Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Микроэем-де ақпаратпен алмасу




МикроЭЕМ сыртқы орта мен шеткі құрылғылар арқылы өзара әрекеттеседі. Жиі пайдаланатын мұндай құрылғыларға телетайптар, аналогты-цифрлық және цифрлық аналогты түрлендіргіштер, дисплейлер, магниттік таспа мен магниттік дискілердегі жинағыштар, дискретті сигналдарды ендіру-шығару порттары, т.б. жатады.

Микропроцессорды кез келген микропроцессорлық жүйеге қосу үшін біріңғай принципті және оның жүйенің басқа құрылғылармен үйлесім құралдарын тағайындау қажет. Осы мақсаттар үшін унификацияланған интерфейс пайдаланылады, ол микропроцессорлық жүйенің құрылғыларының өзара әрекеттесуінің біріңғай приципін тағайындайтын ережелер жиынтығын білдіреді. Интерфейс құрамына қосудың апаратуралық құралдары, байланыс номенклатурасы мен сипаты, интерфейс сигналдары мен олардың уақытша диаграммасының сипатын білдіретін, сондай-ақ сигналдардың электрофизикалық параметрлерін көрсететін программалық құралдар кіреді.

Ендіру-щығару интерфейсі үшін төрт функция тән: ақпаратты буферлеу; адресті дешифрлау не құрылғыны таңдау; команданы дешифрлау; синхронды және басқару. Буферлеу процессор мен шеткі құрылғылардың арасындағы дерек алмасуды синхрондау үшін қажет. Адресті дешифрлау бірнеше шеткі құрылғылады пайдаланатын жүйелерде ендіру-шығарудың нақты құрылғыларын таңдауға қажет. Команданы дешифрлаудан басқа, айталық таспаны кері орау сияқты басқа да құрылғылар үшін қажет. Жоғарыдағы функциялардың кез келгенін жүзеге асыру үшін процестерді синхрондау және басқару қажет.

ҮИС пен олардың негізінде құрылғыларды жобалау кезінде әртүрлі тораптардың арасында тармақты байланыстарды орнатудың күрделілігі байланысты электрондық тораптардың кірісі мен шығысы қосылатын магистралдық құрылымын жасауға әрі кең таратуға мүмкіндік береді.

Микропроцессорлық жүйенің біртұтас ақпараттың магистралы адрестердің, басқару сигналдары мен деректердің, ақпараттық шиналардың бардық құрылғыларын өзара байланыстырады. Адрес пен дерек алмасу көбінесе уақыт бөліну режимінде шиналардың бір тобы бойынша жүзеге асырылады.

Адрес шинасы. Қарапайым микропроцессорлық жүйеде тек микропроцессор ғана жүйеге берілетін ақпаратың адресін бере алады. Сол себептен адрестер шинасы бір бағытты. Микропроцессор адрес кодының сигналын тудырады, ал адрестер шинасына қосылатын басқа құрылғылар адрес кодын танудың микрооперациясын үздіксіз орындай отырып, оларды тек қабылдайды. Адрестер шиналары желісінің саны берілетін адрес кодының разрядығымен дәл келеді. Олардың барлығы да жад ұяшықтарының адресіне не енгізу-шығару құрылғыларының деректер регистрінің адресіне жатады.

Деректер шинасы. Микропроцессор, ЖЕСҚ, СЕСҚ, дисплей қабылдап не бере алады. Басқа құрылғылар деректерді тек қабылдап немесе шығарып бере алады. Жүйенің барлық қажетті байланысын қамтамасыз ету қажеттігіне байланысты деректер шинасы қос бағытта болады. Оның разрядтығы микропроцессордың разрядтығымен анықталып, 2, 4, 8, 16, 32 битке тең болады. Егер микропроцессорда деректер қос разряды программа бойынша өңделсе, онда қос сөз циклде жіберіледі, яғни бұл жағдайда мерзімдік мультиплексирлеу байқалады. Ол адрестер мен деректердің жалпы шинасын пайдаланғанда да қолданылады.

Басқару сигналдарының шинасы. Микропроцессор, сонымен бірге ендіру-шығару құрылғыларының кейбірі құрылғы атқаратын операцияның түрін анықтауға және синхрондауға арналаған басқару сигналдарының шиналарын түзетін желі жиынымен беріледі. Электрондық жүйедегі барлық басқару сигналдары синхрондаудың жүйелік сигналдарымен келісілсін. Олар ҮИС-нің барлық ішкі кристалдарының жүйе, блок пен тораптарының әртүрлі құрылғыларының жұмысының басын және ретін көрсетеді. Синхрондалатын импульстердің негізгі ретін тағайындау үшін, әдетте сыртқы кварц не сол негіздегі генератор пайдаланылады. Микропроцессор беретін синхрондау сигналдары бір фазалы, кейде екі фазалы болып келеді.

Әр микропроцессорда өзіне тән бірегей басқару сигналдар жүйесі болады. Дегенмен, барлық микропроцессорларда ортақ сигналдар да бар, олардың ішінде, мысалы СБРОС (тастау) кірістік сигналы бар, ол микропроцессордың барлық ішкі регистрлерін босатып, команда санауышын – программа командасының орындалу ретін анықтайтын торапты, программаның бірінщі командасы жазылатын адресті бастапқы мәнін толтыруға әкеледі.

Микропроцессордың маңызды басқару функциясы жүйедегі деректер ағынының бағытын анықтау. Микропроцессор жадтан команда сөзін оларды оқу кезінде шақырады, ол үшін жадтан операндтарды не сыртқы құрылғылардан жаңа деректерді шақыра отырып, операция нәтижесін жадқа жаза алады, не болмаса деректер шоғын қалыптасырып, оларды сыртқы құрылғыларға шығару ғажеттігін анықтайды. Микропроцессор деректерді қайсыбір құрылғыға жібергенде, деректерді жазу операциясы өтеді, ал деректерді қайсібір құрылғылардан алған кезде, онда ол бұл құрылғының ақпараттың регистрінен деректерді санайды да, оларды оқу операциясын орындайды. Беріліс бағытын деректер шинасымен беру үшін, микропроцессор ОҚУ/ЖАЗУ сигналдарын тудырады, олар басқару шинасы желілерінің бірімен беріледі.

Деректерді ендіру-шығару құрылғыларның қайсыбірінің ерекшелігі мынада: микропроцессор құрылғымен байланысты дер кезінде жүзеге асырмаса, онда ақпарат жоғалтып кетуі ықтимал. Сол себепті бұр құрылғылар микропроцессордың өз күйінің дайындығын айқындайтындай ПРОЦЕССОРДЫ ҮЗУДІ СҰРАУ сигналын тудырады. Егер сұрау қабылданса, онда микропроцессор жүйені ҮЗУ СҰРАУЫ ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛАДЫ деген жауап сигналмен хабардар етеді. Ендіру-шығару құрылғысы мен микропроцессордың жұмысының әртүрлі шапшаңдығы сыртқы құрылғыдағы деректерді дайындау кезінде процессорды уақытша тоқтатуға мәжбүр етеді. Ол үшін микропроцессордың «КҮТУ» жұмыс режимін пайдаланылады, ол ДЕРЕКТЕР ӘЗІР (ДЕРЕКТЕР ӘЗІР ЕМЕС) сыртқы сигналмен анықталады. Басқару шинасы бойынша барлығы онда жуық, кейде одан да көп, әртүрлі басқару сигналдары беріледі.

Егер интерфейстің бір түрінен басқасына өту қажет болса, онда интерфейс контроллері түріндегі арнаулы аппартура жабдығы пайдаланылады. Барлық МП-лар параллель түрде берілген цифрлық деректерді өңдейді. Бұл жағдайда деректердің сөздер разряды бір мезгілде ақпараттың шинамен беріледі де, микропроцессорлардың арифметикалық-логикалық блогының барлық разрядына параллель өңделеді, сол себепті электрондық жүйе ішінде де барлық деректерді беру де параллель форматта орындалады. Электрондық жүйелердің шеткі бөлігінде ақпараттық сигналдардың әртүрлі форматтары болуы ықтимал, оның ішінде негізгілері аналогтық және ретті цифрлық болып табылады. Аналогтық-цифрлық және цифрлық-аналогтық ҮИС түріндегі түрлендіргіштер аналогтық сигналдарды түрлендіру есебін параллеь кодты және керісінше шешеді. Бұл түрлендіргіштердің басқарушы құралдарын дамыту, олардың интерфейсін МП-мен оңайлатып қана қоймай, қосымша аппаратралық құралдарсыз-ақ тура қосуды іс жүзінде қамтамасыз етеді. Цифрлық ретті форматтағы деректер бір ақпараттық желі бойынша беріледі, бұл жүйенің шеткі бөлігіндегі байланыс санын тез әрекетті шеткі құрылғымен байланыс болмаған кезінде орындалады. Бұл деректер МП-ға бірден ендіріледі, демек МП мен сыртқы құрылғыларының сәйкес үйлестіру арқылы деректерді түрлендіру форматтары мен қабылдаудың программалық модульдерін жасау қажет. Уақытша шағын мен төмен тиімділікті болдырмас үшін, деректер форматтың арнайы ҮИС контроллер- түрлендіргіштерін пайдалану негізінде деректердің енгізу-шығару жүйесінің аппаратуралық жүзеге асырылуына көшкен жөн. Бұл әдіс асинхронды қабылдау-беру деген атауға ие болған.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных