Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Заңды тұлғалар: ұғымы, белгілері, құқыққабілеттілігі. Заңды тұлғаларды тіркеу




 

Заңды тұлғалар қазіргі уақытта азаматтық құқықтық қатынастарының ең кең тараған қатысушыларының бірі болып танылады. Бірақта кез келген кәсіпорын, мекеме, ұйымдар заңды тұлға мәртебесіне ие бола бермейді. Заңды тұлғаның анықтамасы және белгілері ҚР АК 33-бабында берілген. Заңды тұлға дегеніміз – ол меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, немесе жедел/оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар, сол мүлкіменен өз міндеттемелері бойынша мүліктік жауап көтеретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Бұл анықтамадан заңды тұлғаның төрт белгісін көруге болады, бесінші белгісі ретінде азаматтық құқықтық әдебиетте заңды тұлғаның ұйымдастырушылық бірлігі аталады.

Адамзат тарихында заңды тұлғаның қалыптасуы ұзақ уақытқа созылған, сондықтан азаматтық құқық теориясында әртүрлі «заңды тұлғалар теориялары» пайда болған. Мысалы, К.Ф. Савиньидің фикция туралы теориясы, немістердің нақтылық теориясы және басқалар.

Заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар сияқты, азаматтық құқық субъектілері ретінде құқыққа қабілетті және әрекетке қабілетті болуы тиіс. Бірақ, жеке тұлғалармен салыстырғанда, заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бір уақытта (ол құрылған кезде) пайда болып, бір уақытта (заңды тұлға таратылғанда) тоқтатылады. Сондықтан да, құқықтану саласында заңды тұлғаларға қатысты бір ғана термин қолданылады – «заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі» деген (Азаматтық кодекстің 35-бабы). Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі жалпы және арнайы болады, ол қабілеттілік заңды тұлғаның арнаулы органдары және өкілдері арқылы жүзеге асырылады.

Заңды тұлғаның құрылған күні болып заңды тұлға Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне тіркелген күні танылады. Мемлекеттік тіркеу тәртібі Азаматтық Кодексте (41, 42-б., б.) және арнайы нормативтік құқықтық актілерде бекітілген. Мысалы, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Заңы, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Нұсқаулық.

Мемлекеттік емес заңды тұлғалар үшін тіркеу ерікті түрде өткізіледі: тиісті санға, көлемге, құрамға сай құрылтайшылар, жарғылық қоры, тіркеу туралы өтініш, құрылтай құжаттарын (жарғысын немесе жарғысы мен құрылтай шартын), мемлекеттік мекемелер үшін - Ережелерін, орналасқан орны туралы анықтама қағазын және тіркеуге төленетін арнайы төлемнің төленгені жөніндегі құжаттарын тапсыру арқылы өткізіледі.

Құрылтай шарты оның құрылтайшылары екі немесе одан да көп болған жағдайда жасалады. Егер осы заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу электрондық нысанда көзделмеген болса, онда шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдардың құрылтай құжаттары міндетті түрде нотариалдық куәландыруды қажет етеді («Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі Заңының 15-бабының 5-тармағы; «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 8-бабы).

Жарғы мен құрылтай шартының мазмұнын да атап өту қажет (41-бап). Заңды тұлғаның құрылтай шарты жасалады, ал жарғысын құрылтайшылары бекiтедi. Құрылтай шарттың мазмұны коммерциялық құпия болып саналады, ал жарғының мазмұны жария санатына жатады, сондықтан ҚР-ның АК 41-бабының 7-тармақшасына сай барлық мүдделі тұлғалар заңды тұлғаның жарғысымен танысуға құқылы.

Шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлға өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мазмұнын белгiлейтiн үлгілі жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады, мұндай жағдайда сол заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін жарғыны ұсыну талап етілмейді. Коммерциялық емес ұйымдар мен мемлекеттiк кәсiпорындардың құрылтай құжаттарында заңды тұлға қызметiнiң мәнi мен мақсаты белгiленуге тиiс.

Егep заңды тұлғаны бiр тұлға құрған болса, құрылтай шарты жасалмайды, құрылтай құжаттары ретінде жарғы (ереже) және заңды тұлға құру туралы жазбаша түрде рәсiмделген жалғыз құрылтайшының Шешiмi болады.

Заңды тұлғалардың кейбір түрлері үшін тіркеу кезінде жарғылық капиталының белгілі мөлшерінің болуы қажет. Мысалы, жауапкершілігі шектелген серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін оның жарғылық капиталының мөлшері құжаттар табыс етілген күнге бір жүз айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне баламалы сомадан кем болмауға тиіс («Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңының 23-бабының 2-тармағы).

Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне бағынышты тіркеу органдарына арнайы белгіленген нысан бойынша өтiнiш берiледi және қазақ және орыс тiлдерiнде жасалған үш данада құрылтай құжаттары қоса беріледі (электрондық нысанда жасалған тіркеуді қоспағанда).

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), филиалдарды (өкілдіктерді) есептік тіркеу (қайта тіркеу) және құжаттарды беру мерзімдері ҚР «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеужәне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995ж. 17 сәуіріндегі Заңының 9-бабында бекітілген. Мысалы, акционерлік қоғамдарды, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.

Егер тиісті құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тапсырылған болса, мемлекеттік тіркеу өтініш берілген кезден бастап жұмыс күнінің бір сағаты ішінде жүзеге асырылуға тиіс.

Саяси партияларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.

Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асырылуы басталғаны туралы хабарлама береді. Бұл заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу «электрондық үкімет» веб-порталында толтырылатын электрондық хабарлама беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Тек тіркеуден өткеннен кейін, заңды тұлға салық есебіне, статистикалық есепке тұрып, мөрін, бұрыш таңбасын, бланкілерін жасауға тапсырма беріп, банкта есепшотын ашуға болады. Банк есепшотын ашу үшін заңды тұлға өтінішімен қоса, жарғысының (ережесінің) көшірмесін, бизнес сәйкестендіру номерін, нотариалдық куаландырылған немесе бан қызметкерімен рәсімделген түрде бірінші басшысының және бухгалтерінің қолдарының үлгілерін және мөрінің үлгісін тапсырады. Егер заңды тұлғаның қызметі лицензия алуды қажет ететін болса, онда заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі сол лицензияны алған күннен бастап пайда болады. Заңды тұлғаның атауы өзгерген жағдайда, заңды тұлға қайта құрылған жағдайда және тағы да басқа жағдайларда, заңды тұлға кайта тіркеуден өткізілуі қажет (ҚР АК 42-б., 6-т.).

Қызметінің түріне қарай, қызметкерлерінің саны 50 адамнан аспайтын мемлекеттік емес заңды тұлғалар және заңды тұлға құрмастан дара кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпкерлер кіші (шағын) бизнес субъектілері деп аталады, бұл тұлғаларға заң шығарушы арнайы назар аударады. Заңды тұлғаларды шағын бизнес субъектілеріне жатқызудың екінші өлшемі – ол жылдық тауар айналымының мөлшері. Шағын бизнес субъектісі мәртебесіне ие болу әртүрлі жеңілдіктер береді: тіркеуден өту кезінде, банк несиелерін алу кезінде, салық жеңілдіктерін және т. б.

Заңды тұлғалар өз филиалдары мен өкілдіктерін, еншілес және тәуелді кәсіпорындарды (қоғамдарды) құруға болады (ҚР АК 43, 94 және 95-баптары). Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлға болып танылмайды, олар туралы ережелер Азаматтық кодексінің арнайы баптарында келтірілген.

         
   
 
   
 
 

 
 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных