Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Шектелген заттық құқықтар




 

Меншік құқығынан өзге заттық құқықтар - бөтеннің мүлкіне деген құқықтар (шектеулі заттық құқықтар), олардың иелерінде жоғарыда аталған үш субъективтік құқық – иелену, пайдалану және билік ету - толық емес деңгейде болады немесе үшеуі де бірқатар болмайды. Сондықтан олар шектеулі заттық құқықтар деп аталады.

Меншік құқығынан кейін, көлеміне қарай заттық құқықтардың жүйесінде екінші орында шаруашылық жүргізу құқығы орналасады. Ол өзіне мемлекет берген мүлікке деген мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы. Бұл заттық құқықтың шектеулері ҚР АК 200-бабында аталған. Шаруашылық жүргізу құқығының объектісі ретінде кез келген мүлік бола алады. Аталмыш заттық құқық мемлекеттік кәсіпорында мүлікті дербес балансына бекіткен кезде пайда болады. Қызметін шаруашылық жүргізу құқығында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттің өкілетті органының келісімінсіз өзіне тиесілі ғимараттарды, жабдықтарды және басқа да негізгі қорларын өзге тұлғаларға сатуға, айырбастауға, үш жылдан астам жалға беруге құқығы жоқ; филиалдар және еншілес кәсіпорындар құруға, жеке кәсіпкерлермен бірге кәсіпорындар мен өндірістер құруға, олардың қорына өзінің өндірістік және ақша капиталын салуға құқығы жоқ, т.б.

Көлеміне (деңгейіне) қарай үшінші орында – оралымды басқару (жедел басқару) заттық құқығы болады. Ол меншік иесі берген мүлікке деген қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің заттық құқығы. Аталған субъектілердің өздеріне бекітіліп берілген мүлікке деген иелену, пайдалану және басқару құқықтарының шектеулері одан да көп, олар ҚР АК 202-206 баптарында бекітілген. Бұл шектеулер аталмыш заттық құқықтың ұғымынан бастап белгіленеді: Оралымды басқару құқығындағы мемлекеттік заңды тұлғаларды қарастыратын болсақ, олар меншік иесінің қаражаты есебінен қаржыландырылады; берілген мүлікті иелену, пайдалану және билік ету тек өз қызметінің мақсатына, мүліктің мақсатына сәйкес болу қажет; және меншік иесінің тапсырмаларына сай болу керек. Мемлекет бұл заңды тұлғаларды құру, олардың қызметінің мәні мен мақсаттарын белгілеу мәселелерін шешеді, заң жүзіндегі тағдырын, олардың қызметінің мазмұнын белгілейді; берген мүлікті тиімді пайдалануы мен сақтауына бақылау жасайды; мемлекет ол мүлікті қайтарып алуға, не болмаса өзі құрған басқа заңды тұлғалардың арасында өз қалауы бойынша қайта бөлуге құқылы. Мемлекеттік қазыналық кәсіпорын және мемлекеттік мекеме өздерінің міндеттемелері бойынша тек қана өз билігіндегі ақшамен жауап береді.

Жерді пайдалану құқығы жер қойнауын пайдалану құқығы сияқты, ҚР АК- пен қоса, жер туралы заңдарымен және арнайы заң актілерімен реттеледі. Мысалы, жерді пайдалану құқығы тұрақты және уақытша болады.

Жер қойнауын пайдалану құқығы заңдарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушыға берілген келіскен аумақ шегінде, жер қойнауын иелену, пайдалану және басқару құқығы. Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай әрекеттерді жүзеге асыруды көздейді: жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу; барлау; өндіру; бірлескен барлау мен өндіру; барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы).

Сервитут құқығының негізін түсіну үшін «Рим құқығы» пәнінен алған білімдерді жаңарту (жаяу өту, жүріп өту, сұғару құқығы және т. б.) қажет болады және Жер кодексінің 7-тарауын оқып шығуға болады. Және бұл құқықты - бөтеннің затын мақсатты шектеулі түрде пайдалану құқығы екендігін, қазіргі уақыттағы бекітілген нысандарын білу қажет. Әдебиетте нақты, өзіндік және жер сервитуттары аталады.

ҚР АК 195-бабында аталған шектеулі заттық құқықтардың тізімі толық келтірілмеген. Ресей азаматтық кодексінде тағы бір заттық құқық бекітілген - ғумырлық мұрагерлікпен пайдалану құқығы. Ал азаматтық құқық теориясында өзге (шектеулі) заттық құқықтарға кейбір жағдайларда кепіл құқығы, аренда құқығы жатқызылады.

 

Тақырып. Меншік құқығының және өзге де заттық құқықтардың туындау және тоқтату негіздері

Заңда заттық құқықтарды иеленудің негіздері (тәсілдері) бекітіледі, олар азаматтық құқық теориясында алғашқы және туынды болып бөлінеді. Заттық құқықтардың пайда болуының бастапқы тәсілдеріне - меншік құқығының бірінші ретте немесе бұрынғы иесінің еркінсіз туындаған жағдайлар жатады. Туынды тәсілдерге бұрынғы меншік иесінің еркімен және иелікке алушының келісімімен меншік құқығының туындаған тәсілдері аталады. Ғалымдар арасында әлі күнге дейін меншік құқығының туындауына әкелдіретін негіздерін таңдаулы бір топқа жатқызу өлшемдері туралы дау өшпейді: ерік өлшемі ме, немесе мирасқорлық өлшемі ме?

Меншік құқығының туындауына әкелдіретін нақтылы негіздері және олардың әрқайсысының сипаттамасы ҚР АК 13-Тарауында келтіріледі:

- жаңадан жасалған мүлікке (оның ішінде қозғалмайтын мүлікке) меншік құқығына ие болу;

- өзіне тиесілі емес материалдарды өңдеу арқылы меншік құқығын алу;

- қараусыз жануарларды меншік құқығына алу;

- ұзақ уақыт пайдалануына қарай меншік құқығына ие болу (иелену көнелігі мерзімі);

- жинауға не аулауға арналған көпшілік қолды заттарды меншікке айналдыру;

- иесіз заттарға меншік құқығын алу;

- сатып алу, айырбастау, сыйға тарту шарттар негізінде меншік құқығына ие болу;

- табылған затқа (олжаға) меншік құқығын алу;

- көмбеге меншік құқығына ие болу;

- өз бетімен салған құрылысқа меншік құқығын алу және т. б. (О сызбасын қараңыз).

Заңнамада заттық құқықтардың тоқтатылу тәсілдері де көзделеді (ҚР АК 249-б.), мысалы: меншік құқығынан бас тарту, борышкердің мүлкінен ақы өндіріп алу, реквизициялау, тәркілеу, сату, рентаға беру, сыйға тарту, заттың жойылуы, оны тұтыну және т.б. (П сызбасын қараңыз).

Меншік құқығын иеленудің туынды тәсілдерінде біреуде бұл құқықтың пайда болуы екінші тұлғада меншік құқығының тоқтауын білдіреді. Мысалы, сату шарты бойынша сатушының меншік құқығы тоқтатылып, сатып алушыда меншік құқығы пайда болады.

Келісім шарт бойынша мүлік иеленушінің меншік құқығы пайда болатын кезді анықтау өте маңызды болады (ҚР АК 238-б.), өйткені осы мезгілден бастап мүліктің жаңа иесіне барлық қауіптер мен оны күтіп ұстау ауыртпалығы да ауысады. Жалпы ереже бойынша, шарт арқылы мүлік алушының меншік құқығы зат берілген кезден бастап пайда болады. Егер меншік құқығы мемлекеттік тіркеуге немесе ол туралы мәміле нотариалдық куаландыруға жататын болса, алушының меншік құқығы тіркелген немесе нотариус куаландырған кезден басталады.

Заттық құқықтар арасында ерекше орынды тұрғын үйге деген заттық құқықтар алады (ҚР АК 194-б.). Бұл құқықтарға: тұрғын үйге деген меншік құқығы, кондоминиум қатысушыларының тұрғын үй құқығы, тұрғын жайды пайдалану құқығы, басқа тұлғаның меншігіндегі тұрғын жайды жалға алушының заттық құқығы және тұрғын үйде тұру құқығы. Бұл мәселе толық түрде ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында қарастырылады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных