Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Шала өткізгішті диод туралы түсініктеме




 

Жылулық қозғалыстың салдарынан негізгі емес заряд тасымалдаушылар (р-облысының электронды және п-облысының кемтіктері) р-п ауысуының электр өрісі ықпалына түседі. Р-п ауысуының өрісі күштердің әсерінен туатын негізгі емес заряд тасушылар қозғалысы негізгі заряд тасушылардың диффузиялық тоғының бағытына қарсы бағытта жүреді де, дрейфтік немесе жылулық тоғы пайда болады. Сыртқы электр өрісі болмаған кезде дрейфтік ток диффузиялық тоқпен теңеседі де, р-п ауысуы арқылы өтетін қосынды тоқ 0-ге тең болады. Шала өткізгішті диод – біреуі электронды өткізгіштегі (п-тектес), ал екіншісі – кемтік өткізгіштегі (р-тектес) бар екі шала өткізгіштердің түйіспелік қосылысы болып табылады.

Шала өткізгіште электрондардың үлкен концентрациясы (шоғырлануы) болуы нәтижесінде олар бірінші шала өткізгіштен екінші шала өткізгішке қарай диффузия жасап өтеді, дәл осындай кемтіктер де диффузия жасайды, сөйтіп п-тектес шала өткізгіштің жұқа шекаралық қабатында теріс заряд пайда болады. Осы екі қабат арасында потенциал-дар айырмасы (потенциалдық тосқауыл) пайда болады және кемтіктер мен электрондардың бір шала өткізгіштен екіншісіне диффузия жасауына кедергі болатын кернеулігі Еn электр өрісі туады, сөйтіп екі шала өткізгіштің шекарасында заряд тасушылардан (электрондар мен кемтіктерден) айырылған және үлкен кедергісі бар жұқа қабат пайда болады. Бұл қабат жапқыш қабат немесе р-п асуы деп аталады. Қоректендіру көзінің қысқышын п-тектес шала өткізгіштің металл электродымен, ал теріс таңбалы қысқышын р-тектес шала өткізгіштің электродымен қоссақ, р-п ауысуы өрісімен Еn бағыттас болатын оны күшейтетін сыртқы электр өрісін Ес аламыз. Мұндай өріс жапқыш арқылы негізгі заряд тасушылардың өтуіне бұрынғыдан да үлкен бөгет жасайды және диод арқылы негізгі емес заряд тасушылар есебінен пайда болатын кері ток () жүреді. Диодтың кері тоғы температураға айтарлықтац тәуелді болады, температура өскен кезде ол да өседі.

Туннельдік диод жасағанда р-аймағында да, қосындылаушы қоспалар өте үлкен концентрациямен енгізіледі (жай диодтан 2-3 есе үлкен), осы себептен р-п өткелінің қалыңдығы өте жұқа болады және ауысу ішінде жоғары кернеулікті электр өрісі пайда болады. Өте жоғарғы жиіліктер облысында жұмыс істеу үшін көбінесе конфигурационалды аспап (күшейту, өндіру, генерациялау және т.б. үшін) туннельдік диод қолданылады.

Туннельдік диодты вольт амперлік сипаттамасы р-облысында қосындылау оның негізгі параметрлері максимал және минимал ток пен кернеуі, U3 ашылу кернеуі. I2=U3 С-ауысу (өтпелі) мен кернеу сыйымдылығы Iшыңы=0.1÷1000мА

Туннельдік диод өтетін I=Iтуннель+Iдиод; Iт= Iп-Iр; IА=Iдиф-Iдрейф.

Варикап- деп сыйымдылықты электрлік басқаруға арналған элемент және р-п өтпелінің сыйымдылығы кері кернеуге байланысты қолданылатын шала өткізгішті диодты айтады. Вари-кап жасауға көбінесе Si шала өткізгіші қолданылады. Варикаптың сыйымды-лығының кері кернеуге байланысты-лығы (3,13.а-сурет).

Айналдырылған диод деп-электрлік өткізгіштігі кері кернеуге туннельдік эффектінің әсерінен тура кернеуге қарағанда біршама көп болатын, аз қоспалы жартылай өткізгіш негізінде кіретін диодты айтады. Айналдырылған диод, туннельдік диодтың түріне сәйкес келеді, оның шындық тогы 0 тең -қисық. :

 

 

Сондықтан, айналдырылған диод аз кереулік аймағына вентильдік қасиеті болады, ондай қасиет түзеткіш диодтарда болмайды.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных