Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Судың мембрана арқылы тасымалдануы қалай жүзеге асады?




Судың мембаран арқылы өту диффузиясы – осмос. Ол аквапориндер деп аталатын белоктар арқылы жүреді. Мембрана тірі жүйені қоршап тұрады. Таңдамалы өткізгіштік әр түрлі субстрат пен иондар тасымалдануын каналдар мен насос арқылы іске асырады. Диффузияның екі түрі бар: жай және жеңілдетілген. Жай диффузия түрінде судың мембаран арқылы транспорты өте баяу. Судың тасымалдануын керек ететін ұлпалар үшін арнвһайы белоктар бар. Аквапориндер – су каналдары. Сүтқоректілерде 13 аквапориндер табылған. Қызметі: әр түрлі мүшелерге суды тасымалдау қызметтерін атқарады. Аквапориндердің барлық мономері тәуелсіз су каналдары ретінде қызмет атқарады.Биомембрананың атқаратын қызметін түсіну үшін, оның құрылысын қарастырайық. Әрбір биомембрананың негізгі құрылыс элементі — фосфолипидтер. Фосфолипидті қос қабатты (биқабатты) мембрананың негізгі қасиеттері Ол арқылы су және гидрофильді заттар өтпейді, ал гидрофобты заттар оңай өтеді. Биомембрананың фосфолипидті мембранадан ерекшелігі — фосфолипидті мембранада сигналдарды қабылдау және заттарды тасымалдау қызметін атқаратын ерекше нәруыздардың болуына байланысты.Плазмалемма - Клетканың ішкі мембраналарына қарағанда плазмалемма холестерипке бай. Плазмалемманың бір ерекшелігі оның сыртында көмірсулардан тұратын гликокаликс қабаты орналасады. Бұл қабаттың қалындығы 3—4 нм-дей болады. Плазмалемма негізгі атқаратын қызметі: қорғаныштық, өткізгіштік және тасымалдаушы. Тасымалдаушы плазмалемма сулардың, иондардың және молекулалардың сыртқы ортадан жасушаға өтуін және кері өтуін реттеп отырады. Плазмалемманың тасымалдаушы қызметі -Үлкен молекулалар жай өтеді де, кіші молекулалар жылдам өтеді. Ең жылдам өтетін су және оның құрамындағы ерітінділер екен. Егер эритроцитті өзінің цитоплазмасынан гөрі шоғырлануы аз тұзды ерітіндіге салсақ, онда сыртқы ортадан су жасушаға көп енеді де жасушаның көлемі өсіп, оның сыртқы мембранасы жарылып кетеді. Керісінше, егер эритроцитті шоғырлануы көп тұзды суға салсақ, онда жасушадағы су бөлініп шығады да, ол қабысып, жиырылып қалады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных