Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Морфогенез бен физиологияның байланысын сипаттаңыз?




Морфогенез, морфогения, пішін қалыптасу (гр. morphe — пішін, түр және генез) — организмнің жануарлар түрлеріне, туысына, отрядына, сыныбына (класына), типіне байланысты дене бітімі мен пішінінің қалыптасу процесі. Пішінқалыптасу процесін биология ілімінің үлкен саласы морфология зерттейді. Жануарлар организмінің құрылысы мен пішінқалыптасу процесін эмбриогенездің: органогенез, системагенез кезеңдерінен бастап организмдік деңгейде және пішіңдік эволюциялық даму деңгейінде қарастырады.Жануарлардың ұрықтық дамуы кезеңінде (эмбриогенезінде) ұрық жапырақшалары (эктодерма, энтодерма, мезодерма) мен біліктік мүшелерден (жүйке түтігі, хорда, ішек түтігі) ұлпалар мен органдардың дамуы нәтижесінде организмдегі белгілі қызметті атқаруға маманданған мүшелер жүйесі қалыптасады. Әр түрлі жануарлар организмдерінің, олардың тіршілік орталарына сәйкес ішкі дене құрылысының дамуы мен сыртқы дене бітімінің қалыптасуын — биологияның салыстырмалы морфология саласы зерттейді. Филогенез бен онтогенездің түрлі сатысында Морфогенез ерекшеліктерін зерттеу — организмнің биол. дамуының биогенетик. заңдылықтарын тереңірек білуге мүмкіндік береді.Морфогенезді зерттеу — биология, генетика, молекулалық биология және эволюциялық физиологияның дамып, тұқым қуалау заңдылықтарын ашуда маңызы зор. Бірінші жағдайда "жетілу" "жоғарыдан төмен" болып отыр, яғни қызмет құрылым тұрғысынан автономиядан айырылады;екінші жағдайда "төменнен жоғары", яғни құрылым қызмет тұрғысынан автономиядан айырылады.Үшінші мүмкіндік: құрылым да, қызмет те автономиядан айырылып, жетілу ортасымен жүреді. Морфогенез теориясында Арчер морфогенез және морфостазис ұғымын енгізді. Физиология (грекше φυσις, physis, "табиғат,тек-тамыр"; және λόγος, logos, "ғылым") тірі ағзаның механикалық, физикалық және биохимиялық функциясының ілімі.Әдетте физиология өсімдік физиологиясы және адам мен жануар физиологиясы деп бөлінеді. Дегенмен қандай да болмасын ағза қарастырылу үстінде болса да, физиологияның принциптері жалпыға ортақ. Мысалы, ашытқы жасушасын зерттегенде алынған физиология мәліметтері адам жасушасына да қатысты болуы мүмкінФизиология — биологияның маңызды салаларының бірі. Ол организмнің тіршілік әрекетін, жеке мүшелер мен жүйелердің қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, биологиялық маңызын анықтайды, организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынастарындағы заңдылықтарды ашады. Физиология медицина мен ветеринария, жалпы биологиялық сипаттағы қоданбалы ғылым салаларының ірге тасы, негізі болып саналады. Адам мен мал организмдеріне тән фунциялар (қызметтер) мен үрдістердің тіршіліктік мәні мен маңызын айқындай отырып, физиология арнаулы мамандарды денсаулықты қорғау, организмді қатерлі (экстремальді) жағдайлардан сақтау т.б. шараларын ғылыми негізде ұйымдастыруға қажетгі мағлұматтармен қамтатмасыз етеді.Физиология — биология ғылымының маңызды саласының бірі. Грек тілінде физиология деген сөз организмнің функциялары туралы ғылым немесе тіршілік тану деген мағына береді. Физиология организмнің тіршілік әрекетін, жеке жасушалар, мүшелер, жүйелер қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, биологиялық маңызын анықтайды, организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынастарьшдағы зандылықтарды ашады. Физиология организмнің тіршілік ерекеттерін даралап тексермей, оларды біртүтас, тығыз байланыстағы үрдістер жиынтығы ретінде қарайластырады және организмге тән біртүтастық қасиет орталық нерв жүйесі (ОНЖ) қызметі мен әртүрлі биологиялық белсенді затгардың өсерінен қалыптасады деп тұжырымдайды. Қорыта келгенде. морфогенез сыртқы пішіні болса изиология сол клеткадағы химиялық физиологиялық процестрді зерттейді.

11. ДНҚ репликациясы. Хромосомалардың бөлінуі. Хромосома (грекше «хромо» - бояу, «сома» - дене) клетка ядросының құрамында тұқым қуалау ақпараты бар - ДНК бар ген орналасқан өздігінен екі еселене алатын, арнайы бояулармен боялатын негізгі құрылым бөлігі. Хромосома алғаш рет XIX ғасырдың 70-ші жылдары белгілі болды және 1883 жылы неміс ғалымы В.Вальдейер «хромосома» деген атауды ұсынды. Хромосома өсімдік пен жануарлар клеткасының даму процесін қамтамасыз етеді, тұқым қуалайтын белгі, қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа өткізеді. Олардың хромосомасында морфологиялық өзіндік ерекшелігі бар. Хромосомалар клетка бөліну кезінде анық көрінеді. Оның морфологиясы митоздың метафаза және алғашқы анафаза сатысында жақсы байқалады. Орташа алғанда хромосоманың ұзындығы 0,2-50 мкм, диаметрі 0,2-3 мкм. Хромосоманың химиялық құрамы ДНК (генетикалық мәліметті сақтаушы) және кіші молекулалық негіздік белок – гистоннан тұрады. Атқаратын қызметіне қарай хромосомалар екіге бөлінеді: Аутосомалар және Жыныстық хромосомалар. Жыныстық хромосомалардың белгілі бір жыныстық дамуына қатысы болғандықтан оларды жыныстық хромосомалар деп атайды, олар Х және У хромосомалар. Жыныс хромосомаларының өзара және басқа хромосомалардан айырмашылығы болғандықтан, мейоз кезіндеде олар өздеріне тән ерекшеліктер көрсетеді. ДНҚ репликациясы. ДНҚ молекуласының ең маңызды қасиеттерінің бірі - оның өздігінен екі еселенуі (репликациялануы) болып саналады. ДНҚ репликациялануы салдарынан тұқым қуалаушылық ақпарат ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріссіз, тепе-тең мөлшерде беріліп, ұрпақтардың жалғасуын қамтамасыз етеді. ДНҚ репликациясы клетка циклының S – синтетикалық кезеңінде жүреді. ДНҚ молекуласының репликациялану қасиеті 1953 ж. Дж. Уотсон және Ф. Криктің ДНҚ молекуласының құрылысының қос спиральді болатындығын анықтағаннан кейін белгілі болды. ДНҚ репликациясы матрицалық (қалыптық) процес, яғни ДНҚ-ның жаңа тізбегі матрицалық ДНҚ молекуласының бір жіпшесі негізінде (матрица) комплементарлық принциппен синтезделінеді, яғни аденинге тимин А→Т, гуанинге цитозин Г→Ц қосылады. ДНҚ синтезі (репликациясы) симметриялы болады, яғни матрица қызметін аналық ДНҚ молекуласының екі тізбегі де атқара береді. Сондықтан оны жартылай консервативті деп те атайды. Себебі жаңадан синтезделген ДНҚ молекуласы жартылай жаңарған болады, яғни оның бір тізбегі ескі – аналық молекуладан алынған (матрица), екіншісі жаңадан синтезделген болады. ДНҚ репликациясын аяқтаушы ферменттер. Жоғарыда аталған ферменттер кешені қызметтері нәтижесінде жаңадан синтезделінген әрбір тізбектер бір-бірімен тығыз орналасқан көптеген фрагменттерден тұрады. Көршілес фрагменттердің бір-біріне жалғануы ДНҚ-лигаза (Л) ферменттері арқылы жүреді. ДНҚ-полимераза ферменттері сияқты ДНҚ-лигазалар да нуклеотидтерді фосфодиэфирлік байланыс арқылы байланыстырады. Осылайша ДНҚ молекуласының негізгі бөлігі репликацияланады, ал оның ұштары, яғни теломералық учаскелері, ерекше жолмен репликацияланады. Бұл процеске ерекше ферменттер теломеразалар қатынасады.

12. Мембрананың құрамына қатынасуы. Осы ферменттердің түрлерге бөлінуі. Биологиялық мембрана – клетканы қоршаған ортадан бөліп тұрады және клетканың ішкі аймақтарын (бөліктерге) компартменттерге бөледі. Компартменттерде химиялық реакциялар және метаболизм процестері жүреді. Клеткада, кейбір химиялық процестер тек қана мембраналарда жүреді. Биологиялық мембраналардың өткізгіштігі олардың маңызды қасиеті болып табылады. Ол клеткаға және клеткадан түрлі метаболиттерді (аминқышқылдары,канттар,иондар және т.б) өткізеді. Биологиялық мембраналардың өткізгіштігі клетка құрамын тұрақтылығын ұстау және осморегуляция үшін өте маңызды болып келеді. Сонымен қатарклетканың құрамын физико-химиялық гемеостазын ұстау үшін,генерацияда және нерв импульсін жеткізу үшін,клетканы энергиямен қамтамасыз ету,сенсорлық механизмдер және т.б тіршілік процестерінде.Биологиялық мембрананың өткізгіштігі биологиялық мембрананың құрылыс ерекшеліктеріне байланысты,яғни ол клетка және орта арасында осмостық барьер болып келеді. Биологиялық мембрананың негізгі қызметінің біреуі – бұл тасымалдау болып табылады. Белсенді тасымалдану, энергияны қажет етеді, ал белсенсіз тасымалдану, энергияны қажет етпейді. Плазмалық мембрана арқылы тасымалданудың қарапайым түрі: осмос және су диффузиясы. Биологиялық мембрана — аса күрделі құрылымды зат. Оның құрамында ферменттік белоктар, ерекше рецепторлар, электрондарды тасымалдаушы, энергияны өңдеуші құрылымдар сонымен қатар гликопротеиндер мен гликолипидтер болады. Мембраналық белоктардың көпшілігі мембрананы тесіп өтіп орналасса, ал кейбірі оған жартылай ғана еніп немесе жанасып жатады. Мембраналық белоктар түрлі қызмет (мысалы, гликопротеиндер антиген рөлін) атқарады. Кейбір химиялық реакциялар (мысалы, хлоропластарда жүретін фотосинтездің жарық реакциялары немесе митохондриидағы тотыға фосфорлану процесі) биологиялық мембрананың өзінде жүреді. Сондай-ақ, биологиялық мембрана жасушаны қоршап, сыртқы ортадан оқшаулауы арқылы жасушаның морфологиялық тұтастығын сақтайды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных