Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Редакциялық–баспалық процесс. 1-сағат




Дәріс мақсаты: Құжаттар жинағы қолжазбасының баспаға дайындығы кезеңдерін анықтау және ашып көрсету.

Тірек сөздер: Редакциялық–баспалық процесс, пікір беру, қолжазба, корректеу.

Негізгі қарастырылатын мәселелер және қысқаша мазмұны:

1. Редакциялық–баспалық процесс: мәні және сатылары.

2. Баспаға дайындаған құжаттар жинағы қолжазбасыны пікір беру және бекіту.

3. Баспаға қолжазбаны тапсыру және оны корректеу.

 

Редакциялық–баспалық процесс: мәні және сатыларын айқындау және сипаттау

Баспа — кітап, газет, журнал, плакат және т.б. баспа өнімдерін шығаратын кәсіпорын

Редакциялық–баспалық процесс редакциялық-баспа және өндірістік әрекеттерді қамтиды. Әдебиетті (ғылыми және әдістемелік, сондай-ақ ақпараттық және нормативтік материалдарды) редакциялауды және басып шығаруды ұйымдастырады, баспаның ғылыми және әдеби мазмұнын, көркемдік әрі техникалық ресімделуін бақылауды жүзеге асырады. Шығарылатын әдебиеттің нарықтағы бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету, басылымның рентабельдігі мен табыстылығын арттыру мақсатында оның сұранысына талдау жасайды. Тұтынушылардың сұранысын және нарық конъюктурасын ескере отырып, ұйым жұмысының тақырыптық бағытына сәйкес әдебиеттерді басып шығарудың перспективалық және жылдық жоспарларының жобаларын жасайды. Редакциялық-дайындық жұмыстарының жоспарларын, өндірістік-қаржылық жоспарларды, басып шығарудың редакциялық және өндірістік процестерінің кестесін әзірлеуді басқарады. Қолжазбалардың уақытылы ұсыну, баспа таңбаларын теруге және өңдеуге дайындау мерзімдерін, полиграфиялық ұйымдардың басылым тиражын теру, басу және шығару бойынша кестенің орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Авторлармен баспалық шарттардың және әдебиетті шығару бойынша жұмыстарды орындауға тартылатын сыртқы редакторлармен, рецензенттермен, суретшілермен және де басқа адамдармен шарттардың (келісімшарттардың) уақытылы жасалуын, басқа ұйымдармен әр түрлі полиграфиялық және рәсімдеу жұмыстарын орындауға шарттар жасауды және тапсырыстарды рәсімдеуді ұйымдастырады. Олар орындаған жұмыс үшін есеп айырысу құжаттарын дайындаудың, авторлық қаламақылар мен штаттан тыс қызметкерлерге төленетін ақы мөлшерін белгілеудің дұрыстығын бақылайды. Нарық өнімінің даму жағдайы мен келешегін ескере отырып, басылым номиналы мен тиражын бекітеді. Баспа қызметін лицензиялау үшін құжаттарды дайындайды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных