Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Экономикалық ресурстар және өндірістің негізгі факторлары.




Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесіде бола алады. Адам тамақтану процесінде өзінің тәнін ұдайы өндіреді.

Өнеркәсіп өндірісі жұмыс күшін, шикізат пен материалдарды тұтына отырып, материалдық игіліктерді ұдайы өндіреді. Тұтынусыз - өндіріс процесі жоқ.. Өндіріс процесі тек қана үш факторлардың - адамның жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек кұралдары - өзара іс-әрекеті аркылы (бұл К. Маркс бойынша) жүзеге асуы мүмкін. Бірінші фактор жеке түрде жүзеге асса, екінші мен үшіншісі — өндіріс процесінің заттық факторы ретінде іске асады. Осы жағдайды ескере отырып, К.Маркс былай жазған: «Қоғамдық өндіріс түрлері (нысандары) қаңдайда болмасын - жұмысшы мен өңдіріс құрал-жабдығы үнемі оның факторы болып қалады».

Жұмыс күші - бұл адамның дене жоне рухани кабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктср мсн қызмет көрсетуінде қолданады. Өндіріс процесі жүзеге асуы үшін, жұмыс күші әрбір кезде іс-әрекетте болуы қажет, басқаша айтсақ, тұтынылуы керек.

Қазіргі кезде еңбек затының өзі көп жағдайда бұрынғы еңбектің өнімі болып табылады. Мысалы, машина жасау зауытындағы металл. құрылыстағы цемент, тоқыма фабрикасындағы мақта және т.б. Бұлардың барлығы түптеп келгенде табиғат қорынан алынады. Еңбек құрал-саймаңдары адамның табиғи мүшесінің жалғасы ретінде жүзеге асады және оны еңбек процесінде қолданады.

Еңбек құрал-саймандары бұл әртүрлі механизм мен машина, инструмент пен қажет тетіктер, двигатель, жеткізетін құрылым және т.б. нәрселер. Еңбек құрал-саймандарының даму деңгейі көп жағдайда өндірісте жүзеге асатын адамдардың арасындағы қатынастар көрсеткіші болып табылады. Машина өндірісі жағдайында механикалық еңбек құралдары үш компонентті машина жүйесінде дамыды: жұмыс машинасы, двигатель, жеткізетін құрылым. Ғылыми-техникалық революция бұған жаңа компонентті қосты — электронды басқару құрылымын және ол ой еңбегі қызметінің формалды икемге келетін жұмысын атқарды. Осы компонентті қолдана отырып, жұмыскер жайлап тікелей ендіріс процесінен шығады және онымен қатар тұрады. Нәтижесінде технологияда түбегейлі өзгереді.

Еңбек заты мен құрал-саймандар бірге өндіріс құрал жабдықтарын кұрайды.

Әрбір адам жеке жұмыс істейді, бірақ барлық еңбек процесі ұжымда, қоғамда жүзеге асады. Өндіріс әрқашан қоғамдык сипат алып, оның екі жағы болады: өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар

Өндіргіш күштер - бұл өндіріс құрал жабдықтары, ең алдымен еңбек кұралдары, сонымен қатар материалдық игіліктерді өндіретін адамдар. Адамдар қоғамының басты өндіргіш күші, олар ғана өндіріс құрал-жабдығын іске қосады. Өндіргіш күштерде ерекше орынды жер алады. Кейбір салаларда ол еңбек заты (қазба өндірісінде) ретінде қолданылады, басқасында - басты еңбек құралдары (ауыл шаруашылығы) ретінде.

Келтірілтен өндіріс факторының классификациясы мәңгі қатып қалған болып табылмайды.

Мысалы, маржинализм теориясының топтауынша, төрт өндіріс факторы бар: жер, еңбек, капитал және кәсіпкерлік қабілеттілік.

Жер табиғи фактор ретінде қарастырылады. Бұған табиғат байлықтары, пайдалы қазбалар қоры, орман мен жыртуға жарамды жерлер және т.б. жатады.

Капитал - бұл машина, құрал-жабдықтар, қойма, көлік және байланыс құралдары.

Еңбек адамның ақыл-ой және дене қызметтерін көрсетеді. Адам еңбегі әрқашанда ойланып істелетін, мақсатқа сәйкес қызмет, ал жануарлар соқыр сезімге бағынып әрекет етеді. Ең нашар сәулетшінің, — деп жазды К. Маркс, ең шебер арадан артықшылығы сонда - сәулетші балауыздан ұя салмас бұрын бұл ұяны алдын-ала жобалап алады.

Кәсіпкерлік қабілеттілік - арнайы өндіріс факторы ретінде өндірісті ұйымдастыруда ынталылықты, төзімділікті жөне тәуекелдікті көрсетеді.

Батыстың қазіргі экономикалық теория мектептері, жоғарыда аталған өндіріс факторларынан басқа, ақпараттык, экономикалық және экологиялық факторлардыда қарастырады. Экологаялық фактор экономикалық өсудің импулсы ретінде жүзеге асады. Алайда, оның мүмкіндігі қоршаған ортаның ластануына байланысты шектеледі.

Өндіріс процесінде адамдар бір-бірімен қатынасқа болады. Бірақ, бұл қатынастар әртүрлі болады. Бір жағынан, бұл қатынастар: ұйымдастырушы, адамдарды орналастыру - техникалық-өндірістік қатынастармен байланысты. Екінші жағынан, бұл коғамдық-өндірістік, яғни экономикалық қатынастар. Олар меншік сипатымен, меншік қатынастарымен анықталады.

Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар бір-біріне өзара әсер етеді. Өндіргіш күштердің дамуы өндірістік қатынастардың жетілуіне ықпал етеді.

Өз кезегінде өндірістік қатынастар өндіргіш күштерді тоқтатуы немесе дамытуы мүмкін. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі өндіріс әдісін құрайды. Әрбір өндіріс әдісіне өзінің экономикалық (өндірістік) қатынастары сай келеді.

Өндіріс факторларын пайдалану факторлық табысты әкеледі (кесте 2.1)

 

Кесте 2.1

Өндіріс факторлары мен факторлық табыстар

 

Өндіріс факторлары Факторлық табыстар
еңбек жалақы
капитал пайыз
жер рента
кәсіпкерлік қабілеттілік пайда

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных