Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ТАҚЫРЫП БОЙЫНША СТУДЕНТТІҢ ӨЗІ ӨЗІ ТЕКСЕРУІНЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ




1. Ультрадыбыс деп.....

a) жиілігі 20 кГц төмен, есту әсерін тудыратын серпімді тербелістер мен толқындарды айтамыз.

b) жиілігі 20 кГц төмен, есту әсерін тудырмайтын серпімді тербелістер мен толқындарды айтамыз.

c) жиілігі 20 Гц төмен, есту әсерін тудыратын серпімді тербелістер мен толқындарды айтамыз.

d) жиілігі 20 кГц – 20 мГц, есту әсерін тудыратын серпімді тербелістер мен толқындарды айтамыз.

е) жиілігі 20 кГц жоғары, есту әсерін тудырмайтын серпімді тербелістер мен толқындарды айтамыз.

2.Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) құралының жұмыс істеу принципі … негізделген.

a) ішкі ағзалардан ультрадыбыс толқындарының сынуына...

b) ішкі ағзаларда дыбыс толқындарының сынуына...

c) ішкі ағзалардан дыбыс толқындарының шағылуына...

d) ішкі ағзалардан ультрадыбыс толқындарының шағылуына...

3. Ультрадыбыстық диагностикада … датчиктер қолданылады.

a) сызықты, параметрлі және конвексті…

b) тек секторлы және конвексті…

c) секторлы, сызықты және параметрлі…

d) тек сызықты және конвексті датчиктер…

е) сызықты, секторлы және конвексті…

4. Диагностикада ультрадыбыстық зерттеу … негізделген.

a) жылулык әсеріне…

b) механикалық әсеріне…

c) тығыздығы әртүрлі ұлпа шекарасынан сыну құбылысына…

d) тығыздығы әртүрлі ұлпа шекарасынан ультрадыбыстың жұтылу құбылысына...

е) тығыздығы әртүрлі ұлпа шекарасынан ультрадыбыстың шағылу құбылысына...

5. Секторлы сканерлеу кезіндегі шолу аймағы

a) 60 градус бұрышты сектор болып келеді, оның көрінбейтін аймағының тереңдігі 3-4 см.

b) 120 градус бұрышты сектор болып келеді, көрінбейтін аймағының тереңдігі 5-8 см жолақ болып келеді.

c) 140-160 градус бұрышты сектор болып келеді., оның көрінбейтін аймағының тереңдігі 3-4 см.

d) 80 градус бұрышты сектор болып келеді, оның көрінбейтін аймағының тереңдігі 3-4 см.

6. Сызықты сканерлеу кезіндегі шолу аймағы … болып келеді.

a) 60 градус бұрышты сектор болып келеді, оның көрінбейтін аймағының тереңдігі 3-4 см.

b) 120 градус бұрышты сектор болып келеді, көрінбейтін аймағының тереңдігі 5-8 см жолақ болып келеді.

c) 140-160 градус бұрышты сектор болып келеді., оның көрінбейтін аймағының тереңдігі 3-4 см.

d) 5-8 см жолақ болып келеді, көрінбейтін аймағы өте аз.

7. Конвексті сканерлеу кезіндегі шолу аймағы … болып келеді.

a) ені 5-8 см жолақ...

b) 80 градус бұрышты сектор...

c) 140-160 градус бұрышты сектор...

d) 60 градус бұрышты сектор...

8. Шолу аймағы … түрінде болады.

a) сызықты сканерлеуде 8-15 см жолақ, секторлы сканерлеуде – 60 градусты бұрыш, конвексті сканерлеуде – 80 градусты бұрыш...

b) сызықты сканерлеуде 5-8 см жолақ, секторлы сканерлеуде – 80 градусты бұрыш, конвексті сканерлеуде – 120 градусты бұрыш...

c) сызықты сканерлеуде 5-8 см жолақ, секторлы сканерлеуде – 120 градусты бұрыш, конвексті сканерлеуде – 60 градусты бұрыш...

d) сызықты сканерлеуде 10-20 см жолақ, секторлы сканерлеуде – 80 градусты бұрыш, конвексті сканерлеуде – 60 градусты бұрыш...

е) сызықты сканерлеуде 5-8 см жолақ, секторлы сканерлеуде – 80 градусты бұрыш, конвексті сканерлеуде – 60 градусты бұрыш...

9. Доплерография әдісі деп.... өлшеуді атайды.

a) қанның көлемін...

b) қанның көлемі мен жылдамдығын...

c) қан ағысының үдеуін...

d) қан ағысының жылдамдығын..

10. Доплерография әдісі деп...

a) қанның көлемін өлшеуді атаймыз, ол..

b) қан ағысының удеуін өлшеуді атаймыз, ол...

c) қан ағысының жылдамдығын өлшеуді атайды, ол...

1. шағылған сәуле жиілігінбазисті сәулемен салыстырғандағы өзгерісі арқылы анықталынады.

2. түскен сәуле интенсивтілігін базисті сәулемен салыстырғандағы өзгерісі арқылы анықталынады.

3. сынған сәуле жиілігінбазисті сәулемен салыстырғандағы өзгерісі арақылы анықталынады.

11 УД диагностикада..... жиілікті датчиктер қолданылады.

a) 0,5-2,0 МГц

b) 12,5-17,5 МГц

c) 8,5-12,5 МГц

d) 13,0-20,5 МГц

е) 2,5-7,5 МГц

12. УД өтімділігі..

a) оның интенсивтілігіне тәуелді.

b) оның жиілігіне тәуелді, жиілік жоғары болған сайын УД терең енеді

c) зерттелінетін дене тығыздығына тәуелді, ал жиілікке тәуелді емес.

d) оның жиілігіне тәуелді, жиілік төмен болған сайын УД терең енеді

13. Конвексті датчиктің артықшылығы...

a) көрінбейтін аймақтың болмауы және бір фокустың болуы.

b) шолу аймағы тереңдігінің аздығы кескіннің анық көрінуіне мүмкіндік береді.

c) шолу аймағының тар және УД үшін мөлдірлік терезенің болуы және бүйрек, бауыр, ұрықты сканирлеу мүмкіндігінің болуы.

d) шолу аймағының кең болуы көптеген ішкі мүшелерді сканирлеу мүмкіндігінің болуы.

14. Секторлы датчиктің кемшілігі...

a) дене бетінен тереңдігі 3-4 см көрінбейтін аймақтың және бір фокустың болуы.

b) шолу аймағының аздығы кескіннің анық көрінуіне мүмкіндік береді.

c) шолу аймағының тар және УД үшін мөлдірлік терезенің болумауы.

d) шолу аймағының кең және УД үшін мөлдірлік терезенің болуы

15. Сызықты сканирлеудің артықшылығы...

a) көрінбейтін аймақ 10-20 см аспайды, бірнеше фокустың болуы, соның нәтижесінде кескіннің анық көрінуі.

b) көрінбейтін аймақтың көп және бірнеше фокустың болуы, соның нәтижесінде көру бағыты

бойындағы денелерді ажырату каблетінің жоғары әрі анық көрінуі

c) басқа датчиктермен салытырғанда терең қабатта көру аймағының кең болуы, жүрек,

әйелдердің жыныс мүшелерін сканирлеу мүмкіндігінің болмауы

d) көрінбейтін аймақтың аз және бірнеше фокустың болуы, соның нәтижесінде көру бағыты бойындағы денелерді ажырату каблетінің жоғары, әрі анық көрінуі

16. Сызықты сканирлеудің кемшілігі...

a) көрінбейтін аймақтың көп және бірнеше фокустың болуы, соның нәтижесінде көру бағыты бойындағы денелерді ажырату каблетінің жоғарығ әрі анық көрінуі,

b) көрінбейтін аймақ 10-20 см аспайды, бірнеше фокустың болуы, соның нәтижесінде кескіннің анық көрінуі.

c) көрінбейтін аймақтың аз және бірнеше фоеустың болуы, соның нәтижесінде көру бағыты бойындағы денелерді ажырату каблетінің жоғары, әрі анық көрінуі

d) басқа датчиктермен салымтырғанда терең қабатта көру аймағының тар болуы, жүрекғ әйелдердің жыныс мүшелерін сканирлеу мүмкіндігінің болмауы

 

 

13 дәріс. ЭЛЕКТРЛІК ЕМЕС ШАМАЛАРДЫ ӨЛШЕУ.

ДАТЧИКТЕР.

Лекция мақсаты. Диагностикалық зерттеулер кезінде өлшенетін шамалардың басым көпшілігінің табиғаты механикалық, жылулық немесе акустикалық болып келеді. Мысалы тамырлардағы қан қысымы, ағзаның температурасы, жүрек дыбысы және т.б. көптеген физикалық факторлардың (өзгерістердің) табиғаты электрлік емес. Мұндай мәліметтерді өлшеу үшін оларды алдын ала электрлік сигналдарға (токқа) айналдыру қажет. Бұл датчиктердің көмегімен іске асырылады. Датчиктер диагностикалық медициналық қондырғылардың негізгі элементтері болып табылады.

 

Диагностикалық мақсаттарда адам ағзасындағы түрлі физиологиялық шамаларды өлшеуге тура келеді. Олардың көбінің табиғаты электірлік болмағандықтан ағзада ешқандай биоэлектірлік өзгерістер тудырмайды. Мысалы тамырдағы қан қысымы, жүрек соғуы, дене температурасы, т.б. физиологиялық факторлар (өзгерістер) жатады. Мұндай шамаларды тіркеу датчик деп аталатын құрал арқылы іске асырылады. Датчик деп электрлік емес шамаларды пропорционалды түрде электрлік сигналдарға айналдыратын құралды атайды. Медициналық датчиктер зерттелінетін ағза мен оны тексеретін, алынған мәліметті тіркейтін құрал арасын байланыстыратын бөлік қызметін атқарады.

Датчикке сырттан әсер ететін, яғни түрлендірлетін (өлшенетін) шаманы Х- кіріс сигналы деп, ал түрлендірілген (өлшенген) шамалардың әсерінен датчикте пайда болған электр сигналын, яғни ток күшін, кернеуді, кедергіні, жиілікті Y- шығыс сигналы деп атайды. Кіріс сигналына қан қысымын, ұлпаның қанға толуын, жүректің соғуы н т.б. физиологиялық мәліметтерді, сондай –ақ химиялық (концентрация, тығыздық), механикалық (орын ауыстыру, жылдамдық) және физикалық (температура, ылғалдылық, жарықталыну, т.б.) шамаларды жатқызуға болады.

Датчиктердің Y- шығыс сигналының Х кіріс сигналына функционалды тәуелділігін Y=f(X), не оның графигін датчиктердің сипаттамалары деп, ал S=dYdX өрнегімен анықталынатын шаманы датчиктің сезгіштігі деп атайды. Сезгіштік шекарасы деп датчик сезе алатын кіріс сигналының ең аз өзгерісін атайды.

Датчиктер генераторлы және параметрлі деген топтарға бөлінеді. Генераторлыға өлшенетін шамалардың әсерінен датчикте электр қозғаушы күш (э.қ.к.) пайда болатындар жатады. Мұндай датчиктерге ток көздерінің қажетті жоқ. Параметрліге - өлшенетін шаманың әсерінен датчик параметрлерінің бірі (оның кедергісі, сиымдылығы, индуктивтілігі, өткізгіштілігі т.б.) өзгеретіндер жатады. Мұндай датчиктер сыртқы ток көздерінсіз жұмыс істей алмайды, әрі олар тізбектей жалғанады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных