Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ЗГЕРГІШТІКТІ ЗЕРРТЕУ ӘДІСТЕРІ




Варияциялық статистика (лат. "вариацио" - өзгеру, грек. "статос" — күй). Тіршілік өкілдерінің (ауыл шаруашылық малдары мен тағы жануарларда, мәдени өсімдіктерде) арасында байқалатын өзгергіштік оларға сипаттама беру үшін зерттеудің арнаулы әдісін керек етеді. Себебі өзгергіштікті және индивидтерде зерттеу олардың әр түрлілігінің салдарынан дұрыс нәтиже бермейді.

Белгілердің өзгергіштігін зерттейтін арнаулы ғылым биометрия ("биос" - өмір, "метрео" — өлшеймін) деп аталады. Бұл биология мен математика ғылымдарының жапсарынан пайда болған, оның, математикалық негізі — ықтималдықтар теориясы. Биометрия - өзіне тән әдістері, зерттеу тақырыбы бар дербес терминологиясы және бейнелері мен ерекше проблемалары бар, ең бастысы ерекше есептері бар ғылым. Егер былайша анықтама берсе, биометрия дегеніміз — биологиядағы топталған қасиеттерге (белгілер) математикалық талдау жасайтын ғылым деп түсіну керек.

Топталған қасиеттер (белгілер). Биометрияның басты зерттеу тақырыбы болып есептелген және арнаулы талдау жасалатын топталған қасиеттері дегеніміз не? Бұл мынадай қасиеттер: а) жеке объектілердің бір топқа жиылуынан және олай қосылмаса байқалмайтын; б) зерттелетін әр объектіде болмайтын; в) жай объектілер қосындысынан өзгеше, топ құратын қасиеттер.

Биометрия жеке қүбылыстардың ерекшелігін зерттемейді, себебі жеке объект — топ емес. Биологиялық материалдарды талдауға жекеленген құбылыстардан басқа барлық жағдайда биометриялық көрсеткіш алуға болады. Қазіргі биометрия топтың л-2 басталған кез келген саннан тұратын объектілерін зерттеуде биологтарға көмектеседі (л-1 де топ жоқ).

Белгілі бір объектілердің тобы жиынтық құрайды. Жиынтық деп мысалы, бір тұқымға жататын мал тобын, бір атадан немесе анадан тараған топты, немесе зерттеу жүргізілген мал тобын (бір отар қой) т.б. айтады. Жиынтық жеке бірліктерден немесе мүшелерден тұрады. Бір отар қой үшін бірлік әрбір қой болып табылады. Жиынтыққа кіретін мүшелер (бірліктер) саны жиынтық объектісі деп аталып п әрпімен белгіленеді. Жиынтық бірлігі белгілермен сипатталады. Мысалы, сиырдың сүттілігі, майлылығы, белок мөлшері, тірі салмағы, дене өлшемдері, түсі, мүйізділігі, тұқымдылығы, қанының көрсеткіштері — қызыл түйіршіктер саны, гемоглобин проценті т.с.с.

Зерттелетін белгінің мөлшерін бір жиынтық бірлігі бойынша варианта (франц. "варианте", лаг. "вариане", "ва-риантис" - өзгергіш) деп атайды да V әріпімен бейнелейді. Варианта — статистикада сандар қатарының әрбір мүшесі..Мысалы: V,, V2, V3, ал жалпы V, t — варианттының рет номері. Егер бірнеше айдағы сиырдың сүттілігін — 40. 43, 39 деп алсақ, осы өлшемдер варианталар болады, яғни V, = 40, V2 = 43, V3 = 39.

Жеке варианталар арасындағы айырмашылық өзгергіштік немесе вариация (тегінен айнуы) деп аталады.

Сандық және сапалық белгілер. Өзгергіштікті зерттегенде сандық және сапалық, белгілерді айырады. Сандық белгілерді өлшеу арқылы цифрлармен есепке алады. Мысалы, малдың салмағы, қойдың жүнінің ұзындығы, салмағы т.с.с. Ал сапалық белгілер сөзбен сипатталады. Мысалы, түсі қара, қызыл, қара ала, коңыр т.с.с..

Егер бір-біріне қарама-қарсы варианттар болса, осындай сапалық белгілер альтернативті (фран. "альтернативе", лат. "алтер" — екінің бірі) деп аталады. Мысалы, жынысы — аталық не аналық, қара малда — мүйізді немесе тұқыл, малдың денсаулық күйі — ауру немесе дені сау.

Белгілердің сандық немесе сапалық болып бөлінуіне сәйкес өзгергіштік те сандық және сапалық болады. Сандық өзгергіштік екі түрлі: үздіксіз және кідірмелі (дискретті) болады. Үздіксіз өзгергіштіктің варианталар ара-сында кілт шектелу және ауысу болмайды, ол өлшем дәлдігімен анықталады. Егер варианталар арасында сандық айырмашылық болса — ол кідірмелі (дискретті) өзгергіштік. Мысалы, әрбір мегежіндердің (аналық шошқалардың) торайларының саны бүтін сандармен, 9, 10, 11 т.с.с. белгіленеді.

ЖАЛПЫ (ТЕГІС ҚАМТИТЫН) ЖӘНЕ ІШІНАРА ІРІКТЕЛГЕН ЖИЫНТЫҚ. Жалпы жиынтық тегі бір тұқымдас мал тобын тегіс қамтитын, мысалы бір тұқымға жататын барлық сиырлар немесе қойлар жиынтығын айтады. Жалпы жиынтыққа бір малдан алынған қанның қызыл не ақ түйіршіліктерінің жалпы саны да жатады. Жалпы жиынтыққа (тұқымға) кейде бірнеше миллион мал басы жатады. Тұқым көптеген жиынтыққа ажырайды, жеке шаруашылықтың мал отарлары, кейбір жеке аталық ізі (линия) немесе аналық ұя (семейство) т. с. с. Әрине жалпы жиынтықты есепке алып оны сипаттау өте қиын. Сондықтан жалпы жиынтықты емес оның ішінара іріктелген бір бөлігін ғана зерттейді.

Әрбір организм өз ата-аналарынан алған дайын гендер жиынтығымен туатыны белгілі. Бірақ тұқым қуу қасиетімен қоса организмде өзгергіштік қасиет те болады. Өзгергіштік барлық тіршілік өкілдеріне тән қасиет. Организмдердің өзгергіштік қасиеті негізінде жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің жаңа тұқымдарын алуға болады.

Өзгергіштік деп жаңа белгілерге ие болу немесе бұрыңғы белгілерінен айырылу қасиетін түсінеді. Ол бір тұқымның алуан түрлілігінен көрінеді. Өзгергіштік тірі организмдердің тұқым қуалаушылық касиетімен тендес басты ерекшеліктерінің бірі. Ол тірі табиғаттың эволюциясы барысындағы бүкіл көп түрлілігіне негіз болғандықтан эволгацияның негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып табылады.

Өзгергіштіктің үлкен биологиялық маңызы туралы алғашқы жүйелі ғылыми пікір айтқан Ч. Дарвин болды. Ол тұқым қуалаушылық, өзгергіштік және сұрыптау (табиғи немесе қолдан сұрыптау) органикалық дүние эволюциясының негізгі үш қозғаушы күші екенін толық дәлелдеді. Ол өзгергіштіктің екі түрін айырды - а й қ ы н өзгергіштік — жеке организмдердің (индивидтердің) бір тобы екіншісінен белгілі бір айқын себептердің әсер етуінің салдарынан пайда болады. Б е л г і с і з өзгергіштік — тек қана жекеленген индивидтерге тән бір-бірінен айырмашылықтар болатыны.

Дарвиннің пікірі бойынша осындай жеке организмдердің арасындағы ұсақ айырмашылықтар табиғи және жасанды сұрыптауға материал береді. Сонымен қатар Дарвин өзара байланысты (коррелятивті) өзгергіштікке үлкен мән берген. Бұл байланыстар организмдегі белгілердің өсіп-өну барысындағы өзара әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болады.

Дегенмен, егер популяция аралық айырмашылық олардың тұқымдық ерекшеліктеріне байланысты болса, онда ол келешек ұрпаққа тарайды, яғни тұқым қуалайды. Егер айырмашылық сыртқы ортаның әсерінен (азықтандыру, күту т.б.) болса, онда осы себептердің әсері тоқталғаннан кейін ол айырмашылықтар да тоқталады, яғни тұқым кумайды. Сондықтан қазіргі көзқарас бойынша өзгергіштікті тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын деп екі жікке бөледі.

Тұқым қуалайтын өзгергіштік деп нәсілдік қасиеттердің әсерінен (күшінен) туған, ұрпаққа берілетін, малдар мен өсімдіктердің жеке өмірімен ғана шектелген өзгергіштікті айтады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных