Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Мемлекет азаматтық құқықтың субъектісі ретінде




Мемлекет - ол азаматтық құқық қатынастарының ерекше субъектісі болып танылады, өйткені ол өзі азаматтық құқық қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді шығарады (билік жасайды) және өзі де сол қатынастардың мүшесі болады. Сонымен бірге, мемлекет - ол құқықтық фикция, мысалы: оның талапкер немесе жауапкер ретінде сотқа өз көлемімен келуі мүмкін емес. Сондықтан, азаматтық айналымға мемлекет атынан өз бетімен заңды тұлға санатындағы арнайы органдар мен ұйымдар қатысады. Мемлекет атынан азаматтық құқықтық қатынастарға Үкімет және министрліктер, ведомстволар қатысады. Әкімшілік-аумақтық бөліністердің атынан болса жергілікті өкілді және атқарушы органдар (әкімшіліктер, мәслихаттар) қатысады.

Ал азаматтық өріске мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністердің қатысу нысандары әр түрлі. Мысалы: мемлекет - меншік иесі ретінде мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану және басқару құқықтарын жүзеге асырады. Бұл әрекеттер заттық құқықтық қатынастарға жатады. Осы орайда мемлекеттік меншік екі топқа бөлінеді: республикалық және коммуналдық меншік (К сызбасын қараңыз).

Сонымен қатар мемлекет міндеттемелік қатынастарға да белсенді қатысады, мысалы: сату, сатып алу мәмілелеріне - сатушы немесе сатып алушы ретінде қатысады. Әсіресе 1990-шы жылдарынан бастап мемлекет жекешелендіру шарттарында өз мүлкін сатушы ретінде қызу қатысты. Сонымен бірге, мемлекет мүдделері үшін жасалатын сатып алу, тауар жеткізілімі, сенімгерлікпен басқару, жалға беру шарттарына, несие шартына және т.б. шарттарға да мемлекет қатысады. Мемлекет мұрагер де болуы мүмкін. Мемлекет өз міндеттемелері бойынша азаматтық құқықтық жауапқа тартылуы және сотта талапкер немесе жауапкер болуы да мүмкін, яғни шарттық немесе шарттан тыс жауапкершілікке тартылады.

Мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін; мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқарудың құқықтық негіздерін, мемлекеттік мүлікке құқықтарға ие болудың және оларды тоқтатудың құқықтық негіздерін және мемлекеттің мемлекеттік мүлікке меншік иесінің құқықтарын және өзге де құқықтарды иеленушінің тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етілуі туралы нормалар Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңында бекітілген.

Ал мемлекеттің міндеттемелік қатынастарына сатып алушы ретінде қатысу негіздері, тәртібі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңында бекітілген.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных