Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оғамдық өндіріс құрылымы.




Адамдар материалдық игіліктерді өндіру үшін қоғамдық өнімнің: өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну секілді барлық сатыларында бір-бірлерімен қатынасқа түседі(2.1-сызба).

Өндіріс - бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс ұғымы жалпы алғанда - бұл абстракция, бірақ ақылға сыйымды абстракция, себебі ол шын мәнінде жалпылама мағынаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.

Бөлу – бұл өндірістік өнімді өндіруге қатысқандардың тиісті үлестерін анықтайтын қоғамдық өндірістің бір кезеңі.

Айырбас – бұл бір жағынан өндірістің, екінші жағынан тұтынушының (бөліс жөнінен келісулері бойынша) үздіксіз байланыстарын қамтамасыз ететін қоғамдық өндірістің тағы бір кезеңі.

Тұтыну – тұтынуды қанағаттандыру процесінде өнімдерді пайдалана білу.

Осынау төрт кезең қоғамдық өндірісте маңызды рөл атқарады. Өнiм айналымы процесiндегi қоғамдық өндiрiстiң осынау төрт кезеңдее атқаратын рөлi әркілы болып келедi. Өндiрiс - өнiмiң шығуын, бөлiнуiн жене айырбасталынуын қамтамасыз етiп өнімді рыноққа шығарып, нақтылы тұтынушыға жеткізеді. Ал тұтыну өндірісті жаңа тапсырыстармен қамтамасыз етеді.

2.1 – сызба. Қоғамдық өндірістің кезеңдері

 

Өндіріс әрдайым тоқтамауы керек. Өндірілген материалдық және рухани игіліктер тұтынылады. Адамдар өмір сүруі үшін, еңбек істеуі үшін тағам өнімдеріне, киімге, тұрғын - үйге және тағы басқаларға ие болу қажет. Қоғам өндірісті бір жылға ғана емес, бір айға тоқтатса, онда оның жойылуы әбден мүмкін. Өндірістің ең басты міндетіне айқындылығына, оның үздіксіздігі және тұрақты түрде түрленуінде. Өндіріс процесінің қоғамдық түрі қандай болмасын ол алдыменен үзіліссіз болуы керек, яғни белгілі бір сатылары кезеңмен қайталанып және қайта қайталанып жүріп отыруы қажет.

Өндіріс процесінің тұрақты қайталануы және үзіліссіз жаңғыруы ұдайы өндіріс деп аталады.

Ұдайы өндірісті екі типке бөліп қарайды:

- жай

- ұлғаймалы.

Өндіріс процесінің көлемі мен ауқымының үзіліссіз өзгермеген күйде жаңалануын жай ұдайы өндіріс дейміз. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануы және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз (2.2-сызба).

2.2 –сызба. Ұдайы өндіріс процесінің құрама бөлігі

 

Жай ұдайы өндірісте өндіріс нәтижесінде алынған қосымша құн өндірушінің өзіндік тұтынуына жұмсалады. Егер қоғам жай ұдайы өндіріс шеңберінен шыға алмайтын күйде болса, онда ол өзінің болашағын «жеп қояды». Демек, оның заттық негізі - алдыңғы циклде жиналған ұлттық байлықты жояды.

Ұлғаймалы ұдайы өндірісте қосымша құнның бір бөлшегі тағы да қажет өндіріс құрал-жабдығы мен жұмыс күшін сатып алуға жұмсалады.

Алғашқы рет қоғамдық ұдайы өндірісті талдау негізін ХVІІІ-ші ғасырдың ортасында физиократтар мектебі («физио» - табиғат, «кратос» - өкімет деген грек сөздерінен тұрады) жүзеге асырды. Оның басты өкілі француз экономисі Франсуа Кенэ (1694-1774 жж.) болды және осы туралы ол өзінің белгілі «Экономикалық кесте» (1758 ж.) еңбегінде баяндады. Мұнда жай қоғамдық ұдайы өндірістің жиынтық өнімі белгілі құнмен қоғамда қалай бөлінетіндегі көрсетілген. Франсуа Кенэ қоғамдағы ұдайы өндіріс байланысының түп тұлғасын жасады. Ол ұдайы өндіріс терминін дүние әкелді.

Қоғамдық ұдайы өндірісті барынша терең әрі жан-жақты талдауды К. Маркс жүзеге асырып жөне оны «Капиталдың» екінші томында баяндады. К. Маркс қоғамдық өндірістің екі бөлімшесінің арасындағы пропорционалдықты қамтамасыз ететін жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс мәселесін шешетін механизмді ашты.

Қоғамдық ұдайы өндіріс мәселесіне ағылшын экономисі Джон Мейнрад Кейнс белгілі дәрежеде мән берді. Өзінің тереңдігімен, ауқымдылығымен дараланған 1929-1933 жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыстан соң, Дж. Кейнс ұлғаймалы өндіріс процесінің бұзылу себептерін ашуға талпынды. Ол экономикалық дағдарыстың басты себебі тұрғындардың төлем қабілетіне сұранымның төмендеуі деп есептеді.

Кейнстік теорияны жалғастырушылардың бірі - ағылшын экономисі Джон Робинсон болып табылады. Оның есептеуінше, ұдайы өндіріс процесінің бұзылуы сұранымның артта қалуымен болады, ал ол қоғамдағы табыстың дұрыс бөлінбеуінен туындайды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных