Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жаттарды баспаға іріктеудің негізгі қағидалары




Құжаттарды баспаға іріктеудің әдіснамалық негізі тарихилық және объективтілік қағидалары болып табылады. Тарихилық қағидасын жүзеге асыру төмендегілерді міндеттейді:

әр дереккөзді оның пайда болуының себептері мен оның атқаратын қызметін ескере отырып нақты тарихи дәуірдің өнімі ретінде қарастырған жөн;

зерттеліп отырған мәселенің дамуын көрсету;

әрбір тарихи үдерістің жалпы және ерекше, өзіне тән қатынасын айқындау;

тарихи құбылысты бірізді көрсететін өзара байланысқан құжаттар кешенін ұсыну.

Тарихи құбылыстың күрделілігі, жан-жақтылығы және қарама-қайшылығына қарамастан жан-жақты зерттеуді талап ететін объективтілік қағидасы нақты шындықтың түрлерін көрсететін және құжат авторының бағаларын беретін әр түрлі дереккөздерді іріктеп алу жолымен жүзеге асырылады.

Құжатты жинақтарды дайындау барысында жоғарыда баяндалған алға қойылған әдіснамалық қағидалар мен міндеттер негізінде құжаттарды жариялауға іріктеп алу мақсатында іздеп табылған дереккөздердің ғылыми және іс-тәжірибелік құндылықтарын деректанушылық талдау жүргізіледі.

Деректанушылық талдау құжаттың түпнұсқалылығын, уақытын, орнын, қалыптасу жағдайын және сырт ерекшеліктерін, оның ішінде техникалық, мәтіннің авторлығын, пайда болу себептерін, нақтылығын айқындау, құжат мәтінінің сақталу дәрежесі мен жасалу тәсілін анықтауды қарастырады. Жүргізілген талдаудың негізінде құжаттардың нақты басылымның тақырыбы мен міндеттеріне орай іріктеудің сипаттарына сәйкес келетіндігі айқындалады. Іріктеу барысында жарияланымға ұсынылған дереккөздердің түрлері мен әртүрлілігі толықтығы ескеріледі.

Жарияланымға құжаттарды іріктеу барысында төмендегідей кезеңдер жүзеге асырылады: біріншіден, жарияланымға ұсынылған мәтіндер анықталады, екіншіден, жарияланымға жіберуге жатпайтын, бірақ ғылыми-анықтамалық аппаратта пайдаланылатын құжаттар белгіленеді, үшіншіден толығымен жарияланбайтын құжаттар тобы бөлініп алынып, оларды жариялау түрі туралы мәселе шешіледі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных