Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Азаматтық құқықтың ұғымы, пәні және реттеу тәсілдері




Акционерлік қоғамы

АЗАМАТТЫҚ, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ КАФЕДРАСЫ

Идрышева С.Қ.

 

 

«Азаматтық құқық»

(жалпы бөлімі)

Оқу-әдістемелік нұсқаулар

 

Астана, 2016 ж.

 

УДК

 

 

Азаматтық құқық пәнінің жалпы бөлімі бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар «Құқықтану», «Құқыққорғау», «Халықаралық құқық» мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы. Оқу құралының мазмұны «Азаматтық құқық» пәнінің жалпы бөлімі бойынша барлық тақырыптарды қамтиды, әрбір тақырып бойынша қысқаша нысанда негізгі құқықтық нормалар мен институттарды сипаттайды. Бұл оқу-әдістемелік құралы «Азаматтық құқық» пәнінің ерекше бөлімін де түсініп, игеруге көмек болады.

 

Ысқартулар мен белгілеулер

Осы оқу құралында келесі қысқартулар мен белгілеулер қолданылады:

 

б. – бап

ҚР АК, АК – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі

т.б. – тағы басқа

ТМД – тәуелсіз мемлекеттердің достастығы

 

тақырып. Азаматтық құқықтың ұғымы, пәні және реттеу тәсілдері

Бұл тақырыпты оқу барысында, «Азаматтық құқық» ғылым ретінде, құқық саласы, заңнама саласы және оқу пәні ретінде түсіну мен пайдалану айырмашылықтарын білген жөн. Азаматтық құқық - ол «Құқық» мамандықтары тобының негізгі бір пәні, жеке құқық саласындағы барлық пәндерін оқып игеруге негіз болып табылады.

Құқық жүйесінің әр саласын бір бірінен олардың реттеу нысанасы мен реттеу әдісі айырады. Құқық саласының «нысанасы» - ол құқық саласы нені, яғни, қандай қоғамдық қатынастарды реттейді, ал «әдісі» - ол құқықтық сала қоғамдық қатынастарды қалай реттейді деген сұрақтарға жауап береді. Азаматтық құқықтың негізгі нысанасы ақшалай-тауарлық қатынастар болып табылады, яғни нақтылы құндылығы бар мүліктік құқықтар мен игіліктер жөніндегі мүліктік катынастар.

Және де мүліктік катынастармен байланыстығы жок жеке (өзіндік) мүліктік емес қатынастар да азаматтық құқықтың нысанасы болады (мысалы, ар-намыс, азаматтың есімі жөніндегі қатынастар). Мүліктік емес қатынастардың мүліктік катынастармен байланыстысы да азаматтық құқық нысанасы (пәні) болып табылады, мысалы: авторлық құқық саласындағы сыйақы алу жөнінде қалыптасатын қатынастар. Бұл қатынастар тұлғамен тығыз байланысты болғандықтан, оларды тұлғадан бөлуге болмайтындықтан, және олардың нақтылы бағасын белгілеуге мүмкіншілік болмауына байланысты, тек субъективтік түрде бағаланатындықтан «жеке, дара, мүліктік емес» деп те аталады (А сызбасын қараңыз).

Азаматтық құқық қатынастарын реттеу әдісінің негізгі белгісі - азаматтық құқық субъектілерінің теңдігі болады. Жария құқығы әдістеріне қарағанда, азаматтық құқықтың негізгі әдісі рұксат ету әдісі болып танылады, яғни мемлекет азаматтық құқық субъектілеріне өзара әрекеттерін заң деңгейінде өздеріне реттеуге рұқсат етеді. Бұл мақсатта императивтік емес, диспозитивтік әдісі қолданылады (бірақта азаматтық құқық қатынастарын реттеуде императивтік әдіс те қолданылады). Қоғамдық қатынастарды азаматтық–құқықтық реттеуде азаматтық айналым қатысушыларының мүлкін оқшаулау және еркінің дербестігі тәсілдері де негізге алынады.

Азаматтық құқық жүйесіне тоқтайтын болсақ, азаматтық құқық өзге құқық салалары сияқты, жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Олардың әр қайсысының өз реттеу нысанасы, өз нормалары мен институттары бар. Сонымен бірге жүйенің екі бөлімі де бір бірімен тығыз байланысты және арақатынаста болады. Тәжірибеде құқықтық нормаларды қате қолданудың бір себебі - әр бөлімнің нормаларын бір бірінен бөлек, жүйесіз қолдану болады: мысалы, ерекше бөлімнің нормаларын жалпы бөлімнің ережелеріне байланыссыз қолдану.

Азаматтық құқық саласына қарағанда, азаматтық құқық ғылымы оның дамуын зерттейді, азаматтық заңдарды талдайды, жалпы ғылыми әдістерге, салыстырмалы құқықтану әдістеріне және арнайы әдістерге сүйене отырып әртүрлі ғасырлар, әртүрлі мемлекеттер, әртүрлі құқық жүйелері заңнамаларын салыстырып бағалайды. Қазақстан Республикасы азаматтық құқық ғылымының дамуына, оның нормаларының, институттарының қалыптасуына және дамуына, континенталдық құқық жүйесінің негізі болып танылатын рим құқығы нормаларының рецепциясы әсер еткен және сонымен бірге соңғы жылдарында ағылшын-саксондық құқық жүйесінің нормалары да әсер етеді. Соның нәтижесінде, мысалы, Қазақстанда акционерлік қоғам, мүлікті сенімгерлікпен басқару институттары, т.б. енгізілген, «Астана» халықаралық қаржылық орталығы шегінде туындайтын мүліктік даулар ағылшын-саксондық сот тәжірибесі бойынша қарастырылуға жатады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных