Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Сатып алу-сату келісім шарты




Бұл келісім шарттың жалпы ережелері және әр түр-түрінің сипаттамалары ҚР Азаматтық кодексінің 25-тарауында бекітілген.

Шарттың түсінігі. Сатып алу-сату шарты бойынша бір тарап (сатушы) екінші тарап (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына белгілі бір мүлікті (тауарды) беруге міндеттенеді, ал сатып алушы оны қабылдап алып, оның ақысын (белгілі бір ақшалай соманы) төлеуге міндеттенеді.

Келісім шарт тараптары сатушы мен сатып алушы деп аталады. Олардың орнында әрекет қабілеттілігіне қарай, кез келген жеке немесе заңды тұлға және мемлекет те болуы мүмкін.

Келесі сипаттамасы - шарттың заты (нысанасы, объектісі). Сатып алу-сату келісім шартында ол азаматтық айналымнан алынып тасталмаған кез келген мүлік (тауар) және мүліктік құқық болып танылады (АК 406-б. 4-т.). Айналымы шектеулі мүлік тек арнайы рұқсат (мысалы, лицензия) бойынша сатылады. Бұл келісім шарт қазіргі кезде бар тауарды беру жөнінде де және болашақта жасалғаннан немесе сатып алғаннан кейін болатын тауарды беру жөнінде (фьючерстік мәміле) де жасалуы мүмкін (АК 407-б. 2-т.).

Бұл шарт консенсуалды (яғни, тараптардың құқықтары мен міндеттері олар заң қажет ететін нысанда келісімге келген мезетте пайда болады), екі тарапты міндеттейтін және ақылы болады. Шарттың елеулі жағдайларына тауардың атауы және саны жатады (АК 407-б. 3-т.).

Сатып алу-сату шарттарының кейбір түрлері ҚР АК 25–ші тарауының нормаларымен қоса арнайы заңдармен реттеледі, мысалы: ҚР «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» Заңымен, «Электр энергетикасы туралы» т.б. заңдармен және көптеген заңға тәуелді актілермен.

Бұдан әрі студенттер аталмыш келісім шарттың тараптарының міндеттері мен құқықтарын толығымен келтіру жөн болады. Осы олрайда, Азаматтық құқықтың жалпы бөлімінде алған білімдеріне сүйене отырып, міндеттемедегі тараптардың құқықтары мен міндеттері бірінен бірі туындап, біріне бірі сай болатындығын ескере отыру қажет.

Мысалы, сатушының тауарды беру міндеті, сатып алушының тауарды тиісті сапа мен санында, барлық саймандарымен және құжаттарымен беруді талап ету құқығына сәйкес келеді және т. б. Сатып алушының тауар ақысын төлеу міндеті сатушының тауардың ақысын толық және тиісті уақытта төлеуді талап ету құқығына сәйкес болады.

Сатушы мен сатып алушының жауапкершілігі, жалпы ереже бойынша, әр тарап өз міндеттерін орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда туындайды. Олардың жауапкершілігінің негізгі түрлері: шығындарды өтеу және тұраксыздық төлемін (айып, өсім) төлеу.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных