Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жаттардың археографиялық безеңдірілуі. 1-сағат.




Дәріс мақсаты:Құжаттардың археографиялық безендірілудің ерешеліктерін ашып көрсету.

Тірек сөздер:Археографиялық безендірілу, жарияланатын құжаттың тақырыпшасы, авторлық тақырыпша, жеке құжаттарға және құжаттардың тобына тақырыпшалар, баян (бақылау – анықтамалық мәліметтер).

Негізгі қарастырылатын мәселелер және қысқаша мазмұны:

1. Археографиялық безендірілудің кезеңдері.

2. Жарияланатын құжаттың тақырыпшасы, оның міңдеттері, элементтер құрамы, орналастыру тәртібі.

3. Қысқартылған және топтастырылған тақырыпшалар.

4. Авторлық тақырыпша. Тақырыпша элементтері.

Археограф жасап шығарған әр түрлі формадағы «құжаттық тауарлар» өтімі де осыған байланысты емес пе екен деген ой келеді. Солай да сияқты, бұл жерде орама рөлін «құжаттарды археографиялық безендіру» атқарады. Оған жарияланатын құжатқа тақырып қою және бақылау-анықтамалық мәліметтер (түсініктемелер) беру кіреді, бұлардың құжатты басып шығаруда маңызы жоғары. Олардың құрылымына, әдістемесіне және басылым типі, түрі және формасына орай жасалу ерекшеліктеріне тоқталайық.

Тақырыпбасылымның маңызды құрама бөлігі болып есептеледі, өйткені ол пайдаланушыға бұл жерде қандай құжат жарияланатыны жайлы қысқаша мәлімет беріп тұрады. Оқырман (зерттеуші) бұл құжатқа көңіл аудара ма, жоқ па – бұл құрастырушы құжатқа берген тақырыпқа байланысты болады. Тақырып дегеніміз құжаттың сипаты мен мазмұны туралы барынша қысқа мәліметтер жиынтығы, сондықтан да құжатқа тақырып беру міндетін мойнына алған жариялаушы жауапкершілігінің қаншалықты екендігі осыдан-ақ белгілі болмақ.

Төменде тақырып қою технологиясымен таныса келе біз оның мұрағат мекемелері жұмыстарының бір бағыты болып табылатын істерді мазмұндаумен ұқсастығы көп екендігіне көз жеткіземіз. Бұл жағдай, біздің ойымызша, археографияны мұрағаттанумен ұқсастырады және «эдициялық мұрағаттану» сөз тіркесінің пайда болуының бір себебі болып табылады. Алайда айтарлықтай айырмалары да бар: негізінен нақты іс, істің бір бөлігі, іс топтары деңгейінде жүргізілетін мұрағаттық мазмұндаудан ерекшелігі сол, археографияда тақырып мұрағатта сақталатын құжаттар құрамына кіретін, мерзімдік басылымдарда жарияланатын, т.б. жекелеген құжаттарға беріледі. (Әрине, мұрағатта да істерді мазмұндау кезінде кейбір жағдайларда егер ол тұтас іс болса немесе мұрағаттық істер құрамына жататын бір бөлім немесе неғұрлым маңызды құжаттарға аңдатпа берілген кезде олар жекелеген құжаттар болуы мүмкін).

Жарияланатын құжат тақырыбының құрамына қандай элементтер кіреді? Ең алдымен, бұл – құжаттың археограф жариялауға даярлап жатқан басылымдағы реттік нөмірі. Оны құжат жасалу процесінде берілген іс қағаздарын тіркеу нөмірімен немесе, мысалы, оның ресми басылымда жарияланған нөмірімен шатастыруға болмайды. Одан кейін құжаттың түрі немесе басқа түрлері белгіленеді (бұйрық, есеп, хаттама, жарғы, үкім, пұрсаттамалар, т.б.); авторы; адресат (кейбір құжат түрлері үшін); қысқаша мазмұны; құжаттың датасы; егер құжатта көрсетілген болса, іс қағаздарын тіркеу нөмірі; жазылған орыны келеді.

Археографтар әртүрлі кезеңде әртүрлі құжаттарға жасаған, ғылыми типтегі археографиялық басылымдардан алынған, жоғарыда аталған элементтердің барлығы дерлік бар тақырыптардан мысал келтіреміз:

 

№ 127

Батыс Двина кемелер отрядының бастығы Н. М. Серебренниковтың Теңіз бас штабына Батыс Двина өзеніндегі барлық кемелерді Қызыл Армия қажетіне жұмылдыру туралы хабарламасы.

№ 217, Витебск 30 тамыз 1919 ж.

 

№ 132

Партизан тобының командирі С. И. Казанцевтің ЦШПД бастығы П. К. Пономаренкоға 1943 ж. 6 қазан күні Минск қаласында фашист басқыншыларына қарсы диверсия ұйымдастыру және өткізу туралы қысқаша есебінен.

20 қаңтар 1944 ж.

 

(В непокоренном Минске: Документы и материалы. Мн., 1987. С. 155)

Ғылыми типтегі басылымдар тақырыптарында әдетте жоғарыда аталған элементтердің барлығы болуы тиіс; көпшілікке арналғандар мен оқулықтарда қажетті элементтері тақырып астына немесе түсініктемеге шығарылатын публицистикалық сипаттағы тақырыптар қоюға рұқсат етіледі:

№ 6

vikidalka.ru - 2015-2018 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных