Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Энергиямен (қуатпен) жабдықтау келісім шарты




 

Сатып алу-сатудың ерекше түрлеріне қазіргі уақытта энергиямен (қуатпен) жабдықтаукелісім шартыжатады (ҚР АК 25-тарауының 6-параграфы).

Келісім шарттың түсінігі. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентке (тұтынушыға) жалғанған желілері арқылы энергия беруге міндеттенеді, ал абонент алынған энергия үшін ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген тәртібін сақтауға, өзінің қарауындағы энергетика желілерін пайдалану қауіпсіздігін және энергияны тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Келісім шарттың ерекшелігі: мүлікті - энергияны және энергия көздерін (суды, газды) ерекше әдіспен, яғни қосылған/жалғанған желілер арқылы, сатып алушыға (абонентке, тұтынушыға) беру жатады. Бұл шарт бойынша энергиямен жабдықтаушы кәсіпорны тұтынушыға/абонентке энергияны арнайы техникалық құралдар арқылы, электр, су, газ және жылу желілері мен құбырлары арқылы береді.

Азаматтық кодекспен қоса, энергиямен жабдықтау келісім шарты тараптарының арақатынасы «Электр энергетикасы туралы», «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен, энергия түрлерін пайдалану жөніндегі, коммуналдық қызмет көрсету туралы қағидаларымен және т. б. реттеледі.

Бұл шарт тек энергиямен жабдықтау ұйымының жүйесіне қосылуға мүмкіншілігі бар абоненттің арнайы техникалық құралдары болған кезде жасалуы мүмкін.

Энергиямен жабдықтау ұйымы – ол қызметтің бұл түрімен шұғылдануға лицензия алған және қажетті техникалық құралдары мен саймандары, желілері бар, арнайы коммерциялық заңды тұлға болып танылады. Ал абонент ретінде заңды тұлға да, тиісті дәрежедегі әрекет қабілетті жеке тұлға да болуы мүмкін.

Энергиямен жабдықтау шарты жария болып табылады (Азаматтық кодекстiң 387-бабы), сондықтан жария шартының талаптарын осы жерде толық келтіру қажет, себебі тараптардың міндеттері мен құқықтары жария шартынан туындайды.

Энергиямен жабдықтау келісім шарттарын келесі төрт нақты түрге бөліп қарастырған жөн деп санаймыз: электр энергиясымен жабдықтау, жылу энергиясымен жабдықтау, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау.

Осыдан кейін тараптардың жауапкершілігіне тоқтала кету қажет.

 

vikidalka.ru - 2015-2018 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных