Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Селекцияға қажетті бастапқы материалдар тұқым, сорт және штамм




Селекция үшін қажетті бастапқы материалды білмей, олардың шығу тегі мен эволюциясын зерттемей тұрып, жануарлар мен өсімдіктердің және микроорганизмдердің қазіргі бар формаларын жанарту, жақсарту мүмкін емес.

Өсімдіктердің дүние жүзілік ресурстарын зерттей отырып Н. И. Вавилов басты - басты екпе өсімдіктердің шығу орталықтарын ошаққа бөлді, индиялық ошақ - күріштің, қант қамысының, цитрустардың отаны, орта азиялық ошақ - бидайдың, бұршақтың және басқа дақылдардың отаны, Қытай - дәнді дақылдар (тары, қарамық, сояның), алдыңғы азиядан бидайдың және қарабидайдың көптеген формалары және жеміс-жидектердің біраз түрлері шыққан. Одан басқа жерорта теңізі, абиссина, оңтүстік Мексика, Оңтүстік Америка ошақтары бар.

Үй жануарларын да осы сияқты ошақтардан таратуға болады. Тұқым, сорт және штамм дегеніміз белгілі бір түқым қуалайтын ерекшеліктері бар, адам қолдан жасап шығарған организмдердің популяциясы. Бір тұқымның, сорттың немесе штаммнын ішіндегі дарақтардың тұқым қуалаушылық жағынан бекітген, ұқсас, ортақ қасиеттері болады. Олар беретін өнімі, физиологиялық және морфологиялық қасиеттердің белгілі бір жиынтығы және сыртқы орта факторларына бір типті жауап беруі. Мысалы, леггорн тұқымына жататын тауықтардың салмағы төмен, бірақ жұмыртқалағыштығы жоғары келеді. Азықтандыру және күтім жағдайларын жақсартқанда, олардың жұмыртқалағыштығы артқанымен, салмағы онша өзгермейді. Ал лангшан тұқымына жататын тауықтардың керісінше салмағы жоғары да, жұмыртқалағыштыгы төмен. Күтім жағдайын жақсартқанда олардың салмағы артады да, жмыртқалағыштығында өзгеріс онша болмайды. Сонда әр тұқымның өзіне тән тұқым қуалайтын қасиеттері бар.

Қандай болмасын тұқым, сорт, штамм одан белгілі бір өнім алу мақсатында шығарылады. Қазіргі кезде жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің мол өнімді формаларын алуда селекция едәуір жетістіктерге жетті. Мысалы, голштинофриз тұқымының бір сиырынан 365 күнде майлылығы орта есеппен 5,1 % 16702 кг сүт сауылған. Селекционер академик В.С.Пустовойт шығарған күнбағардың майлылығы 50 % пайызға дейін жетеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных