Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Қазіргі замандағы дүниежүзілік азаматтық-құқықтық жүйелері




Бұл тақырыпты зерттеуде «құқықтық жүйе» және «құқық жүйесі» терминдерін айыра білу жөн, мысалы, «Қазақстан Республикасының құқық жүйесі». Атап кетсек, қазіргі заманда дүние жүзінде төрт құқықтық жүйелерін ажыратуға болады: роман-германдық (еуропалық, континенталдық), ағылшын саксондық (ағылшын-американдық), мұсылмандық (діни) және дәстүрлі құқықтық жүйелері. Олардың арасында соңғы ғасырларда кең тараған жүйелер ретінде роман-германдық және ағылшын-саксондық құқықтық жүйелерін атап кету қажет.

Роман-германдық (континенталдық) құқықтық жүйесі рим құқығының нормаларына негізделген. Бұл жүйеде құқықтық қайнар көздері ретінде бірыңғай жүйеге қалыптастырылған нормативтік-құқықтық актілер болып, ал негізгі заң ретінде конституция танылады және заңдардың иерархиясы қағидаты колданады. Континенталдық құқықтық жүйеге Еуропа континентінің көптеген мемлекеттерінің құқық жүйелері (Ұлыбритания мен Ирландиядан басқа), ТМД мемлекеттерінің құқық жүйелері жатқызылады.

Ағылшынсаксондық құқықтық жүйесіне Англия мен Уэльс, АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия және өзге мемлекеттер кіреді, оның ішінде бұрынғы Ұлыбритания империясының колониялары болған мемлекеттер де бар. Бұл мемлекеттерде негізгі құқықтық қайнар көзі болып сот прецеденттері танылады.

Шетел мемлекеттерінің азаматтық құқықтық ережелерінің жалпы сипаттамасына келе тұра бүгінгі заманда ТМД мемлекеттері де біріне бірі шет ел екендігін ескеру қажет. Алайда бұл бірлестіктің көпшілік мемлекеттері қолданудағы Азаматтық кодекстері ТМД-ға арналып жазылған бірыңғай Үлгілі Азаматтық кодекске негіздеген (Модельный Гражданский кодекс СНГ). Қазақстан Республикасының құқық жүйесі негізінен роман германдық құқықтық жүйесінің ережелеріне сүйенеді, сонымен қатар соңғы жылдары ағылшын-американдық құқықтың да нормаларын қолданысқа алып отыр.

2015 жылғы 7 желтоқсандағы «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 4-бабына сәйкес, осы Орталықтың қолданыстағы құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделе отыра, сонымен қатар берілген өкілеттіктер шегінде Орталықтың органдары қабылдайтын, Англия және Уэльс құқығының қағидаттарына, нормалары мен прецеденттеріне және (немесе) әлемнің жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына негізделуі мүмкін Орталықтың осы Конституциялық заңға қайшы келмейтін актілерінен де тұрады. Орталықтың органдары Орталық қатысушыларының және (немесе) Орталық органдарының және (немесе) олардың жұмыскерлерінің арасында туындайтын азаматтық-құқықтық, азаматтық-процестік, қаржылық қатынастарды реттейтін актілерді қабылдауға құқылы.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болғандықтан осы халықаралық бірлестіктің құжаттары да біздің мемлекетіміздің азаматтық заңнамасына әсер етуде.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных