен қатар, жаңа ұйымдардың пайда болуы байқалды. Олардың ішінен айта кететін ұйым 1866 жылы үкімет қарауымен тарих ғылымының революциялық- демократиялық даму жолына қарсы құрылған Буржуаздық-монархтық Орыс тарих қоғамы еді. 1860 жылы жергілікті археографиялық комиссиялар (Вилен және Кавказ) құрылды. 1880 жылы дворян-буржуаздық тарих ғылым мүдделеріне сай губерниялық оқыту мұрағат комиссиялары құрыла бастады.

Буржуаздық-дворяндық археографиясының дамуымен қатар Ресейде революциялық-демократиялық негізге, идеологияға сүйенген құжаттарды басылымға дайындау әдістері мен жолдары қаланады (Современник, Колокол және т.б. орындарында).

Қарастырылған кезеңнің аяғы Ресейде марксизмнің таралуымен тұспа-тұс. Үлкен рөлді бұл жерде марксистік еңбектер мен материалдар басылған заңсыз басылымдар атқарды. Марксистік еңбектерді аудару мен басылымға дайындаумен «Освобождение труда», «Московское общество переводчиков и издателей» қоғамдары айналысты. Осындай құжаттарды басылымға даярлау практикасында буржуаздық-дворяндық археографиядан айырмашылығы бар жаңа жариялау әдістері ашылды.

vikidalka.ru - 2015-2018 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных