Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Азаматтық құқықтың негізгі бастаулары (қағидаттары) және қайнар көздері




Азаматтық құқықтың негізгі бастаулары (қағидаттары, принциптері) өзге құқық салаларының қағидаттары сияқты, тиісті нормаларды дұрыс түсініп қолдануға мүмкіншілік беретін негізгі бастамалар. Олар конституциялық және салалық болып бөлінеді. Арнайы немесе азаматтық құқықтың салалық қағидаттары нормативтік деп аталады, өйткені олар Азаматтық кодекстің екінші бабында бекітілген. Бұл бапта келесі қағидаттар аталған: қатысушылар теңдігі, меншікке қол сұқпаушылық, шарт еркіндігі, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласпауы, азаматтық құқықтардың кедергісіз жүзеге асырылуы, нұқсан келген құқықтардың қалпына келтірілуі, азаматтық құқықтардың сотта қорғалуы. Әр қағидаттың мазмұнын студент толық ашып көрсету қажет.

Азаматтық құқықтың қайнар көздері (дерекнамалары, бастамалары) – ол, жалпы ереже бойынша, азаматтық құқық нормаларынан тұратын нормативтік құқықтық актілер жиынтығы (заңнамалар). Азаматтық құқықтың негізгі қайнар көзі болып Қазақстан Республикасының Конституциясы танылады. Онда барлық меншік түрлерінің теңдігі, кәсіпкерлікпен айналысу құқығы, т.б. бекітілген. Аса маңызды заң актісі - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі болады. Ол 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда күшіне енген Жалпы бөлімнен және 1999 жылы 1 шілдеде қабылданып күшіне енген Ерекше бөлімнен тұрады. Азаматтық заңдардың құрамы қылмыстық, әкімшілік, жер және өзге заңдар құрамына қарағанда өте кең ауқымды болады. Мысалы, азаматтық құқық қайнар көздеріне мүліктік қатынастарды реттейтін көптеген заңдар мен заңға тәуелді актілер кіреді. Азаматтық құқық дерекнамалары ретінде халықаралық шарттардың орнын және рөлін де атап өту қажет.

Басқа құқық салаларына қарағанда, азаматтық құқықтың ерекшелігінің бірі, оның дерекнамалары ретінде әдеттегі құқықтар және іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттерінің қолданылуы. Іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттерінің мысалы ретінде ИНКОТЕРМС ережелерін атауға болады.

Бұл мәселені зерттеуде 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы заңын қосымша қолдану қажет. Және де «Мемлекет және құқық теориясы» пәнінен алған білімдерге сүйене отырып, азаматтық құқықтық актілерінің уақытта, кеңістікте және қатысушыларына қарай қолданылу мәселесін меңгере білген жөн.

Сот тәжірибесі азаматтық құқық қайнар көзі ретінде тек қана Қазақстан Республикасы Конституциялық Кенесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары түрінде қолданылуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы «Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» № 7 нормативтік қаулысы, «Меншік иесімен тасталған тұрғын үйге құқық жөніндегі дауларды соттардың қарау практикасы туралы» 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 3 нормативтік қаулысы, «Тұрғын үйге меншік құқы туралы заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы» 1999 жылғы 9 шілдедегі № 10 нормативтік қаулысы, т.б.

Жоғарғы соттың әрбір нормативтік қаулысының соңғы тармақтарында «осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіледі және жалпыға бірдей міндетті болып табылады» - делінген.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулыларының арасында азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін келесі қаулыларды атап кетуге болады: «Қостанай облысы Қостанай қаласының № 2 сотының өтініші бойынша «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 3-тармағының және 25-бабының 1-тармағы 6) тармақшасының конституциялылығын тексеру туралы» 2008 жылғы 23 сәуірдегі № 4 нормативтік Қаулысы; «Қарағанды облыстық сотының ұсынымы бойынша 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-ХІІІ Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 218-бабы 6-тармағының конституциялығын тексеру туралы» 2014 жылғы 11 маусымдағы № 2 нормативтік қаулысы, т.б.

Конституциялық Кеңестің әрбір нормативтік қаулысының соңғы тармақтарында да Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағы негізінде қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енетіні, шағымдануға жатпайтындығы, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті және түпкілікті болып табылатындығы туралы ескертіледі.

Бұл тақырыпты оқу барысында азаматтық құқықты сабақтас құқық салаларынан: отбасы, еңбек, жер, тұрғын үй, азаматтық іс жүргізу құқықтарынан оқшаулау мәселелерін зерттеп өту қажет.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных