Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Экономика қоғам өмірінің саласы ретінде.




Экономикалық теорияның құрылымында бұл тақырыптың алатын орны ерекше. Өйткені бұл тақырып біз зерттеп танысатын курс үшін ерекше методологиялық кіріспе болып табылады. Мұнда экономикалық теория нені зерттеп талдайды, бұл үшін қандай әдістер пайдаланылады, оның қоғам дамуында атқаратын рөлі қандай және т.б. маңызды мәселелер анықталады.

Бүгінгі адам, егер ол қоғамдық дамудың заңдарын зерттеп түсінбесе, экономикалық теорияны меңгермесе, ол адам өзін білім мен мәдениетке қол жеткіздім деп айта алмайды. Қандай ғылым болмасын, ол адамдардың табиғатпен, қоғаммен, бұлардың өзара әсер етуімен байланысты мәселелерді шешуге бейімделген мақсатты талаптарының (әрекеттерінің) нәтижесінде пайда болады. Бұны толығынан экономиканы зерттейтін ғылым кешеніне жатқызуға болады.

Адамдар көне заманнан бастап адамзат қоғамының дамуы немен байланысты, экономика қандай заңдармен дамиды деген сұрақтарға жауап іздеген. Адамдар өмірі құбылмалы, күрделі және қайшылығы мол өмір. Бұл өмір экономиканы, саясатты, мәдениетті және т.б. қамтиды. Қоғам өмірінің әр салаларын жекелеген ғылымдар зерттейді. Экономикалық ғылым осылардың біреуі болып табылады.

Тұңғыш экономикалық ой-пікірлер көне заманда пайда болған. Ертедегі Греция, Рим, Қытай, Индия ғалым-философтары экономиканың жекелеген мәселелерін: бағанын негізінде не жатады, байлық қалай көбейеді, т.б. шешуге талаптанған. Ксенофонт (б.д.д. 430—354 жж.), Платон (б.д.д. 427—347 жж.), Аристотель (б.д.д. 384—322 жж.) пайдалылық туралы экономикалық теорияның бастапқы принциптерін анықтаумен айналысқан. Көне Рим ойшылдары Сенека (4—65 б.д.д. жж.), Лукреций Кар (39~55 б.д.д. жж.) құлиеленушіліктің құлдырап күйреуінің экономикалық себептерін зерттеген. Осының басты себебі материалдық ынтаның болмауы, дейді олар Сенеканың көзқарастары христианствоның экономикалық концепцияларының қалыптасуына ықпал еткен. Осы концепциялар соңынан адамзат дамуының тарихи процесінде шаруашылық өмірге көзқарасты мүлде өзгертеді.

"Егер кімде-кім еңбек еткісі келмесе, ол тамақ жемесін" деп, христиандық ойшылдар және уағызшылар жабайы шаруашылық еңбекті қажетті және киелі іс деп жариялаған. Христиандық ілім әділетті баға белгілеу принципін дәлелдейді, еңбек шығындарымен есептесе отырып, мүліктер индивидуалдық емес, әлеуметтік бағаланғаны жөн дейді.Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікірлер ғылым болып қалыптаспаған болатын. Сол замандардың ойшылдары экономикалық құбылыстарды жалпы қоғам өмірінің процестерінен бөліп алып жеке талдаған жоқ, экономика туралы ілімді жүйеге келтіріп қалыптастыра алмаған.

Экономикалық теория қолданбалы ғылым болып шаруашылық жүргізуде құлиемдену құрылыста пайда болды. Экономикалық теория ғылым болып тек ХVІ-ХVІІ ғасырларда ғана қалыптасады. Алғаш бұл теория "саяси экономия" деген атқа ие болды (грекше: "политейя"— қоғам, "ойкос"— үй, шаруашылық, "номос" — заң). Сонымен. саяси экономия — қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым болып табылады. XVII ғ. басында саяси экономия дербес ғылымға айналды.

Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағат-тандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым.

Экономикалық ойлау адамзат қағамының құрдасы болып табылады. Оның алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады.

Ең алғаш рет б.д.д. III- ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше нұсқаулары дүниеге келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттейді. Бірақ бұл ғалымдар экономикалық ілімді дербес бір тұтас жүйеге айналдыра алмады. Экономика деген гректің сөзі, сөзбе сөз аударғанда «үй шаруашылығын жүргізудің өнері» деген мағынаны білдіреді.

Қазір оның мазмұны айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Шаруашылық тек отбасы төңірегінде емес, сондай ақ аймақ, ел, әлемдік шеңберде жүргізіліп, басқарылатын болды және тек теориялық белгілеріне ғана емес, сондай ақ өндірістік белгілеріне байланысты (фирма, кәсіпорын, сала) ұйымдастырылатын болды.

Экономикалық теория дербес ғылым болып XVI­XVII ғасырларда тауар – ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады.
Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.

Меркантилизм – Ең алғаш экономикалық ілім XVI­XVII ғасырларда меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда). Бүл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материялдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды.

Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға болады деді. Демек меркантелистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков.

Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді.
«Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.

Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.

а) Марксизм – (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің негізгі нысаны – капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К.Маркс қоғамды екі топқа бөлу арқылы барлық экономикалық құбылыстар да талданды. Қосымша құнның теория мағынасы өндірісте пролетариаттың қаналуы арқылы көрініс тапты.

б) Маржинализм – (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л.Вальрос математикалық мектептін негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған, оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау.

Неоклассикалық теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д.Кларк, А.Маршалл, А.Пигу). Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік бірлесе өте жақсы қызмет атқарған болар еді деп есептеді.

Кейнсиандық мектеп – ХХ ғасыр (Дж.Кейнс). Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің араласуының қажеттілігін айқындады.

Институционализм – ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғы (Т.Веблен, У.Митчел, М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гэлбрейт және т.б.). Экономикалық дамудың сипатын құрайтын тек нарық емес, ол – экономикалық институттардың барлық жүйесі. Бұл бағыт өкілдері қоғамның жоғары мұратының көрінісіне әлеуметтік бағдарламаларды, индикативтік жоспарлау және басқа да экономикадағы мемлекеттің араласу шараларды жатқызуы.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных