Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Рал ретінде пайдалану




Қазіргі кезде Ресей Федерациясында жаңа ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды тек ғылыми зерттеулер мен әр түрлі әлеуметтік, экономикалық және саяси процестерді басқаруда ғана емес, білім жүйесінде де кең қолданыла бастады. Ақпараттық технологиялар мен компьютерлік желілерді пайдалану арқылы жүргізілетін оқытудың жаңа формаларының ауқымы кеңейіп келеді. «Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қазіргі оқыту жүйесінде кеңінен пайдаланылу кезеңінде білім мекемелері негізінде білікті мамандардан, ақпараттық құралдар кешенінен, құжаттар айналымынан, мәліметтер базасынан және басқа да ақпараттық қамтамасыз ету элементтерінен тұратын біртұтас жүйе құру қажеттілігі туындайды. Осындай жүйе құру кезінде, бір жағынан, ол уақыт барысында тұрақты өзгеріп отыратын обьект екенін, екінші жағынан, мұндай жүйе білім мекемесінің барлық жұмыс түрлерін (оқу процесі, басқару, ғылыми зерттеу) сүйемелдеуді қамтамасыз ете алатынын есепке алып отыру керек».

Жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды білім жүйесінде пайдаланғанда, есепке алынатын ең негізгі адам фактор болуы тиіс. Қоғамның қалыптасуы мен дамуы негізінде адам тұрғандықтан, білім берудің де негізгі қағидасы ретінде жеке тұлғаның, көзкарасының өз потенциалын дамытуына керекті жағдай жасалуы тиіс. Жеке тұлға тіршілігінің кәсіби жағының өзі нақты өмірде кездесетін адамзат болмысының барлық онтологиялық деңгейлерінің аналогияларын қамтиды.

Шынында да, қазіргі ғылымда адам потенциалы иерархиясына, яғни даму деңгейлеріне көп көңіл бөлінеді.Осы иерархияның ең алғашқы жалпы және іргелі деңгейі болып оның биологиялық потенциалы есептеледі, ол адамның қоректену өнімдерінен алып пайдаланатын энергиясының бір бөлігі болып саналады. Екінші деңгей – индивидтің психикалық потенциалы, ол оның психикалық әрекеті аймағында жүзеге асыратын биологиялық потенциалының тағы бір бөлігі болып табылады. Үшінші деңгей – адамның күннен күнге күрделіленіп бара жатқан қоршаған ортамен өзара қарым – қатынасы арқылы анықталады, ол алдымен қоғаммен қарым – қатынас, яғни жеке тұлғалық потенциал ретінде қарастырылады. Ең соңғы потенциал түрі психикалық потенциалдан өз құрылымы мен көлемі арқылы ғана өзгешелеу болады, сондықтан оны соның бір бөлшегі деп қарай аламыз.

Жеке тұлғалық потенциал адамның кәсіби өмірінде қалыптасып, жұмысында толық көріне алады. Оның мазмұндық және сапалық деңгейлері индивидтің биологиялық жағынан, жеке тұлға ретінде әлеуметтік жағынан жетілгендігін және де бұдан былай оның жеке мәдени – тарихи көзқарасының да толық қалыптасқанын көрсете алады.

«Кәсіби потенциал, – дейді И.П. Маноха, – ол жеке тұлғаның өз мамандыығн, әлеуметтік әрекеттерін, «өмірлік шаруасын» жүзеге асыру процесінде өзі жасайтын, болашақта мүмкін болатын «мен» деген ұғымының әр деңгейдегі және көп қырлы түрде дамуы. Кәсіби потенциал – ол жеке тұлғаның бүкіл әлемге деген болмыстық кәсіби көзқарасының және жалпы өмірге деген қатынастарының даму деңгейі».

Жеке тұлғаның кәсіби потенциалының қалыптасуы жоғары оқу орындарында қолданылатын жаңа ақпараттық технологияларға байланысты керекті бағытта тиімді түрде өзгеруі мүмкін. Жоғары білім жүйесі үшін – адамның қалыптасуы, дамуы, яғни алған білімі оның жеке тұлға ретінде қоршаған әлемді түсініп сезуінсіз мүмкін бола алмайды деген әдістемелік тезистің маңызы зор. Осы тұжырымнан шығатын қорытынды адамның жоғары білім алу процесінде оның биологиялық, психикалық және адам ретіндегі жеке тұлғалық потенциалдарын есепке алып отыру керек.

Жоғары білім жүйесіндегі қазіргі кезеңдегі оқыту процесінде мүмкіндіктері адам потенциалымен қанаттас бола алатын жаңа ақпараттық технологиялар рөлі артып келеді. Жоғары білім жүйесіндегі оқыту процесіне ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды енгізу мынадай факторларды есепке ала отырып жүргізілуі тиіс:

1. Динамикалық обьектілер немесе технологиялық процестерді басқаруға, техникалық жүйелерді жобалауға, экономикалық ұйымдастыру және саяси жұмыстарға байланысты мамандықтар түрлерін үйрету.

2. Әртүрлі жеке – дара ерекшеліктері бар адамдарды оқыту қажеттілігі (қалыпты тұрақтылық жағдайында, басымдық танытатын сенсор каналдары бар, адам жадының қалыптан ауытқу жағдайлары болуы және т.б).

3. Білім жүйелері мен оқыту технологияларында адамзат цивилизациясы жинақтаған әлем кітапханаларында бар білім қорын пайдалану қажеттілігі.

Білім алатын мекемелерде көбінесе жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану ескі схемамен жүргізіледі. Бірақ бұрынғы оқу процесіне қарапайым түрде компьютерді енгізіп қоя салыу, ол бір төңкеріс жасайды – ау деп күтуге болмайды. Оқу процесінің дәстүрлі емес жаңа концепциясы енгізіліп, оның қуатты оқу құралы ретінде компьютер және ақпараттық технологиялар тұруы тиіс. Шетелдік басылымдарда айтылып жүрген ақпарат өңдеу ісіне компьютерлік тәсілдер енгізу үшін жаңа білім концепцияларын қолдануды негізге алу ісі кездейсоқ нәрсе емес. Оның негізгі мақсаты индустриалдық өндіріс кезеңінде білім, біліктілік және дағдыларды жылдам игеріп, кәсіби функцияларды атқару үшін осындай жаңа технологиялар қажет болады. Сайп келгенде, бұрынғы дәстүрлі білім және тәрбие концепциясы жаңа ақпараттық қоғам талаптарынасай бола алмайды.

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.

Оқушылардың ақпараттық технологиялар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, жаңа жағдайда психикалық функциялардың басқа жақтары да: қабылдау, есте сақтау, т.б. да қайта қарастырылуы тиіс. Осының бәрі жаңа ақпараттық және педагогикалық технологиялар жасау саласында, білім парадигмасын құруда тың инновациялық жұмыстар жүргізуді талап етеді.

Ғылымға, экономикаға, өндіріске ақпараттық процестерді енгізу ісін жоғары қарқынмен жүргізу үшін қазіргі ақпараттық технологияларға негізделген білім жүйесінің жаңа моделін құру қажет. Адамның өз шығармашылық потенциалын толық аша алатындай, өз мүмкіндіктерін дамытып, өз білімін үздіксіз шыңдай алатындай жағдай жасалуы тиіс.

Кез-келген оқыту түрінен, оның ішінде қашықтан оқыту ісінің тиімділігі мынадай факторларға тығыз байланысты болады, олар: оқуды ұйымдастыру технологиясы, оның техникалық базасы, жасалған әдістемелік материалдардың тиімділігі. Осындай да атқарылып жатқан жұмыстар бұрыннан да болған сияқты болып көрінеді.Әрине, автоматтандырылған оқыту түрі де осылай басталған. Автамат-тандырылған оқыту ісіндегі теориялық бастамаларды қазіргі кездегі компьютерлік оқыту тәсілдерінде де қолдану қажет, бірақ мұнда техника мен телекоммуникациялық байланыстардың жаңа дидактикалық мүмкіндіктерін есепке алып отыру керек. Компьютерлік оқыту программалары мен жаңа ақпараттық білім құралдарын жасау және пайдалану қазіргі оқыту технологиялары мен бірге қолданып, біте қайнасуы шарт.

Қазіргі технологиялар ақпараттың кез келген көлемін орналастырудың, сақтаудың, өңдеудің және кез келген қашықтықтарға тасымалдаудың шексіз мүмкіндіктерін береді.

Осындай кезде мамандар даярлаудағы алғашқы сатыға олардың өздігінен білім алуына бағытталағн шараларды ұйымдастыру ісі шығады. Қазіргі технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өздігінен оқып үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор.Мұндағы айтып отырғанымыз – оқытуға арналған материалдың мазмұнын таңдау ғана емес, оқытылатын материалдың құрылымдық жағынан ұйымдасты-рылуы; оқытуға автоматтандырылған оқыту программаларын енгізу ғана емес, интерактивті ақпараттық орта жасау және барлық танымдық процестердің өзара байланысып, біртұтас қызмет істеуі және соларды басқара білу болып табылады. Басқаша айтқанда, оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену процесін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланылатын материалдардың дидактикалық сапасына тәуелді болады.

Осындай оңай іске аса қоймайтын мәселелерді шешу педагогттардың күннен күнге тасқындап бара жатқан ақпараттқ ағынының көбеюі кезінде мәліметтерді бейнелеу, іздеу және өңдеу тәсілдерінің қазіргі деңгейінде жұмыс істей білуіне дайындығына байланысты болып отыр. Педагогтардың жаңа ақпараттық кеңістікте жұмысқа дайын болуы, олардың көзқарастарының алдыңғы сатыға көтерілуі – білім беру ісінің жаңа формалары мен технологияларын жасау мен соларды өмірге енуінің басты шарты болуы тиіс.

Кез келген ғылым өз саласында қолданылатын термодинамикалық аппаратқа көп көңіл бөлуі қажет. Ақпараттық технологиялар өте тез дамып келеді. Бір жағынан, ол көптеген түсініктердің тұрақты бола алмауын көрсетсе,екінші жағынан, осындай динамизм бұрынғы тұрақты деп саналатын түсініктерді қайта қарап, соларды толықтыруды талап етеді. Білім саласындағы ақпараттық технологияларды қарастыру кезде ғылым тілінің осындай проблемалары өте өзекті мәселеге айналып отыр.

Енді жиі пайдаланылатын бірсыпыра түсініктердің мағынасын ашуға тырысайық, олар: оқыту технологиялары; оқытудың қазіргі ақпараттық технологиялары; оқытудың интерактивті режимі; оқытудың компьютерлік технологиялары; мультимедиа технологиялар; ақпараттық білім ортасына байланысты түсініктердің әр түрлері.


Тарау III






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных