Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық мазмұны




АЗАҚ ТІЛІ

 

Жалпы орта білім беру деңгейінің

Оғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған

Оқу бағдарламасы

(оқыту қазақ тілінде)

Астана

 
 
 

 

 


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы
10 сәуірде № 8424 тіркелген.

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен оқу бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы
14 шілдеде № 11659 тіркелген.

 

Қазақ тілі: Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде). – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015. – 19 б.

 

© Ы. Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2015.

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы «18» маусымдағы

№ 393 бұйрығына 4-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 3 сәуірдегі

№115 бұйрығына 59-қосымша

 

 

Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен

Типтік оқу бағдарламасы

(оқыту қазақ тілінде)

Түсінік хат

 

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Қазақ тілін бейіндік бағытта тереңдеп оқытуда тілдің коммуникативті, эстетикалық және кумулятивтік қызметі назардан тыс қалмауы керек. 10-11-сыныптарда оқытылатын сөз мәдениеті және шешендік тілдің жоғарыда айтылған қызметтерін тереңдеп оқытуға бағытталған. Мұнда адамдардың өзара түсінісуі белгілі бір жағдаяттарда, нақтылы тіл бірліктерінің қызмет етуі нәтижесінде толыққанды ақпараттар жүйесі арқылы жүзеге асатынын, адамның тіл байлығы және жан дүниесі, мінез-құлқы сөйлеу барысында, тілдік қарым-қатынас үстінде көрінетіндігі зерделенеді.

3. Сөйлесім әрекетін қарастырғанда оның өзіне тән бірліктерін, сөйлеу нормаларын, сөз мәдениетіне қатысты ұғым-түсініктерді жүйелі түрде жан-жақты оқыту қажеттігі туындайды.

4. Түрлі стильдік жанрдағы тілдің қолданыс ерекшелігін мәтін мазмұнын құраушы мүшелердің құрылымдық-стилистикалық ерекшеліктерінен шығарып, публицистикалық, ғылыми, ауызекі сөйлеу және көркем шығармадағы лексика-семантикалық сипатты салыстыра анықтайды, мәтіннің тілдік-құрылымдық жүйесін ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздейді.

5. XXI ғасыр үдерісіндегі жаңа қоғамдағы тілдің коммуникативтік қызметін, БАҚ құралдарының тілін, ресми тілдің стильдік ерекшеліктерін, функционалдық стильдердегі өзгерістерді, тілді қолданушының тілдік-стильдік белсенділігін бейіндік бағытта оқып жүрген оқушы өз танымы мен қолданысы арқылы саралайды.

6. Тілді тереңдеп оқытатын мектептерде оқушылар тілдің құрылымдық жүйесін, сөз мағынасын, жұмсалу ерекшеліктерін, мәтін ішіндегі сан түрлі қызметін, сөз тіркесу заңдылықтары мен сөйлем түрлерін тереңдеп оқып, ғылыми ізденістерге барады, тілдің табиғатын ғылыми тілде түсіндіреді.

7. Пәнді оқытудың басты мақсаты – ұлттық және әлемдік құндылықтарды салыстыра түйін жасай алатын, Қазақстан Республикасы халықтары мен әлемдік қоғамдастықтың мәдениетін игерген, қоғамда қолдануын талап етілетін тілдердің коммуникативтік құзіреттіліктерін игерген Тұлғаның даралануы мен әлеуметтенуіне мүмкіндік жасайтын тілдің лексика-фразеологиялық, грамматика-стилистикалық, мәдени-этикалық және шешендік нормаларын меңгерту, жоғары деңгейде күрделендірілген түрлі жанрдағы мәтінді салыстыру, талдау, ойқорыту әрекеттерін жетілдіру, мәтін түрлеріне сай тілдік бірліктерді қолдана алу біліктілігін арттыру.

8. Пәнді оқытудың міндеттері:

1) қазақ тілінің байырғы тіл екендігін тіл дамуындағы кезеңдерді оқыту арқылы меңгерту;

2) қазақ тілінің байлығын мәдени мұралар тілін талдату арқылы игерту;

3) сөз байлығы ұғымына енетін лексика-фразеологиялық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерді меңгерту;

4) жазудың тарихын оқыту арқылы қазақ халқының ежелгі мәдениетін таныту;

5) қоғам дамуындағы тілдің қызметін негіздеу;

6) тілдің табиғи қасиеттері мен функционалды қасиеттерін ажырата білгізу;

7) тілдік құзіреттілікті қалыптастыратын тәсілдерді меңгерту;

8) сөз сапасына әсер ететін тілдік шарттарды меңгерту;

9) заттар мен құбылыстарды бейнелеп айту тәсілдерін игерту;

10) стиль түрлеріне сай тілдік бірліктерді таңдап қолдануға төселдіру;

11) сөйлесім әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту;

12) сөйлеу өнерінің талаптарына сай тілді жұмсау біліктілігін дамыту;

13) ұлттық этикет нормаларына сай тіл мәдениетін жетілдіру;

14) сөз мәдениеті мен шешендіктің бірлігін, сабақтастығын таныту;

15) шешендік өнердің тұлға қалыптастырудағы және тұлғаны әлеуметтендірудегі рөлін пайымдату;

16) шешендік өнердің адамның мінез-құлқын тәрбиелеудегі күшін таныту;

17) пікірталас мәдениетіне төселдіру;

18) мәтін құраудың және диалогқа түсудің амал-тәсілдерін меңгерту.

9. Пәнаралық байланыс оқушының дүниетанымын молайтып, қазақ тілін басқа ғылым негіздерімен ұштастыра меңгеруіне жол ашады. Жалпы білім беретін мектептің негізгі орта деңгейінде «Қазақ тілі» пәнін төменде көрсетілген пәндермен байланыстыру көзделеді.

1) «Қазақ әдебиетімен»:

қазақ тілі қазақ әдебиетімен тығыз байланысты;

тіл – әдебиеттің бірінші элементі;

қазақ тілін оқытып-үйретуде кез келген көркем туынды;

әдеби шығарма тіл үшін құнды материал болып саналады, көркем шығармалардыоқу барысында стиль түрлерінің авторлық қолданысын ажырата білу,

әдеби шығармалар арқылы оқушының көңіл күйін, сезімін ояту, көркемдік тәрбие беру, әдеби шығармаларды талдау арқылы сөз мәдениетіне үйрету көзделеді;

2) «Қазақстан тарихымен»:

Қазақстан тарихы пәнімен байланыстырып оқыту оқушының тілді ұлттық құндылық ретінде тануына мүмкіндік береді;

тілді тарихпен байланыстыра оқыту ұлттық дүниетанымға негізделген білім қорын тілдік деректер арқылы дәйектеуге мүмкіндік береді;

қазақтілінің пайда болуы, дамып жетілуі оның тарихымен тығыз байланыста болғандықтан, оқушылар тарихи деректерді пайдаланып, өзіндік ой-тұжырымдар жасай біледі;

3) Жаратылыстану циклі пәндерімен:

тілдік материалдардың мазмұны жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болады;

биологиямен байланыстыру тілді жанды құбылыс ретінде тануға мүмкіндік береді;

басқа пәндермен сабақтастыра оқыту қазақ тілінің терминдер жүйесімен тығыз байланысты;

тіл дыбыстары физикалық құбылыс ретінде танылады;

дыбыстау мүшелерінің қатысы тұрғысынан физиологиямен, компьютермен, қазіргі радио, теледидар тілімен де байланысты;

танымдық бағытта берілетін материалдар жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болғандықтан, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады.

10. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі:

1) 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

2) 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.

11. Әрбір тоқсанда алынатын бақылау жұмысының (тест, эссе, диктант, т.б.) саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.

12. Оқушылардың тілдік біліктілігін одан әрі жетілдіре түсу және сөйлеу мәдениетінің ерекшеліктеріне сай сөйлесім дағдыларын жетілдіру, пікірталас әдебін меңгерту мақсатында арнайы сабақтар ұйымдастырылады.

1) 10-сыныпта: «Сөз байлығы»; «Тілдік норма және стиль», «Этнолингвистикалық атаулар сыры», «Сөз мәдениетінің негіздері»;

2) 11-сыныпта: «Ұлттық шешендіктанудың алғашқы бастаулары», «Шешендік сөз – шеберлік өрнегі», «Журналистика және баспасөз негіздері», «Пікірталас мәдениеті» сияқты үлгі-тақырыптар ұсынылады.

 

Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық мазмұны

13. Сөз мәдениеті.

1) кіріспе - 1 сағат (Тіл – рухани қазына. Сөз мәдениеті. Адам өміріндегі сөз мәдениетінің рөлі. Сөз– адам болмысының айнасы, өмірлік әрекетінің негізгі құралы. Сөз мәдениеті пәніне қатысты ұғымдар);

2) тіл – тарихи құндылық - 2 сағат (Тіл – этностың рухани мәдениетін жасаудың, дүниені тануының, өзін-өзі сақтауының құралы. Тілдегі эстетикалық, логикалық таным іздері. Лингвоэкология ұғымының пайда болуының шарттары. Этномәдени лексика. Тілдердің әлемдік қарым- қатынастағы орнына қарай жіктелуі. Тіл - ұлттық қауіпсіздіктің кепілі);

3) қазақ тілінің түп-тамыры - 10 сағат:

қазақ тілі – түпкі түрін сақтаған байырғы тіл ( Қазақ тілітүркі тілдер семьясының батыс ғұн бұтағына, оның ішінде қыпшақ тобына енетіні. Түркітану ғылымында түркі тілдерінің дамуын (Н.Баскаков) алты кезеңге бөліп қарастыру. Жазба мұралардағы әріп таңбаларының қолданылуы);

ескі қазақ жазба тілі (Ескі қазақ жазба тілінің қалыптасуы. Араб әліпбиі негізіндегі ескі жазба тіл. Қазақ хандығынан бастап XX ғасырдың басына дейінгі аралықтағы ескі жазба тілдің қолданылуы. Ескі қазақ жазба тілінің қазақ қоғамы үшін маңызы. Жазба тілінің үш элементі. Ескі жазба тілдің әлеуметтік мәні);

төте жазу (Жазу-сызуды демократияландырудағы А. Байтұрсынұлының реформасы. Тұңғыш қазақ әліпбиі. Жаңа жазу – халықтық тілді қолданудың жүйесі. Тілдің заңдастырылған жазу нормалары. Төте жазудың халықтық, әлемдік деңгейде бағалануы. Төте жазудың кеңестік кезеңдегі тағдыры. Қазақ тілінде пайдаланылған алфавиттер);

қазақ тілі – кемелденген тіл ( Тіл кемелдігіне тән объективтік белгілердің қазақ тілінің құрылымдық жүйесінен табылуы. Тілдің грамматикалық дамуының көрсеткіштері. Сөз байлығы-тіл дамуының басты белгісі. Шешендік (бейтарап, кітаби, сөйлеу тілі) жүйе - кемелденген тілдің белгісі. Тілдің дамуындағы қазақ этносының қалыптасу тарихының рөлі;

қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі ( Ұлттық тілге тән белгілер. Қазақ тілі – ұлт тұтастығын нығайтудың кепілі. Қазақ тілінің әлеуметтік мүмкіндіктері. Жалпыхалықтық тілдің ең жоғарғы формасы - әдеби тіл. Әдеби тілге нәр беретін қайнар көздер. Әдеби тілдің қалыптасуы мен дамуындағы сөз зергерлерінің орны. Қоғам дамуындағы тілдің қызметі, тіл мен қоғам дамуының өзара әсері);

қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін бекітетін құжаттар. Мемлекеттік тілдің қызмет етуінің алғышарттары, сыртқы және ішкі факторлар. Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі. Мемлекеттік тілдің өз қызметін толық атқаруының шарттары. Олардың тіл мәдениетін арттырудағы мәні);

4) әдеби тілдің стильдік тармақтары және олардың айырым белгілері - 14 сағат:

сөйлеу тілі туралы түсінік (Қазақ әдеби тілінің белгілері. Әдеби тілдің стильдік тармақтары. Кітаби тілдің ерекшеліктері, ауызша және жазбаша түрлері. Кітаби тіл мен сөйлеу тілінің ортақ белгілері);

сөйлеу тілі және оның айырым белгілері ( Сөйлеу тілініңқолданылатын орындары. Сөйлеу тілінің мақсаты. Сөйлеу тілінің лексикалық ерекшеліктері. Сөйлеу тілінің фонетикалық–морфологиялық ерекшеліктері, синтаксистік ерекшеліктері);

кітаби тіл және оның айырым белгілері ( Кітаби тілдің өзіндік белгілері. Кітаби тілдің стильдік тармақтары. Монологтың түрлері: сипаттау, баяндау, пайымдау, олардағы кітаби тілдің қолданылу сипаты);

кітаби тілдің жазбаша және ауызша нормалары ( Орфографиялық нормалар. Морфологиялық қағидат. Фонетикалық қағидат. Тарихи-дәстүрлік қағидат. Айырым қағидаты. Орфоэпиялық нормалар: сөз үндестігі, сөз екпіні, интонациялық құрылымдар. Орфоэпиялық нормалардың орнығуының алғышарттары);

5) әдеби тіл нормалары - 8 сағат:

тілдік жүйе және норма ( Тілдік норманың анықтамасы. Әдеби тілдің «заңдастырылған» нормасы. Тілдік норма-әдеби тілдің ең маңызды элементі. Тілдік норма мен тілдік жүйенің өзара байланысы);

тілдік норма және дағды (Тілдік жүйе мен тілдік дағдының өзара үйлесімі мен қайшылықтары. Тілдік жүйе мен тілдік дағдының тілдік нормаға айналуы);

қатаң норма ( Қатаң норманың тіл жүйесімен бұлжымас бірлігі. Қатаң норманың қалыптасуы. Фонетикалық, лексикалық қатаң нормалар);

босаң норма (Босаң нормалардың қолданылуының себептері. Босаң норма –тілдің түрленуінің көрінісі. Босаң нормалардың тіл мәдениетіне қатысы);

тілдік норма және стиль (Вариант сөздердің тіл нормасымен қатысы. Жарыспалы қолданыстардың стильдік реңктері. Терминдер мен терминдік ыңғайдағы сөздердің экспрессиялық баламалары, олардың тілдегі рөлі);

тілдік норма және жаңа қолданыстар ( Әдеби тіл нормасының өзіндік ерекшеліктері. Тілде жаңа қолданыстардың туу үрдісі, олардың қоғамда қабылдануы. Жарыспалы сөздерді саралап қолдану шарттарының сөз мәдениеті мен байланысы);

6) сөз сапасы - 14 сағат:

сөз сапасы туралы түсінік ( Сөз сапасының тілдік емес шарттары. Сөйлеуші мен тыңдаушының арасындағы тілдік қарым- қатынасқа әсер ететін әлеуметтік факторлар. Сөз сапасына әсер ететін тілдік шарттар. Әдеби тіл нормасын сақтау, сөздерді талғап, саралап, «таза» қолдану. Сөз сапасына кері әсер ететін қолданыстар);

сөз дұрыстығы ( Сөз дұрыстығы ұғымы. Сөздің, грамматикалық тұлғалардың, сөйлемнің орынды жұмсалуы. Сөздің рөлі. Ұғымды, заттарды, құбылыстарды бейнелеп айту тәсілдері);

сөз байлығы ( Сөз оралымдығының бір шарты – сөз байлығы. Сөз қайталаудың сөз сапасына кері әсері. Сөз байлығы ұғымына енетін лексика –фразеологиялық, морфологиялық, синтаксистік жүйелер. Сөз байлығының стиль түрлерімен байланысы. Лексикологиялық сөздіктер арқылы сөз байлығын болжау мүмкіндігі);

сөз тазалығы ( Тіл мәдениетінің маңызды сапасы – тіл тазалығы. Тілдердегі сөз алмасу құбылысы. Сөз тазалығына жат элементтер. Әдеби тіл мен диалектизмнің арақатынасы. Тілдегі бейәдеби элементтер, олардың көркем әдебиетте қолданылуы. «Қыстырынды сөздердің» тілдік қарым – қатынасқа әсері);

сөз қысқалығы мен нұсқалығы ( Сөйлемнің есім баяндауышқа аяқталуы – сөз жинақылығының белгісі. Аз сөзге көп мағына сыйдыру – шеберлік. Сөйлеу тіліндегі ықшамдылық, үнемділік. Сөздің қысқалығы мен нұсқалығына қойылатын талаптар);

сөз дәлдігі (Сөйлеудегі дәлдік ұғымы. Сөзді мағынасына лайық қолдану - сөз дәлдігінің талабы. Тілдегі паронимдер. «Зат» - «сөз» қатынастары. Мағыналас сөздерді талғап жұмсау – сөз сапасын арттыратын шарттың бірі. Сөз дәлдігіне қойылатын талап- логикалық дәлдік. Сөз дәлдігінің стильдермен байланысы);

сөз бедері және стиль ( Сөз бедері туралы түсінік. Бедерлі сөздегі деректі, дерексіз ұғымдардың қолданылуы. Сөз бедерінің стиль түрлерімен байланысы);

сөйлеу тілінің стильдік бедері ( Сөйлеу тілі бедерінің анықтамасы. Сөйлеу тілінің ерекшелігі және ондағы сөз бедерінің көрінісі. Өмірдегі және көркем әдебиеттегі сөйлеу тілі);

публицистикалық шығарма тілінің стильдік бедері ( Көпшілікке арналған мерзімді басылымдар тілінің ерекшелігі. Күнделікті қолданыстағы сөздердіңқоғамдық пікір қалыптастырудың құралына айналу жолдары. Жағымды және жағымсыз мағынадағы сөздер);

ресми ісқағаздары тілінің сөз бедері ( Күнделікті қолданыстағы сөздердің ресми іс қағаздар құралына айналу жолдары. Ісқағаздарындағы дайын сөз үлгілері мен тілдік стандарттар. Ұғым түрлері);

ғылыми әдебиет тілінің сөз бедері (Тұрмыстық және ғылыми ұғымдар. Ғылыми әдебиеттегі атаулардың ерекшелігі. Ғылыми әдебиет тілінің сөз бедері);

көркем әдебиет тілінің сөз бедері (Көркем әдебиеттегі сөз қолданысының ерекшелігі. Суреткердің сөз жұмсау шеберлігі. Өмір шындығы мен көркем қиял. Сөзбен «көркем сурет» салу өнері. Денотат және образ. Көркем әдебиет тілінің сөз бедері);

көркем сөз бедері (Болмысты нақты, өз бедерімен бейнелеудің айрықша тәсілдері. Шығарманың эстетикалық қуаты. Бейнелеуіш құралдардың сөз бедерін түзудегі мәні. Стильдік контраст. Бөгде стильдік элементтер. Сөз әсерлілігінің сөзге, мәтінге, тарауға, бөлімге тұтас шығармаға қатысы);

7) сөз мәдениеті және тілдік қарым-қатынас – 15 сағат:

тілдік қарым-қатынас туралы түсінік ( Қоғамдағы әдет-ғұрып, қарым-қатынас дәстүрі. Тіл-сезім білдірудің құралы. Сөйлеу этикеті ұғымы. Сөз мағыналарының құбылуы. Сыпайылықты білдіретін сөз орамдары, қаратпа сөздер. Сөйлесушілердің әлеуметтік белгілері. Сөздің ортаға байланысты қолданылу жағдаяты мен мәні);

әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы сөз әдебі ( Әлеуметтік-тұрмыстық қатынаста қолданылатын сөз түрлері. Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастың тілдік сипаты, тілдік құралдары. Әлеуметтік-тұрмыстық қатынасқа тән сөз әдебі);

амандасу (Сәлемдесудің мақсаты. Сәлемдесу сөздерін талғап жұмсаудың талаптары. Амандасуға жататын сөздердегі мағыналық, стильдік ерекшеліктер мен әлеуметтік сипат. Амандасу этикеті: ұлттық дәстүр, жалпы адамзаттық нормалар. Синонимдерді талғап қолданудың сөз мәдениетіне қатысы);

қоштасу (Қоштасудың мақсаты. Қоштасу сөздерін талғап жұмсаудың талаптары. Қоштасуға жататын сөздердегі мағыналық, стильдік ерекшеліктері мен әлеуметтік сипат. Қоштасу этикеті: ұлттық дәстүр, жалпы адамзаттық нормалар. Синонимдерді талғап қолданудың сөз мәдениетіне қатысы);

құттықтау (Құттықтаудың мақсаты. Құттықтау жағдаятына қатысты сөздерді талғап жұмсаудың талаптары. Құттықтау сипатындағы сөздердегі мағыналық, стильдік ерекшеліктер мен әлеуметтік сипат. Құттықтау этикеті: ұлттық дәстүр, жалпы адамзаттық нормалар. Синонимдерді талғап қолданудың сөз мәдениетіне қатысты). Елбасының «Тәуелсіздік Толғауы» - құттықтаудың елдік мәні жоғары түрі. Толғаудың стильдік-тілдік ерекшелігі. Толғау мәтініндегі синонимдер мен қаратпа сөздердің қолданысы;

көңіл айту (Көңіл айтудың мақсаты. Экспрессивті сөздерді талғап жұмсаудың талаптары. Көңіл айту ерекшелігіне сай таңдалған сөздердегі мағыналық, стильдік ерекшеліктер мен әлеуметтік сипат. Көңіл айту этикеті: ұлттық дәстүр, жалпыадамзаттық нормалар. Синонимдерді талғап қолданудың сөз мәдениетіне қатысы);

тілек айту (Тілек айтудың мақсаты. Экспрессивті сөздерді талғап жұмсаудың талаптары. Тілек айтуға қатысты сөздегі мағыналық, стильдік ерекшеліктер мен әлеуметтік сипат. Тілек айту этикеті: ұлттық дәстүр, жалпы адамзаттық нормалар. Синонимдерді талғап қолданудың сөз мәдениетіне қатысы);

бата беру (Бата сөздің мақсаты. Батаға лайық сөздерді талғап жұмсаудың талаптары. Бата беруге қажетті сөздердегі мағыналық стильдік ерекшеліктер мен әлеуметтік сипат. Бата беру этикеті: ұлттық дәстүр, жаңашылдық синонимдерді талғап қолданудың сөз мәдениетіне қатысы);

қаратпа сөз әдебі ( Қаратпа сөздерді қолданудың мақсаты. Қаратпа сөздерді талғап жұмсаудың талаптары. Қаратпа сөздердегі мағыналық, стильдік ерекшеліктер мен әлеуметтік сипат. Қаратпа сөзді жұмсау этикеті: ұлттық дәстүр, жалпы адамзаттық нормалар. Синонимдерді талғап қолданудың сөз мәдениетіне қатысы);

ресми-іскерлік қатынас және сөз әдебі (Ресми қарым-қатынастың анықтамасы. Ресми қатынасқа тән сипаттар);

ресми-іскерлік қатынас тілінің жазбаша түрі ( Ресми іскерлік қатынастың жазбаша үлгілері. Мекемедегі. Іс қағаздарының түрлері, олардың құқықтық қатынасты реттеушілік рөлі. Жеке құжаттардың тілдік емес жақтары. Жеке құжаттардың тілдік (лингвистикалық) жақтары. Ресми құжаттардың сөз әдебіне(этикетке) қатысты жақтары);

ресми-іскерлік қатынас тілінің ауызша түрі ( Ресми-іскерлік қатынастың ауызша түрлері. Ресми ауызша сөздің биік шыңы-шешендік сөз. Іскерлік қарым-қатынастың алғышарттары. Ресми-іскерлік қатынастағы сөздің тілдік жақтары. Ресми – іскерлік қатынастың тілдік емес (экстралингвистикалық) жақтары. Ресми-іскерлік қатынастың сөз әдебіне қатысты жақтары);

14. Қорытынды сабақтар - 4 сағат.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных